Қазақша Жаңылтпаш: "С" әрпі » ZHARAR © 2016 | Қазақша Жаңылтпаш балаларға С әрпі С буква С, жаңылтпаштар балаларға, жаңылтпаштар балаларға арналған, жаңылтпаш балаларға




  • »

Қазақша Жаңылтпаш: "С" әрпі

Қазақша Жаңылтпаш:

Саматқа санақ қонатын емес,
Саусағын санап болатын емес.
Онысы кейде кем болып шығады,
Кейде кенет он болып шығады,
Кейде одан да мол болып шығады,
Сөйтіп, есебі өзгеріп тұрады.

Салтап, сақтап орақ, шалғы,
Жұмсай берді олар, олақ шалды.

Сабақ үстінде
Екі қыз бала жүзім жеп отыр.
Жүзімді тағы бір бойы ұзын... жеп отыр.
Жүзім жегенді Жекен тізімдеп отыр.

Сабалақ абалап үрді,
Сабалақ қотанды
Жағалап, абалап үрді де жүрді,
Сақпаншы құлағын түрді де жүрді.

Сары шал маршал болды,
Маршал болған сары шалды
Кәрі шал қарсы алды.
Маршал келді, - деп,
Көрі шал жар салды.

Сатып тайлақты,
Алдық тай, лаңты.
Сатып тай, лақты,
Алдың тайлақты.

Сәмбі тал -
Иіліп тұрар.

Сексен сегіз сәбізді
Күнде өгізге жегізді.
Күнде сексен сегіз
Сәбіз жеген өгіз семіз.

Сиыр баласын "Торпағым" дейді.
Қоян баласын "Көжек, қорқағым" дейді.

Сөздің соңын тақпақтады,
Талай тақпақ таппақ тағы.

Сұқсыр үйрек сүңгігіш пе?
Сүйір үйрек сүңгігіш пе?

Сұқсыр үйрек
Ұшқыр үйрек десек те,
Тұмсығы үшкір үйрек
Сұқсыр үйректен күйрек пе?

Сұқсыр үйрек
Билеп-билеп ұшты.
Сұқсыр үйрекке ілесіп
Бір ірі үйрек
Қанатын сүйреп ұшты.

Сылдырмақ сылдырлады,
Сәби былдырлады.
Сылдырмақ сылдырласа,
Сәби былдырлай ма?
Сылдырмақты сындырмай ма?


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңылтпаштар жинағы | | 1 475
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

. .