Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Қазақ тілі | Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие бола алғандығының жарқын көрсеткіші. Ендігі міндет осы Тәуелсіздікті сақтап қалуға байланысты қойылады. Оның бір тармағы – қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалануына жоғары деңгейлерге көтерілуіне тікелей байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр.
Қазақстан Республикасының болашақта дамыған елдер қатарынан танылуы үшін, Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы нысандар орындалу керектігі белгілі. Бірақ соның барлық бастауы қазіргі мектептерде екендігін ұмытпау керек. Қазақ тілін теориялық деңгейде оқыту барысы оқушыларды теориялық біліммен қаруландырып қана қоймайды, оқушыны өз бетімен ғылыми білім алуға үйрететін ғылыми әдістермен де байытады. Ғылыми ойлау тәртіптерін үйрету арқылы, ойлау мәдениетін қалыптастыру, оның жалғасы болып табылатын ойын сыртқа шығару, яғни сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен дамыту міндеттері де шешіледі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, ана тілінің мемлекеттік тұрғыда қамқорлыққа алынуы білім беру жүйесінің алдына қазақ тілінің оқытылуымен байланысты үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттер тілдің коммуникация құралы ретінде қоғамда алатын орнын танытумен байланысты еді.
«Әр ұлттық тіл, мәдениет дербестігі, әр ұлт республикаларының экономика саласындағы егемендігі, сөз жүзінде емес, іс жүзінде танылуға тиіс,» - делінген. «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру» тұжырымдамасында. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және тілге қатысты басқа да құжаттар тілдің қоғамдағы әлеуметтік рөлін өз дәрежесінде танып, оның коммуникация құралы ретіндегі потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызып отыр.
Белгілі әдіскер – ғалымдар Х.Арғынов[4], М.Балақаев[5], Н.Сауранбаев. [6], Ә.Хасенов[7], С.Жиенбаев[8], Р. Әміров[9], т.б. Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін теориялық тұрғыдан зерттей отырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін дүниетанымын дамытудың жолдарын қарастырған.
Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог – ғалымдар Л.С.Леонтьев [10], А.Л. Имедадзе [11], А.Л.Леонтьев, [11] т.б. жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Көрнекті педагогтер Р.Г.Лемберг [12], И.А.Қайыров, Н.К.Гончаров, Б.П.Есипов, Л.В.Занков [13], Е.Я.Голант [15] тағы басқалардың оқыту әдістерін саралаған пікірлерімен таныса отырып, нәтижесінде қазақ мектептерінде жай сөйлемдерді оқытудың төмендегідей әдістерін қарастырдық: байқау әдісі, түсіндіру әісі, әңгімелесу әдісі, кітапты пайдалану әдісі, грамматикалық талдау.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов [17] өз ана тіліндегі сөз ақыл-ой дамуының асыл қазынасы, - дей келе, жасөспірімдердің лингвистикалық тәрбиесінің өмірге келген сәттен бастап, өз ана тілінде жүргізілу керектігін ерекше атап көрсеткен.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Мектепте құқықтық тәрбие беру

Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың қолында. «Жаңа ғасырға» қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз.
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиелеу.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері

Тақырыптың көкейкестілігі: Жер бетіндегі биік таулардың айнала қоршаған орта үшін, ондағы болып жатқан әр түрлі ішкі және сыртқы әрекеттердің, жер шарындағы тірі ағза мен климаттық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әсіресе, оның жер бетіндегі климат пен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда ерекше қызмет атқаратыны белгілі. Бұл әрекеттер жер асты процестерінде түрлі тектоникалық және геологиялық қозғалыстар мен ауытқуларға негіз болады. Осы болатын географиялық құбылыстар жер беті тауларымен, әсіресе биік тауларымен тығыз байланысты [1].
Дүниежүзіндегі ең биік таулардың негізгі бөлігі Азия территориясында бой көтерген. Бұл таулар өзінің физикалық-географиялық жағдайымен дүниежүзілік таулардан өзінің ерекшіліктерімен оқшауланып тұрады. Ең алдымен оның географиялық орналасуы мен географиялық қалыптасуы, жер бедері, климаты табиғи ландшафтысы және өзендерінің гидрологиялық режимдерімен ерекшеленеді [2]. Сонымен қатар, жер шарындағы табиғат нысандарының ішінде ораграфиялық жағдайы бойынша да зерттеуге өзекті сипат береді. Осындай өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктері» – деп белгіледік. Себебі, бүгінгі күні болып жатқан табиғаттағы ырғақтылық құбылыстардың өзгеруі мен қалыптасуында Азияның биік таулы аймақтарының алатын орны ерекше. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары

«2003-2015жж. ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаты – экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізу, сонымен қатар шикізат бағытынан қалдықтың болуына себепші болу, ұзақмерзімді сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін дайындыққа жағдай жасау».
Бұл бағдарлама ауылда шаруашылықты пайдалы жүргізу мен өндірістің құлдырауының алдын алу мақсатында, азық-түлік өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені қолдануға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған .
Өндірістің пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі олардың шамалары эффекттің қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | Манипулятордың иіннің буынның электржетекшісінің моделі

Кіріспе
Қазіргі таңда ешбір өндірісті өндірістік механизмсіз елестете
алмайсың. Көптеген заманауи жұмыс машиналарын
және өндірістік
механизмдерді, транспорттарды, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық
шаруашылықта, технологиялық процестерді қазіргі басқаратын автоматтанған
электржетек түріне дейін ұзақ даму процесін басынан өткізді. Заманауи
элетржетектің қуат қолданылуына байланысты шектері – бір қозғалтқыштағы
он мыңдаған кВ-тан жарты ваттқа дейін. Заманауи автоматтандырылған
электржетегі - жұмыс машинасының бөлігін қозғалтуға және оның
технологиялық процесстерін басқаруға арналған күрделі электромеханикалық
жүйе. Ол 3 бөліктен тұрады. Электромеханикалық энергияны түрлендіретін
электрлік қозғалтқыш технологиялық процестерді басқаруға арналған басқару
жүйесі болып табылады.
Техниканың кез келген саласында автоматтанған электржетегінің
көмегінсіз қозғалған ешбір заманауи
өндірісті
айта алмаймыз.
Электржетегінде электр энергиясын механикалық энергияға электр
қозғалтқыш түрлендіреді. Электр қозғалтқыш түрлендіргіш және басқарушы
құрылғы арқылы механизмдердің өндірістік талаптарына сай электржетектің
статикалық және динамикалық сипаттамаларының қалыптасуына байланысты
басқарушысы
болып табылады. Өндірістік процестің күрделігі жұмыс
машинасының қозғалу сипаттамалары мен түрлеріне тәуелді.
Қозғалудың түріне байланысты бір бағытты айналмалы қозғалыс және
ревестивті айналмалы
болып қозғалыстарды қамтамассыз етеді.
Қозғалтқыштың сипаттамасы мен басқарушы жүйенің мүмкіндіктері
механизмнің мүмкіндіктерімен технологиялық операциялардың
орындалуының дәлділігін анықтайды. Электромеханикалық жүйенің қасиеті
жұмыс машинасының маңызды көрсеткіштеріне, технологиялық
процестерінің экономикалық эффективтілігі мен сапасын анықтауға маңызды
әсер етеді. Автоматтанған электржетектерінің дамуы машина
конструкциясының жетілуіне, технологиялық процестердің түбегейлі
өзгеруіне, халық шаруашылығының барлық салаларында үлкен прогреске
алып келеді. Сондықтан электржетек теориясы – электромеханикалық жүйе
жалпы қасиеттерін зерттейтін, қозғалыстың басқару заңдарын, берілген
көрсеткіштерге байланысты жүйелердің синтездеу қабілеті бар техникалық ғылым.
Жетілген электржетегін құрастыру электромеханикалық
құрылғының типін таңдау және оның технологиялық процесіне байланысты
басқару жүйесі осы процесте жұмыс атқаратын бөлек механизмдеріне
байланысты критерилерді қанағаттыру кезінде құрастырылады. Оның
ерекшелігі халық шаруашылығының әртүрлі салаларына байланыстылығымен
түсіндіріледі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны қағидалары және даму шарттары

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек»[1, 4б.].
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

Қазіргі кезде туберкулез ауруын дер кезінде анықтауда және емдеу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге қол жетуіне қарамастан, күні бүгінге дейін ол бүкіл әлемде кең таралып, медико - биологиялық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды]. Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: — Mycobacterium tuberculosis – адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. — Mycobacterium bovis – барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. — Mycobacterium avium – үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу

КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның өзіндік сана белсенділігін дамыту елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Жасөспірім шақтағы дүниетанымның қалыптасуы және қоғамдық белсенділіктің маңызы философия, әлеуметтану және психологиядағы ең бір өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірімдік кезең – адамның денелік дамуының, оның өзіндік сапасының жедел өсуінің, дүниетанымының қалыптасуының, кәсіптік таңдаудың аяқталу кездері және ересектер өміріне аяқ басуының басталуы. Адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана – сезімі өседі, жан дүниесі шыңдала түседі.
Бұл кезеңде дамудың барлық жақтары сапалы өзгерістерге жақындайды, саналы іс-әрекеттер қаланып, психологиялық жаңа құрылымдар, әлеуметтік құрылымдар қалыптаса бастайды. Бұл үрдіс жасөспірімдік шақтағы баланың негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Л.С. Выготский, А.Г. Ковалев, В.Г. Маралов, Г.К. Селевко, Я.Л. Коломенский, және т.б. педагог-психологтардың еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Дәл осы шақта оқушының психикалық дамуында, әсіресе өзіндік сана қалыптасуында қарым-қатынас ерекше мәнге ие болады. Сынып ішіндегі оқушылардың арасындағы және оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты көптеген психологтар зерттеген. Олар И.Я. Лемберг, Г.А. Цукерман, У.В. Дубровина, В.А. Крутецкий, Х.Т.Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсанбаева, А.М. Прихожин.
Жоғары сынып оқушысы өзін қоршаған ортаны тануда ішкі әлеміне дүниетанымдық сұрақтарын қояды: «Мен бұл әлемде қандай маңызға иемін», «Онда мен қандай орынды аламын», «Менің қандай мүмкіндігім бар», «Мен қандаймын», «Болашақта кім боламын?» және т.б.
Осы кезеңде жасөспірім мектептегі қызығушылықтарынан шығып өзін үлкендерше сезініп әр түрлі тәсілдермен үлкендер өміріне араласқысы келеді: қысқа мерзім күйінде өмірлік бағдарламаны жасап шығару, «кім боламын» сұрақтарына жауап табу, мамандық таңдауын белгілеу, тұлғалық және моральдық, яғни рухани өзін-өзі билеу сияқты сұрақтар мазалайды..
Жасөспірімдік шақта өз ерекшеліктерін білгісі келуі, өз-өзіне ден қойып, кемшіліктерге назар аударуы ерекше орын алады. Аталмыш мәселелер төңірегінде көптеген психолог–ғалымдар жұмыс жүргізді. Мәселен: Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Н.А.Логинова, З.Фрейд, Ж.Пиаже, А.А.Бодалев, А.Г.Ковалев, А.Г.Асмолов, ал қазақ психологиясында: А.Жұмағұлов, Т.Тәжібаев, С.Ұзақбаева, М.Мұқанов және т.б. болды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін қалыптастырудағы даму мәселелерінің жүйелілік сипатымен негізделеді. Осы орайда зерттеу тақырыбын «Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты ─ жасөспірімдерде қарым-қатынастың психологиялық маңызын анықтау.
Зерттеу нысаны – қарым-қатынас дамуын зерттеу үрдісі.
Зерттеу пәні – жасөспірімдерде қарым-қатынасты дамыту тәсілдері.
Зерттеу болжамы – егер сабақ және сабақтан тыс уақытта жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылса, онда олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына, өз-өзіне деген қатынасының жас ерекшелікке сай қалыптасуына қол жеткізуге болады, өйткені, тұлғақарым-қатынасының құзіреттілігі қазіргі заман талабы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалык қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.
Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару - бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.
[right]
[/right]....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу

1.1 Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы. Бүгінгі таңда көптеген шаруа қожалықтары мал өсірумен айналысады. Мемлекетіміздің елбасы осы салада жұмыс атқаратын кәсіпкерлерге мал өнімдерінің сапасын әлемдік сұраныстар мен стандарттарға сай және бәсекелестікке төзімді кластерлі түрде дамуды ұсынып отыр. Айта кету керек осы бағытта тез арада аяқтан нық тұрып, ауқымды пайда алу үшін салынатын салық мөлшерінің азайтылуы, несие алудың жеңіл және тиімді жолдары ұсынылуы сияқты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жасалып отырған жағдайлар Қазақстанның әлемдегі 50 дамыған елдер 5 қатарына енуіне өз септігін тигізері анық.
Қазақ халқы ата заманнан төрт түлік мал өсірумен айналысқан, алайда заман ағымына сәйкес басқа да жануарлар өсіруге бет бұрған шаруашылықтар өте көп. Қазіргі таңда ұсақ және ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде әр түрлі ауруларды, соның ішінде инва-зиялық ауруларын атауға болады. Инвазиялық аурулар Қазақстанның барлық аймақтарында кездесіп, ауылшаруашылық малдарының барлық түрін зақым-дайды. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді.
Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын өркендетуге кедергі болып отырған инвазиялық аурулар тудыратын гельминттердің ішіндегі маңыздысы эхинококк құрты болып табылады [1, 2, 3, 4, 5]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық