Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлят

Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлят казакша Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлят на казахском языке

Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.
- - Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді.
Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлятОсы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлят - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.
Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.
Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді.
Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:
- Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар!
Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлятЕшкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп сұрады. Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» - деп жауап қатты.
«Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» – деді Ешкі.
Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтарды бар орға құлады.
Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып- орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті.




KZ » Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Жеті лақ – Семеро козлят ертеги сказка на казахском казакша ертегилер балаларга, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском для детей скачать, Жеті лақ – Семеро козлят, жети лак Семеро козлят, ертегі сказки на казахском языке для детей ертеги семеро козлят жеті лақ ешкі қасқыр, русские сказки на казахском языке, ертегі Жеті лақ – Семеро козлят ертеги сказка на казахском казакша ертегилер балаларга, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском для детей ска, Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлят, Қазақша ертегі: Жеті лақ / Семеро козлят ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн