Зерттеудің өзектілігі: 2005 жылды Моңғолияда «Туризмді қолдау жылы» деп атауы экономика саласында қызмет көрсету мен туризмді дамытуға жол ашатыны сөзсіз. Кез келген табиғи байлыққоры мен тарихи - мәдени құндылықтары бар территория саяхатшылардың, ғалым зерттеушілердің, іскер адамдардың және тіпті жай демалушылардың да қызығушылығын тудырары хақ. Туризмді басқару жүйесін орталықтандыру мен түрлі субъектлердің құрылымының пайда болуы туристік саясатты аймақтық деңгейде деңгейде жүргізу мәселесін туынтатты. Бүгінгі таңда дәл осы жерге территория дамуының әлеуметтік-рекреациялық потенциалы сияқты туризмді дамыту стратегиясы орайласуы тиіс. Әр территория ландшафты, табиғаты, мәдениеті, климаты тарихы жағынан аймақ туризмінің даму мүмкіәндіктерін анықтайды. Туризм географиясы жағынан Моңғолияның табиғи ресурсы мен тарихи-мәдени ресурсы кешенді орын болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм мен оның болашағыан баға беру үшін рекреация мен демалыс жағдайын, шетелдік туристерді қабылдау деңгейін, табиғи рекреациялық байлықты, тарихи-мәдени ресурсты жан-жақты әрі терең зерттеу керек. Елдегі бүгінгі күндегі туризм дамуына жасалған талдау оның жоғары әлемдік деңгейде пайдаланылып, экономика саласындағы негізгі кіріс көзі болып отырғанын көрсетіп берді. Сонымен бірге оған кедергі келтіріп отырған себептер де аз емес. Ол мемлекеттің жоғары деңгейде қорғауғаала алмауыжәне жеткілікті деңгейде зерттеулер жүргізілмеуі. ....
КІРІСПЕ. Тақырыптың көкейтестілігі. Халыққа білім беру жүйесін қазіргі кезеңде қайта құру бүкіл қоғамның дағдарысты жағдайынан туындайтыны еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастырдың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етеді. Университет түлектеріне әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру дүниежүздік кеңістікте зор мәні бар проблемаға айналып отыр. Осы проблемаға байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіру әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде. Мемлекеттің стратегиялық қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы принциіттерін жасап шығаруды, мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық аспектілеріне әсер беруіне арттыруды талап етеді. Қазақстан Ресиубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы кейбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам.Қазіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен шиеленесуі, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, еңбек етуге мүмкіншіліктің жоқтығы, жеке адамның, қоғамның, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеу жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде. Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие ден біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық. қүқықтық, экономикалық экологиялық моральдық-этикалық бөімдерін, тәжірибелік іс-әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесінің процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азамат тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекетте өсіп жатқан алам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді. Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық-құқықтық қарастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып қала қоймай, адамның мемлекеттік және қоғаммен қатынастарнның басқа аспектерін де жандандыра түседі. Бұл біздің республикамыздың азаматтық тәрбие жуйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажет ереекше көкейтесті мәселе.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған. Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде. Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген. ....
Ежелгi тұрмыс уақытысынан бастап, адамзат мүлікке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, су алып кету, басқа да жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады. Өндiргiш күштер дамыған сайын және материалдық байлық жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшін сабырсыздық, және тәуекелдiк факторлары белең ала бастады. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткенде, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтың өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға ұшырамайды, және алапат құбылыс ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬— сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес, жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әрқайсысына аз бөлiгi берiледi. Осылай, адамдар қоғамында бiрiккен тiзбектелген жинақтау тұтыну негiзiнде қоғамдық қатынастың жаңа категориясы, сақтандыру деп аталатын, алғашқы мағынасы қорқыныш, сөзiнен алынған. ....
Арыс ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы – 6,3 мың км2 (облыстың аумағының 5,4 %-ы). Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы 1956 жылдан бастап Арыс қаласы болып аталды. Ол қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Ташкент жолы бойындағы ірі қалалардың бірі. Арыс станциясы Ташкент темір жолы салына бастаған кезден пайда болды. Тарихи деректер бойынша бұл қаланың төңірегінде халық ертеден тығыз орналасқан төрт түлікке бай ел болған. Бүгінде халқы (1970 жылғы санақ бойынша) 30 мыңнан астам, 1999 жылғы санақ бойынша ауданда халық саны 59920, қалада 34450 адам. Қаланың ескі бөлігі I-Арыс станциясымен іргелес, II-Арыс станциясымен байланысады. Қала көлемі жағынан өте үлкен болмаса да, оның маңызы зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия, Қазақстан, Батыс Сібір аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни «Тоғыз жолдың торабы» деп те атайды. Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай. Арыс ауданының кең алқабын жусан шөбі алып жатыр. Осы өңірдің тұрғындары сонау ертеден егістікке суды тиімділікпен пайдаланған. Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы Отырар алқабында ертеде пайдаланылған егістік көлемі қазіргіден көп болған. Біздің ғасырымыздың орта шенінде егістікті, жүзім алқаптарын, бақшаны Арыс өзенінен шыққан каналдар арқылы да суғарған. Ел аузында Арыс өңірі ертеде «Қазақ қырған», ал Арыс өзені «Үржі» деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс өзені туралы айтсақ, ел белгілі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты үш томдық тарихи кітабында Арыс өзенінің бұрын «Үржі» болып аталғанын айтқан ....
Экологиялық биотехнологияның маңызды мәселелерінің бірі судың қорын сақтау, су қоймаларының әртүрлі ластағыштармен ластануының алдын алу және ағынды суларды тазарту болып табылады. Қалалардың және өндіріс орындарының өсуі, ауылшаруашылық интенсификацияның ауқымдылығы көп мөлшерде суды қажет етеді. Жер бетіндегі күнделікті барлық судың шығымы 3300-3500 км, оның ауыл шаруашылықта- 70% пайдаланады. Химиялық, целлюлозды-қағаз, энергетикалық өндірісте, қара және түсті металлургияда және тұрмыстық қажеттіліктерде судың көп мөлшері қолданылып, ағын суға айналады. Осы сулардың көп мөлшері қолданғаннан кейін өзендерге, теңіздерге, суқоймаларға ағын су ретінде құйылады [1]. Қазақстанның барлық территориясында қазіргі таңда көптеген тұрғылықты жерлермен өндіріс орындарының ағынды сулары табиғи және жасанды су қоймаларды ластауы бірден - бір кең таралған өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен су құбыр жолдарымен және жоғары тиімді тазалау құрылғылары қолданыла отырып, биологиялық әдіспен тазалаудың маңызы жоғары [2]. Қалдық суларды тазалау құрылымдарында органикалық қосылыстарды толығымен биологиялық ыдырату микроорганимдер, балдырлар және саңырауқұлақтар көмегімен жүзеге асырылады. Бұл микробиоценоз өкілдері бір-бірімен күрделі қарым-қатынастар (метабиоз, симбиоз, антогонизм, т.с.с) арқылы біртұтас кешен түзеді. Мұнда бастапқы орынды бактериялар алады, яғни бактериялардың түрлік құрамы ағын судағы органикалық заттарға байланысты. Тазалау құрылымдарының микробиоценозында автотрофты топтарға қарағанда гетеротрофты бактериялар доминантты болады [3]. Ағынды сулардың құрамы орналасу орнына, шығу тегіне байланысты әртүрлі. Құрамындағы ластағыш органикалық заттарды деструкциялау үшін микроорганизмдер қауымдастықтары пайдаланылады. Ағын сулардың ластануы бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр [4]. Сондықтан, жұмыстың мақсаты ағынды судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау және ағын суларды фенол, фенол қосылыстарынан тазарту мақсатында бос және иммобилизденген клеткаларын пайдалану мүмкіндігін зерттеу. ....
Жемісті культураларды генетикалық жақсартудың негізгі шарттарының бірі – шаруашылыққа құнды белгілерге ие өсімдіктердің жабайы формалары мен мәдени түрлерінің генофондын сақтау болып табылады. Қазіргі кезде өсімдіктердің генетикалық материалын сақтаудың бірнеше тәсілі бар. Бәрінен бұрын, бұл далалық гендер банкі мен помологиялық коллекциялар. Әлемдік практикада генетикалық материалды сақтаудың дәстүрлі формаларын толықтыру ретінде баяу жүретін метаболизмді қамтамасыз ететін, гермоплазма үлгілерін in vitro криоконсервациялаудың биоинженерлі әдістері кең қолданылады. Криоконсервацияның артықшылықтары: егу аудандарын үнемдеу, вирустар мен патогенді микроорганизмдерден таза өсімдік алу, көбею коэффициентін мың есе арттыру, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктердің сорттары мен формаларының генофондын ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі [1]. Криосақтау – бұл өсімдік ұлпаларын, мүшелерін және клеткаларын терең мұздату және өте төмен температурада сақтау әдісі (-1960C). Бұл обьектілердің генетикалық сипаттамаларын кез келген мерзімде сақталуына мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы әр түрлі материалдарды, бөліп алынған протопласттардан бастап ұрық пен тұқымдарға дейін сақтауға болады [2]. Жұмыстың мақсаты алманың селекциялық құнды сорттары мен формаларының криогенді коллекциясын жасау және алма гермоплазмасын сұйық азотта сақтау ұзақтығының әсерін анықтау болып табылады. Міндеттері: - пробиркалық өсімдіктердің апикальды меристемаларын бөліп алу және культивирлеудің әдістемелерін жетілдіру; - алма меристемаларын криосақтау әдісінің оптимизациясы; - алма гермоплазмасының коллекциясын жасау. ....
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор. Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.....
КІРІСПЕ Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді. Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер. Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....