Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Қыз балаға мұсылманша аттар

Қыз балаға мұсылманша аттар

Қыз балаға мұсылманша аттар казакша Қыз балаға мұсылманша аттар на казахском языке
А
Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған.
Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді.
Ажар – жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жары, Исмаил пайғамбардың анасы, Зәм-зәм суы берілген ардақты әйел.Аиша (араб.) — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі.
Әлия (араб.) — асқақ, көрнекті.
Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының есімі.
Амира — бұйрық беруші, ханшайым.
Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын.
Асма — биік, ұлы. Аиша анамыздың (оған Алла разы болсын) сіңілсі, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) екінші қызы. Өз заманында ақылдылығымен, жомарттығымен танылған жүз жасаған сахаба әйел.

Д
Диляра — жанды қуантушы, барлығына сүйікті.
Дина — иман келтіруші, сенген, көзі жеткен.
Динара — алтын.
Дания — жақын; танымал, атақты.
Жуайрия – «жария» (қыз) сөзінің кішірейтілген формасы. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі.

З
Замиля — жолсерік, жолдас.
Замина — қамтамасыз етуші, кепілдік беруші, негіз.
Зульфия — бұйра шаштардың иесі; сүйкімді, тартымды.
Зухра — сәулелендіруші, таңғы жұлдыз.
Зейнаб (Зейнеп) – хош иісті ағаштың атауы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелінің, туған қызының, немересінің (Фатима есімді қызынан) есімі Зейнаб болған.
Зәнжәбил – Жәннаттағы хош иісті дәмді өсімдік.
Ирада — қасиетті сыйлық.

К
Калима —шырын тілді, әңгімелесуші.
Камиля — мінсіз, ең жақсы.
Карима — жомарт, гауһардай қымбат, мейірбан.
Каусария (Кәусар) — молшылықта өмір сүруші; Жәннаттағы өзен.

Л
Латифа — мейірімді.

М
Маймуна – берекелі. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы әйелі.
Мадина —Медине қаласының атауынан шыққан.
Малика — патшайым, бұйрық беруші. «Ма-ля-кя» – билеу, болу бұйыру етістігінен шыққан
Мансура — жеңімпаз.
Марьям — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, Алла Тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы.
Муслима — мұсылман қыз, Аллаға бойсұнушы.
Мухсина — жақсылық жасаушы, салиқалы, таза.

Н
Надира (араб.) — салыстырылмайтын, сирек.
Нәзира — жайнаған, көңілді
Насима — көрікті, жұмсақ жүректі.
Нафиса — әдемі, биязы, мәртебелі, қымбат.
Нурия — жаны мейірімді, ашық жүзді, нұрлы келбетті.
Р
Рабиа — бәйшешек; төртінші.
Райян – дүниеде ораза ұстағандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі.
Раиса (араб.) — жетекші.
Райхан — ләззат, рақат; өсімдік атауы.
Рауза — гүл бақшасы
Рұқия — таңғажайып, өзіне байлап қоюшы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызының есімі.

С
Сабира — шыдамды, сабырлы.
Салима — дені сау.
Сания – екінші.
Сарра (Сара) —мәртебелі. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) әйелі.
Сафия — таза, анық, шынайы, таңдаулы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әпкесі, ержүрек сахаба әйел.
Сәлсәбил – Құранда аталған Жәннаттағы бұлақ.
Сумая — асқақ, биік. Дін жолында қаза болған тұңғыш мұсылман, сахаба әйелдің аты.

Т
Таухида — біріктіруші, негізін қалаушы.
Тасним – Жәннаттағы бұлақ.

Ф
Фатима — Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы.
Х

Хабиба — сүйікті, жақын, қымбатты.
Халима (араб.) — жұмсақ, сабырлы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы болған әйелдің есімі.
Халиса — адал, берілген, шыншыл.
Ханифа — турашыл, шыншыл.

Ш
Шамсия — күн секілді.

Автор: araylym94 | 57 | 20.01.2019



Загрузка...

KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Қыз балаға мұсылманша аттар кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Қыз балаға мұсылманша аттар, пайдалы Қыз балаға мұсылманша аттар кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер Қыз балаға мұ, Қыз балаға мұсылманша аттар пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге