Шаш күтімі

Шаш күтімі казакша Шаш күтімі на казахском языке

Шашты экрандау (экранирование) процедурасы — шашты қалпына келтіру мен емдеудің бір әдісі. Бүгінгі материалда экрандау процедурасы және оның ламинирлеуден айырмашылығы туралы білетін боласыздар.

Шашты экрандау – арнайы препаратпен қаптау. Ол препарат «экран» деп аталатын қорғаныш қабатын түзеді. «Экранды» жасау үшін тотық және аммиак қолданбайды. Оның құрамына аминқышқылдары мен өсімдік компоненттері кіреді. Шаш құрылымы мен бұрым жағдайына қарамастан бір ай бойы процедура әсерін жоғалтпайды. Мұндай күтімді «shining (шайнинг)» деп те атайды. Себебі, бұл процедурадан соң шашыңыз жұмсақ әрі жылтыр бола түседі.

Шашты экрандаудың ламинирлеуден басты айырмашылығы — түрлі препараттар қолдануында. Ламинирлеу шаштың сыртқы келбетін жақсартса, ал экрандау сыртқы келбетімен қоса шаш құрылымына терең әсер етеді. Ол шаш құрылымын ішінен қалпына келтіреді.

✔ Шашты экрандаудың артықшылықтары:

– Шашыңыз жылтырап, икемді бола түседі. Ұшталған шаш туралы ұмытуыңызға болады;
– Ауа өткізгіш қабат шашыңызды тұзы көп су, теңіз тұзы, күн сәулесі, фен және басқа да шаш үлгісін жасайтын гаджеттер секілді сыртқы факторлардан қорғайды;

– Шашыңыз боялған болса, «экран» бояуды жуып тастаудан қорғайды. Содықтан шаш түсі ашық әрі қанық болып сақталады;
– Шашыңыз жеңіл таралады;
– Процедура әсері — жинақтаушы. Оны әр жасаған сайын әсері ұзаққа жетеді;

✔ Шашты экрандаудың кемшіліктері:

– Шашыңыз ауырлай түседі;
– Шашыңызды қаншалықты көп жусаңыз, «экран» соншалықты тез кетеді;
– Процедура ашық реңкті шаштарға келе бермейді;
– Егер бас терісі майлы болса, шашты экрандаудан соң майлылығы күшейіп кетуі әбден мүмкін.

✔ Үй жағдайында шашты экрандау

Ереже бойынша, мұндай процедураны сұлулық салондарында жасайды, алайда үйде тәжірибе жасап көретіндер де бар. Косметикалық дүкендерде шашты экрандауға арналған арнайы препараттар сатылады. Үйде бұл процедураны жасау кезінде препараттың сыртында жазылған нұсқаманы дәлме-дәл орындаңыз. Егер бас терісінде жарақат (кішкентай болса да) болса, жақында химиялық бұйралау жасаған болсаңыз немесе шашыңызды ағартқан болсаңыз, үй жағдайында экрандау процедурасын жасауға болмайды.




KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Шаш күтімі кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Шаш күтімі, пайдалы Шаш күтімі кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер Шаш күтімі, Шаш күтімі пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге