Торғай мен тышқан

 Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.

Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп. Ол тырнағымен жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.

Бұған торғай келіспеген соң, тышқан екеуі торғайлар биіне келеді. Торғайлар биі:

— Бұл бидай торғайдікі. Себебі торғай егінге түскен барлық құртты құртқан. Күнде үстінде ұшып жүріп, егінді күзеткен, – дейді.

Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға барады. Шал дәнді алып, екеуіне тең бөліп береді.

Бұған торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:


Жаңалықтар:
» Оқулықтың электронды нұсқасы балаларды ауыр сөмкеден қашан құтқарады 15.05.2021, 0
» 2021 жылы айт намазы қашан оқылады ? 11.05.2021, 0
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 1

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы