Ертегі: Хан мен құмырсқалар

Ертегі: Хан мен құмырсқалар казакша Ертегі: Хан мен құмырсқалар на казахском языке

Баяғы заманда бір хан өтіпті. Өзін-өзі әлемдегі асқан ақыл-парасатты, ділмар адам санайды екен.

Бір күні хан қалың нөкерін шұбыртып, саятқа шығуға әзірленіпті. Жан-жаққа жаршы, хабаршылар шаптырыпты. «Құрт-құмырсқаға, кішкене жәндіктерге айтыңдар, он күнге дейін індерінен шықпасын. Әйтпесе, біздің аттарымыз таптап өлтіреді!» – деген хабар таратыпты.

Бұл хабарды естіген соң ұсақ жәндіктер індеріне тығылыпты. Ал құмырсқалар болса, әлгі ханды өз ауылдарына бір қондырып, сый-сыяпат көрсетпек болады.

Хан қалың қолмен аңға шығады. Келе жатып, құмырсқалардың жол тосып, топтасып тұрғанын көреді.

– Құмырсқалардың бәрі ініне тығылсын деп хабар берілмеп пе еді? Бұл не қылған шоғыр? – дейді хан. Нөкерлері де таңданып қалады. Таяп келген соң, құмырсқа патшасын шақыртып алып, жөн сұрайды:

– Топталып жолда тұрғандарың қалай?

– Тақсыр, – депті сонда құмырсқалар патшасы. – Сізді жолай біздің ауылға бір күн түнеп, сый-сыяпатымызды көрер ме екен деп, алдыңыздан шығып, тосып тұр едік.

Хан бұған таңырқай тұрып, мысқылдай күледі:

– Әй, ақымақтарым-ай, ойласаңдар етті, біз түнеп-ақ шығайық. Сонда осыншама адам мен ат-көліктердің ішіп-жемін қайдан тауып бересіңдер? Соны ойладыңдар ма?

Ол жағынан қам жемеңіз, тақсыр, – депті құмырсқалар патшасы. Көп біріксе, көл емес пе! Еңбегімізбен ерді сыйлаймыз!

Мұны естіген хан:

– Ырыздығың Құдайдан десең, сөзіңе тоқтар едім, – депті шалқақтап. – Бірақ сөз таппадың. Осыншама адам мен ат-көлікті еңбегіңмен қалай тойдырар екенсің?

– Тақсыр, аттан түсіңіздер, – депті құмырсқалар патшасы, – егер сіздерге ас-тағам қамдай алмасақ, мен айыпты болайын.

Мұны қызық көрген хан күле тұрып:

– Мейлі онда, қарық қылғаныңды көрелік, – деп, бір қонып аттануға көніпті.

Сөйтіп, құмырсқалар патшасы хан мен оның нөкерлерін арнайы әзірлеп қойған шатырларға бастап алып келіпті. Ат-көліктерін қора-қораға орналастырыпты.

Содан кейін құмырсқалар патшасы барлық құмырсқа атаулығы әрқайсысы бір-бір түйірден нан үгіндісін, бір-бір бас сұлы, бір-бір сабақтан жабайы жоңышқа алып келуге әмір беріпті.

Құмырсқалар өз патшасының жарлығын орындау үшін жан-жаққа тарап кетеді де бірінің соңынан бірі кері орала бастайды. Біраздан кейін нан, сұлы, жоңышқа төбе-төбе болып үйіліп қалады. Оған қонақтардың ат-көлігі сылқия тояды.

Мұны көрген хан қайран қалады. Өзінің ақылы жетпей, ұтылғанын іштей сезеді де құмырсқалар патшасын қалай да бір сүріндірудің амалын ойлайды.

– Ей, құмырсқалар патшасы, сенің басың неге сонша үлкен? – деп сұрайды.

– Ақылымыздың молдығы шығар, тақсыр, – деп, жауап беріпті құмырсқалар патшасы.

– Ал белің неге қылдырықтай? – дейді хан кекесінмен. Бұған да құмырсқалар патшасы байсалды жауап қайырады:

– Аса ауыр жұмыстарды атқарар кезде, белімізді тас қылып буып аламыз. Бүгін сізге аса зор сый-сыяпат көрсетуіміз керек. Сондықтан белімізді мықтап буып алғанбыз. Беліміздің тым қылдырықтай көрінуі содан шығар.

Хан құмырсқаның тапқырлығына таң-тамаша қалады. Одан әрі не сұрарын білмей, ойға шомады. Сонда уәзірі:

– Тақсыр, ақылыңыз дариядай еді, қисынды сөзді қардай боратушы едіңіз. Құмырсқалар патшасына басқа айтарыңыздың болмағаны ма? – депті, ханның көңілін аулап.

– Жүйелі сөзге жетесіз таласады, – депті, хан басын иіп. – Мен тоқтадым.

Хан үн-түнсіз түрегеліп, аңға да шықпастан үйіне қайтып кетіпті.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Хан мен құмырсқалар туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Хан мен құмырсқалар для детей на казахском языке, балаларга Хан мен құмырсқалар арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Хан мен құмырсқалар казакша оку, Хан мен құмырсқалар, ертегі Хан мен құмырсқалар туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Хан мен құмырсқалар для детей на казахском языке балаларга Хан мен құмырсқалар арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертеги, Ертегі: Хан мен құмырсқалар ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн