Ертегі: Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.
Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:
— Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Одан шығып, қарғаға барса:
— Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма, – дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп:
— Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.
Қарлығаш сонда:
— Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмеймін, – деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.
— Олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт жотасына шығып алады.
Көзді ашып-жұмғанша ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйқтамақшы екен.
Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.

Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!
Автор: Umit | 429 | 27.10.2018
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Қарлығаш пен шөже торғай

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Қарлығаштың құйрығы неге айыр

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Мардан мен Маржан

Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бақыт Бұқарбек (Қарлығаш)

Қазақша Ашық сабақтар жинағы
Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш сынып | Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қазақша Мультфильмдер жинағы
Қазақша Мультфильм: Қарлығаштың құйрығы неге айыр (2012)

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (сурет, видео)