Ертегі: Қотыр торғай

Ертегі: Қотыр торғай казакша Ертегі: Қотыр торғай на казахском языке

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті.

Торғай ашуланып:

— Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! – деп, ешкіге келеді.

— Ешкі-ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің?

Ешкі:

— Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені қасқырға айтпасам ба! – дейді де қасқырға барады.

— Қасқыр-қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің?

— Оны жемек түгіл, байдың жабағысын жеп, тауыса алмай отырмын.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені жылқышыға айтпасам ба! – дейді.

— Жылқышы-жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың?

Жылқышы:

— Оны ұрып алмақ түгіл, өзімнің ұйқым қанбай жүр.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені байға айтпасам ба! – дейді.

— Байеке-байеке, ана жылқышыңды неге сабамайсың?

Бай:

— Оны сабамақ түгіл, өзім қоспамды тауыса алмай отырмын. Торғай:

— Қап, бәлем, сені тышқанға айтпасам ба! – деп, тышқанға келеді.

— Тышқан-тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің?

Тышқан:

— Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені балаларға айтпасам ба! – дейді.

— Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:

— Оны ұрып алмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз.

Торғай:

— Қап, бәлем, сендерді кемпірге айтпасам ба! – дейді.

— Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың?

Кемпір:

— Оларды ұрмақ түгіл өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:

— Қап, бәлем, сені құйынға айтпасам ба? – дейді де құйынға барады.

— Құйын-құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың? Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырады, кемпір балаларды ұрады, балалар тышқанды ұстап алады, тышқан байдың қоспасын түгеседі, бай жылқышыны сабайды, жылқышы қасқырды ұстап алады. Қасқыр ешкіні жейді, ешкі шеңгелдің сылдырмағын жей алмай, қотыр торғай шеңгелден өшін ала алмаған екен дейді.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Қотыр торғай туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки для детей на казахском языке, балаларга Қотыр торғай арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Қотыр торғай казакша оку, Қотыр торғай, ертегі Қотыр торғай туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки для детей на казахском языке балаларга Қотыр торғай арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Қотыр торғай казакша оку Қо, Ертегі: Қотыр торғай ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн