Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дене шынықтыру | Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тақырыптың өзектілігі. Спорттық дайындық кез – келген педагогикалық ықпалдардың құралдары, әдістері мен түрлерін және осы ықпалдар бағытталатын нысандарды терең білуге бағытталады. Педагогикалық ықпалдар мазмұны спортшылардың жасына олардың дайындық сатыларына қарай өзгеріп отырады.бірақ негіздері, яғни жалпы заңдылықтары, ережелері, оқыту мен тәрбиелеу принциптері өзгермейді.
Спорттық дайындық педагогикалық ықпалдардың тәрбиелік, білім беру және сауықтыру бағыттарын ұсынады, олар өзара байланыста ортақ міндет – спортшыларының жеке қабілеттерін барынша дамыту мен оларды жарыс әрекеті жағдайында жүзеге асыруды атқарады. Қойылған мақсатты атқару үшін педагогикалық ықпалдар нысаны мен мәнін жақсы білу қажет. Педагогикалық ғылым мен іс – тәжірибеде жинақталған кеңестерді басшылыққа алу қажет, яғни әдістеме өзінің ықпал ететін нысанын, яғни өсіп келе жатқан, дамушы жас спортшыны білуімен табиғи байланыста болуы тиіс. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Меншікті негізгі құралдардың теориясы

Диплом жұмысының өзектілігі. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки "Есеп — бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" — деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары

Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор.
Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазыбек би және қазақ шешендік өнері

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді, оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
- Қазақ шешендік өнері жайлы;
- Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
- Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің «Халық ауыз әдебиеті», С.Негимовтың «Шешендік өнер», Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» сынды еңбектер қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз».
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.
Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық. Сондықтан да, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтуға талап қойған. Небір әйгілі шешендер, дуалы ауыз билер шаршы топта сыбанып шығып жүйелі сөз бастаудың қиын екендігін ескертіп отырған.
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Тауып айтсаң береке қылады,
Таптай айтсаң келеке қылады (1,87).
Демек, қазақ қоғамында сөзге талап бәрінен де қатал. Оған «сөз шынына тоқтайды пышақ қынына тоқтайды» - дейтін мақал да дәлел бола алады. Ел арасында шешендікке қатысты құланаян Құлмамбеттің айтатын «сөзімнің қыл өтпейді арасынан» дейтін сөзі де кең тараған. Сөз жоқ, сөзге талап қою, шешендіктің сапасын арттырып, қадірін күшейткен. өз тұсында халық әдебиетін зерттеген Х.Досмұхамедұлы да «Шешен қандай болу керек?» деген сауал тастап, оған халық әдебиетінен мынадай мысал келтірген болатын:
Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін,
Іретімен сәндесе.
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Түмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса.
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде шанбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса.
Пікірге кәміл жұрт озған –
Би шешеннің іреті... (2, 23).
Сөзсіз, шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Шұбатқа ветеринариялық санитариялық баға беру

Түйе шаруашылығы мал шаруашылығының өте ертеден келе жатқан салаларының бірі. Түйе сүтінің және одан жасалатын өнім – шұбаттың қоректік және емдік қасиеттері Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азия республикаларында аса жоғары бағаланады. Шұбатты адамдар ертеден ақ ем және жалпы денсаулыққа пайдалы құрал ретінде пайдаланып келеді.
«Денсаулығы зор, өздері өте қайратты болып келетін көшпелі арабтар жаңадан ашыған түйе сүтін ішеді» деп жазған болатын И.И.Мечников. Түйе сүтін Африка тайпалары да ішеді екен, түйе сүтін ішпейтін тайпаларға қарағанда олардың арасында атеросклероз ауруы сирек кездеседі екен.
Қазақтың халық медицинасында шұбатты өкпе, асқазан ауырғанда, сондай-ақ уланғанда, мешел болғанда пайдаланады. Атап айтқанда, өкпе туберкулезіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде емдеу нәтижесі жоғары болады. Сонымен басқа созылмалы гастритті, созылмалы колитті емдегенде бұл тағамның маңызы зор. Қарын сөлінің қалдығы төмен кісілер 15-20 күн шұбат ішкеннен кейін қүлан таза айығады.
Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, алкогольге, көмірқышқылгазына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге байланысты.
Сонымен қатар түйе сүті әртүрлі заттарға бай болғандықтан бактериялар өсуіне де жарамды орта болады.
Сонымен қатар түйе сүті көптеген инфекциялық ауруларды адамдар мен малдарға тарататын көзі болып табылады.
Сондықтан құнарлы және қаупсіз өнімді алу және оны тұтынушыларға жеткізу барысында шұбатқа ветеринариялық-санитарлық баға беру керекті звено болып табылады. Осыған байланысты біздің зерттеу жүргізу мақсатымыз «Дулат» жекеменшік шаруашылық қожалығынан алынған шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | 50000 дана тісті дөңгелек бөлшегін өндіретін дайындама-жылумен өңдеу телімін жобалау

КІРІСПЕ
Машина жасау саласы өндірісін дамытуда , негізгі сұрақ болып Қазақстан Республикасына қатысты нарықты экономика кезеңінде бәсекелестік өнімді шығаруға жағдай туғызатын, озықты әдістерді іздестіріп табу қажет.
Ғылыми-техникалық революция өнеркәсіптің барлық салаларын , бірінші жағдайда мәшине және аспап жасауды қайта қарулануға себеп туғызды. Барлық өндірістік процестерді автоматтандыру мен механизациялауды дамыту қажет.
Осылардың бәрі әр түрлі механизмдерді қолдануын өсуін туғызады, осылардың ішінен тісті берілістер маңызды орын алады.
Тісті жетектің жұмыс жылдамдығын көтеру және бір редуктор агрегатында үлкен күш қуаттардың негізделуі, тісті Берілістердің сапасын, олардың беріктіктігін, ұзақ уақыттылығын көне лайындау дәлдік көрсеткіш талаптарын едәуір қатаңдатады.
Осы негізгі сұрақтарды шешуге ең тиімді және ұтымды металдармен қорытпаларды нығайту әдістері ретінде үлкен орын термиялық және химия-термиялық өңдеуге беріледі. Термиялық өңдеу мәшине бөлшектерін, аспаптар мен жартылай өнімдердің технологиялық процестерін дайындаудағы негізгі бөлігі болып табылады. Осының арқасында олардың қасиеттері жоғарлайды, бұл мәшине бөлшектері мен құрылғылардың массасын төмендетуге, металды едәуір үнемдеуге, бұйымдардың сенімділігі мен қолданулық беріктігін жоғарлатуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан термиялық өндеу көптеген заводтарда кең қолданыс табуда. Құрылғылық болаттарда қорытпа мен термиялық өңдеу режимін дұрыс таңдауда жеткілікті деңгейде пластикалық және тұтқырлық сппапамаларын сақтап, уақытша кедергіні 2000МПа-ға дейін және оданда жоғары мәнге жеткізуге болады.
Бұл жобаның тапсырмасы, болат 20Х2Н4А маркасынан жылдық бағдарламасы 50000 дана тісті дөңгелекті жасау үшін термиялық дайындама бөлімін жобалау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Каратэ до жекпе жек өнерінде қол және аяқ соққыларын жетілдірудің әдістемелік негіздері

Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Әл – фараби туралы мектеп оқушыларында көзқарас қалыптастыру

КІРІСПЕ
Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым , әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип тілдерін жетік білген .
Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты » деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді .
1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы / Мажмуат фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби / 8 шағын философиялық шығармаларынан тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948 жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды .
Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим
/ 995 / , Әл – Байхоки / 1169 / , Ибн - әл Венике / 1484 / , Кам Сартон / 1927 / , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен / 1950 / жазған .
Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян / 1958 / еңбектерінде : / VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан » , « Таяу және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы » / Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде / 1963 / жазған өзінің « Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » және « Фараби :дәуірмен
уақыт » атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды .
Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси - әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің толығымен ашылған .
Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер , Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ , А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде көп жазған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Кіші және Орта бизнесті несиелеу

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.
Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.
Шағын бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін, жаңа мықты импульс алуы үшін, көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.
Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.
Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер, ал ортаңғы жағы көп бөлігін – орта класс құрайды”.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен спорттық құрылыстардың қажеттіліктерін сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндеттерінің бірі. Спорттық құрылыстарының мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық