Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді. Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті. Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: ....
КІРІСПЕ Ақшабұлақ аумағында пайдалану ұңғымасын орналастыру белгіленген. Оның жобалық тереңдігі – 2100 м., жобалық горизонт – төменгі визей ярусы Ұнғыманы бұрғылау ОАО «Кен-Ай-Ойл» экспедициясы жүргізді. Ақшабұлақ аймағы әкімшілік жағынан Қызылорда облысында сырдария ауданына қарайды. Жұмыс істеу аймағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймағы болғандықтан соған сәйкес өзінің өсімдік және жануарлар әлемі бар. Ауданның рельефі жазық дала, тек орталық және солтүстік жағында құмды үйінділері бар. Географиялық жағдайда кен орын алаң Торғай оипатының оңтүстігінде орналасқан алаңнан область орталығы Қызылорда қаласынна дейін 120км, Қазіргі уақытта кен орнына қатынасу жүк машинасымен жеткізіледі. 1 Геологиялық бөлім 1.1 Кен орынның географиялық және экономикалық жағдайы Географиялық орны бойынша Амангелді газ кешені Шу мен Талас өзендерінің арасындағы Мойынқұм кұмының оңтүстік-батыс бөлігі. Оған оңтүстік-батыс жағынан Кіші Қаратау жазығы ұласып Үлкен Қаратаудың бір бұтағына жалғасады. Кен орнының географиялық координаттары: -44019/ о.е. 71004/ ж.ұ. Орогенді сипаттамасы бойынша Мойынқұм ауданы солтүстік-батыс бағытына қарай 20 м дейін көтеріліп созылған құмды белестермен белгілі. Құм шекарасы оңтүстік және оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалғасқан, оны Талас өзені басып өтеді, өзен анғарларына мал айдалып бағылады. Мұндағы жер бедерінің абсолюттік межесі кен орнында +350 - +360 м ұлғайып, Тараз қаласының маңында +600м жетеді. Жазықтықтың оңтүстік жағы көтеріліп Тянь-Шаньға ұласады.....
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны. Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу. Зерттеу міндеті: Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: • Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды; • Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды. ....
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білімберудің ғылыми негіздері талқыланды. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады. Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бұлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады. ....
КІРІСПЕ Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1]. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс [3]. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда. Осы орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады. Нарықтық жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының кепілдігі қызметін оның қаржылық тұрақтылығы атқарады, ол ақша қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиімді қолдану арқылы үздіксіз өндіріс және өнімді өткізу процесін қамтамассыздандыратын қаржылық ресурстардың жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық, өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің қаржылық жағдайын талдау қажет. Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты байланысты талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі [8]. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Әлемдік қауымдыққа интеграциялану Қазақстан экономикасын дамыған мемлекеттер үшін жалпы тенденцияларға сәйкес реформалауы тиіс, бұл барлық кезеңдерде ең прогрессивті және қазіргі заман талабына сай ғылым және басқару тәжірибесінің тәсілдерін, соның ішінде екінші деңгейлі банктер қызмет көрсету саласының жаңа бағыттарын ендіруду білдіреді.....
Тақырып өзектілігі. Компаниялардың қаржыны басқаруда маңызды объектісі ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты. ....
Тақырыптың өзектілігі: Зерттеліп отырған тауаралық Зайсан ойпаңы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ойпаң солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 260 км-ге созылып жатыр, орташа ені 110-120 км, ауданы 32000 км2. Зайсан ойпаңы солтүстігінде оңтүстік Алтайдың таулы сілемдерімен, оңтүстігінде Саур-Тарбағатай таулы жүйелермен, батысында Шар-Көкпекті ұсақ шоқысымен шектеседі. Ойпаңның териториясында аймақтық және жергілікті жарылымдар таралған. Зайсан ойпаңында әртүрлі аккумуляциялық, аккумуляциялық-денудациялық бедер пішіндері тән. Жұмыстың өзектілігі тауаралық Зайсан ойпаңының территориясында жаңатектоникалық қозғалыстар әсерінен жер қыртысы деформацияға ұшырап әртүрлі бедер пішіндері қалыптасуына әсер етіп, жер сілкіністері болып тұрады. Қазіргі геоморфологиялық процестер бедердің морфологиясын, денудацияның даму деңгейін анықтайды және территорияның топырақ түзілуіне, табиғи су ағынына, экологиясына әсер етеді. Территорияны жан-жақты зерттеу маңызды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан-жақты зерттеу, жер сілкінуді қадағалап зерттеу, соның нәтижесінде оларды алдын-ала болжаудың халық шаруашылығына маңызды мәселе екендігін көрсету. Жұмыс негізінен жинап алынған ғылыми әдебиеттерге, Қазақстан республикасының геологиялық қорындағы құжаттарға сүйене отырып, картографиялық материалдар зерттеу нәтижесінде жазылған. ....
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жасаған 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын егжей-тегжейлі қарады. Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», – деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік бағдарлама жобасын ұсына отырып, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсімі мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін адамдық капиталды дамыту үшін түбегейлі жаңарту екендігін атап өтті. Білім беру саласын реформалау және жаңартудың негізгі бағыттары ретінде мыналар ұсынылады: қаржыландыруды жетілдіру (қаржыландырудың жан басына шаққандағы ұстанымын енгізумен), білім менеджментін жақсарту, педагогтің мәртебесін арттыру (мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру), электрондық оқыту жүйесін енгізу ....
Кіріспе Кодалық құлып күзетілетін тұрғын үйлерге, өндірістік ғимараттарға бөтен адамдардан кіруінен қорғанудың тиімді құралы болып табылады. Олардың артықшылықтары қолданудың қарапайымдылығы, сенімділігі, жоғары деңгейде қорғанысты қамтамасыз ету мүмкіндігі, кодты ауыстырудың салыстырмалы жеңіл болуы (қарапайым механикалық құлыппен салыстырғанда). Сондай-ақ тағы бір маңыздылығы, көп көлемді адамдарға рұқсат етуді көрсеткен кезде кілтті дайындаудың қажет еместілігі. Бірақ мұндай жүйенің бір кемшілігі қаскүнемдіктерге кодты жасырын көру немесе оны теріп алу мүмкіндігі. Алайда, кодтың көп разрядты болуы немесе кодты терудің шектелген саны немесе код теру кездінде сәтсіз болған жағдайда арасына уақыттық кідірісті еңгізу, кодты теріп алуға кедергі жасайтын конструкциялық ерекшеліктерінің болуы бұл мәселе өте күрделене түседі. Сондықтан да соңғы бұны өте ыңғайлы деп атауға болмайды. Берілген дипломдық жобада микроконтроллерді қолдану арқылы тұрғын үйдің сыртқы есігіне электронды кодалық құлыпты әзірлеу іске асырылады. Бұл дипломдық жобада талаптардың бірі болып кодты теру кезінде дабылдық құрылымды қондыру болып табылады.
1 Техникалық бөлім
1.1 Микроконтроллер негізінде микропроцессорлық жүйені әзірлеу Микроконтроллердің негiзiндегі микропроцессорлық жүйе (МПЖ) кейбiр объектiнi басқарудың мiндеттерiн атқару үшiн арнайы енгізілген жүйе ретінде пайдаланады. Осы қолданудың маңызды ерекшелiгi нақты уақытта жұмыс атқаруы, яғни белгiлi уақыт аралығында сыртқы оқиғаларға реакцияның әсер етуі. Мұндай құрылғылар микроконтроллер атауын алды. МПЖ - ні өңдеушiнiң алдында жобалаудың толық циклын өткiзуiн мiндеті, қызмет етудiң алгоритмын әзiрлеуден бастап және бұйымның құрамын комплекстi зерттеуге дейін,тіпті өндіріске қажетті жұмыс жүргізу міндеті тұрды. Техникалық тапсырмада арнайы басқару функциясын дайындаудың контроллерге қойылатын талаптары тұжырымдалады. Техникалық тапсырма микронтроллерді қолданушыға не керектігін аспаптың қандай жұмыс жасау керектігін анықтайды. Техникалық тапсырма жазбаша түсіндірме ретінде ұсынылады. Қолданушының талаптары негiзiнде функцияны анықтайтын функционалдық спецификация құрылады, соған сәйкес құрылғының қойылған талаптарға сәйкестігі анықталады. Ол деректердiң кірістегі және шығыстағы пiшiмдерiн сипаттап, контроллерді басқарушы сыртқы әсерлерді бақылайды. Басқару алгоритмның кезеңдерінің әзiрленуi ең жауаптысы болып табылады, себебi осы кезеңнiң қатесi әдетте жасалынып бiткен бұйым. Техникалық тапсырмада арнайы басқару функциясын дайындаудың контроллерге қойылатын талаптары тұжырымдалады. Техникалық тапсырма микронтроллерді қолданушыға не керектігін аспаптың қандай жұмыс жасау керектігін анықтайды. Техникалық тапсырма жазбаша түсіндірме ретінде ұсынылады. Қолданушының талаптары негiзiнде функцияны анықтайтын функционалдық спецификация құрылады, соған сәйкес құрылғының қойылған талаптарға сәйкестігі анықталады.....