Философия | Еркіндік құндылық ретінде

 Философия | Еркіндік құндылық ретінде

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................3-6
1тарау.Еркіндік мәңгілік мәселе.............................................7-15
1.1.Әлемдік философия тарихындағы еркіндік мәселесінің қаралуы.......................................................................................15-18
2тарау. Қазақтың «бес арысы» атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік мәселесі.
2.1.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)- рухани еркіндік жаршысы.....................................................................................17-22
2.2.Әлихан Бөкейханов (1966-1937)-ұлттық демократия көсемі...........................................................................................22-25
2.3.Міржақып Дулатов (1885-1935)- саяси еркіндікті саралаушы...................................................................................25-31
2.4.Жүсіпбек Аймауытов (1889-1938)-азаттыққа жетелер ағартушылық жолы....................................................................31-38
2.5.Мағжан Жұмабаев (1893-1938)-өлеңдеріндегі еріктілік өрнектері.....................................................................................38-46
Қорытынды....................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................48-49

Кіріспе.
Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі.
Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы,
еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші
әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі.
"Кеңісіік пен уақыт еркесі" болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін , салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.
Біздің ата - бабаларымыз осы еркіндікті мәңгі көксеген . Оған айғақ ретінде осыншалық үлкен аймақты ешкімнің еншісше бермей сақтап ілгендігін айтар едік . Мұның себебі, өздерін ешкімге бағындырмау,өз еркіндіктеріне иелене білу , сонымен қоса , көшіп - қонып жүрген, қалыпты тұрмыстарынан ауытқымау мақсатында кеңістіктерін тарылтпау . Осындай көшпелілердің өзіне ғана тән түсініктеріне байланысты тиісті ділі туындайды . Көшпенділік дәстүр - еркіндіктің бірден - бір әрі бірегей түрі болғандықтан, осы мәселені қарастыруда екінші шарт болып табылады . Ал , енді үшінші қозғаушыға келетін болсақ, ол бүгінгі таңда үшін біз еркіндік мәселесінің өзекті болып отырғандығы. Бізге қан төгіссіз,Құдайдың сыйындай болып берілген тәуелсіздіктің мәнін түсіне білу қажет.Оның саяси тұрғыдағы маңызы мен қатар рухани еріктілік барысы да барын осы естен шығармаған жөн болар еді. Еркіндік босып кету еместігін түсіне білу біз үшін аса құнды. Болашаққа баянды ғұмыр кешуге , өркендеп өсуге рухани еріктілікке жету керек. Ерікті адам бәріне байыппен қарайды, науқани нәрсеге асықпайды, өз заманынан сәл алшақ тұрады.Себебі, дәуірдің келбетін жасайтын тек қана саясат емес , ішкі рухани ағымдар. Оларды қалыптастыру үшін уақыт керек, тиянақты еңбек керек. Осы еңбектің бастамасы ретінде зерттеліп отырған жұмысты айтуға болады.Практикалық айналымға түспес бұрын кез - келген дүние теориялық негіздемеден өтетіні белгілі . Батыстық көзқарастардың бірқатарын қарастыру арқылы өзімізге қажеттілерін назарға алып, құндыларын қолдануымыз керек.Олар жүріп өткен жолға түскен біздер үшін таңсық болмауға тиіс түсініктермен өз тәжірибемізді толықтыра түскеніміз абзал . 20 ғасырдың басында "қазақтың көгіне өрмелеп шығып , күн болуға тырысқан " қазақтың "бес арысы" атанған ұлы ұлдары ертеңі үшін ерекше еңбек атқарған зиялылар Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев ой толғаныстарындағы еркіндік мәселесіне қатысты тұжырымдарын таныту өте маңызды болып табылатындығы дау тудырмас .
Жалпы "қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән" болғанымен де қазақ зиялыларының озық ойлары философиялық тұрғыдан қарауға түсуге әбден хұқылы. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, енді ел болып келе жатқан шақта өз ой өрімдеріміздің өрнектеріне өрлей білгеніміз дұрыс - ақ . Бұл жұмыста батыстың көзкарастарды тізбектеп өтумен қатар 20 ғасыр басында ұлт еркіндігі үшін күрескен қайраткерлердің еркіндік мәселесі хақындағы көзқарастарын талдауға талап жасалады .
Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі:Адам ерте замандардан бері
тілеп келе жатқан бір арманы –еркіндік. Еркіндік адамға ғана өзге де қасиеттердің қатарында елеулі орын алады . Адам өзіндігін сезіну үшін , тұлғалығын таныту үшін еркін әрекеттер жүзеге асырып отыруы қажет. Сол себепті де еркіндік мәселесі мәңгі қаралып келе жатқандардың есебінде .Еркіндіктің мәнін ашу , оның қаншалықты дәрежеде болатындығын анықтау маңызды . Сондықган да адам баласы өмір сүретін қай уақытта, қандай кеңістікте болмасын еркіндік мәселесі қойылып отырады.Сол себепті, осы маңызды мәселенің мәнін дұрыс ашу жолында жүмыстар жүргізілуі тиіс.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:Диплом жұмысының негізгі мақсаттары 20 ғасыр басында Қазақстандағы ойшыл - ағартушылар " бес арыстың " еркіндік мәселесін қарастыруына көңіл бөлу . Осы ретте зерттеудің басты міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады;
- еркіндік мәселесінің маңыздылығын ашу;
- Әлихан Бөкейханұлы демократиялық көзқарастарына назар аудару; - Ахмет Байтұрсынұлының рухани еркіндігінің ерекшеліктеріне көңіл бөлу
- Міржақып Дулатовтың саяси еркіндігін таныту;
- Жүсіпбек Аймауытовтың халық еркіндігі жолындағы ағартушылық ойларына орын беру;
- Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы адам еркіндігінің жырлану жайын анықтау; -- Еркіндік мәселесін философиялық тұрғыдан талдау;
Диплом жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Әлемдік философия тарихи өкілдерінің еркіндік туралы ойлары тікелей беріліп , сонымен қатар "бес арыс" атанған ойшыл- ағартушылар ілімдерінен еркіндік мәселесі қарастырылған , яғни , осы ойшылдар еңбегі нұсқау болған .Теориялық талдау тұрғысынан талдау және синтез, жалпылау мен жекелік әдістері қолданылады .
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні зерттеудің нәтижелерін қазақ әлеуметтік философиясының тарихы мен саяси қоғамдық ой - санасын теориялық зерттеу, оны әрі қарай тереңдете түсу үшін қолдануға болады . Бұл жұмыс еркіндік мәселесінің бірқатар қырларын ашады . Бірқатар әлемдік философияның көрнекті өкілдерінің озық ойлары мен қазақ зиялыларының пікірлері бірдей орын алып, салыстыру жасауға , бірге қарастыруға мүмкіндік береді . Сонымен қоса тәуелсіздіктің таңы арайлап атып келе жатқан біздер үшін еркінсіздік мәнін шынайы түсіне білу үшін қатысы болар деген пікір бар.


Диплом жұмысының зерттелу дәрежесі:Дүние жүзілік философия өкілдерінің қай - қайсысы да еркіндік мәселесіне көңіл бөлген . Дегенмен де, осы мәселе тұрғысынан жүйеге түсқазіркен , топтастырылған еңбек жоқ . Ал , қазақ философиясы бойынша жазылып жатқан еңбектер, зерттеліп жатқан дүниелер аз емес .
Еркіндік мәселесі бүгінгі таңда да , осыған дейін де маңызды болғандығын таныту . Сонымен қоса, әлемдік философияның көрнекті өкілдеріне пара - пар қазақ философиясында да осы мәселе кеңінен қаралып , терең түсінілгендігін байқату .
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Еркіндік - мәңгілік мәселе. Әлемдік философия тарихында еркіндік мәселесінің таралуы.
Адамзаттың жинақтаған рухани қазынасында философиялық ой
кешудің мәні терең. Философияны толғандыратын мәселелер қатарының ауқымы шексіз . Даналық ой ағымы дүниенің барша қыр - сырына өз тұрғысынан қанық болғысы келеді. Сондай мәселелер қатарына еркіндік идеясын да жатқызуға болады . Адам баласы сонау Адам Ата мен Хауа анадан өмірі басталып , өзінің ұзақ ғұмыр кешуінде әрдайым осы мәселемен, яғни, еркіндік түсінігімен ұшырасып отырған десек, артық айтпаған болар едік . Ықылым замандардан бері қаншама қақтығыстар мен соғыстарда құрбан болған бір ғана игі мақсат - еркіндікке ұмтылғаны аян.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады . Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған .
Алдымен, еркіндіктің өзі туралы тарамдап айтып алған жөн болар. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар аударамыз . Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады . Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем . Адам қуылым замандардан бері еркіндік армандаумен ғұмыр кешіп келеді. Оның түсінігіндегі еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды . Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді . Әркімнің өзімен - өзі болуы және әркез әрекет етуі бостандықтың саяси жүйесі демократияның нақты қоғамда өмір сүру дегеніміздің өзі - бір орталыққа бағынуды, шоғырландыру , топтасуды , басқа біреумен байланысқа түсу дегенді білдіреді. Яғни, абсолютті еркіндіктің болуы мүмкін емес .
Егер де шексіз еркін боламын десең толық оқшаулану қажет Оқшауланушылықтың мәні бахтиндік сұхбаттастық концепциясында тамаша ашылады .
М . Бахтин өз ойларын екі адамның , яғни екі субъектінің өзара қарым - қатынас аясы арқылы түсіндіреді . Ол өзіңді және сенімен байланысқа түсуші адамды көріп қана қою жеткіліксіз дегеннен шығады . " Мен белгілі адамды қанша көріп тұрсам да, өзімді қаншалықты білсем де , біздің өзара қарым - қатынасымыздың шындығына жетуім керек ' , - деп жазды Бахтин. Ғалым кез - келген адамның өмірін өзге индивидпен органикалық байланыста қарастырады . Олсыз қалыпты адам өмірі мүмкін емес. Саяси еркіндіктің нәтижесі демократия болып табылады . Қазіргі кезде жер бетіндегі өркениет көшіне ерген елдердің мақсат етіп отырған күрделі саяси жүйесі демократия осының көрінісі болмақ.
Демократия - индивидтің толық дамуы үшін экономикалы, саяси мәдени жағдай жасайтын жүйе .
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай толық демократиялық қоғам мүмкін емес, бірақ осы жүйенің қағидаларының сақталуына үнемі қадам жасап отыру. Сондықтан да , еркіндік мәселесі сөз болғанда , өркениетті қоғам тұрғысында ол өзінше сипат алатындығын көріп отырмыз . Яғни , еркіндік дегеніміз ешқашан да бетімен кету болуы мүмкін емес , белгілі бір адам қалаған әрекеттерін жүзеге асыра алу мүмкіндігі болса керек.
Осы ретте Ғ . Есімнің мынадай сөздерін келтіре кетуге болады : «Еркіндік саясаттан биік ұғым . Еркіндіктің шын болмысын ізгілік пен парасат арқылы түсіндірген абзал . Еркіндік деген әркімнің бет - бетімен босып кетуі емес, өз еліне деген тәуелділік санасы болса керек »./1/
Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар .Бұл дегеніміз , өз бетінше өндірісті дамытып , ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру. Еркіндікті тек саяси мәнімен шектесек қателескен болар едік. Еркіндік саясаттан биік ұғым ' деп айтып өткендей енді оны адам тұрғыдан қарастырып көрелік . Әлемдік философия тарихы қаншама кезеңді канша дана ой иелерін өз бойынан өткізгенімен де еркіндік мәселесі бағзы заманнан бүгінгі таңға дейін маңызды мәселелер қатарынан ойып өз орнын алған. Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар , ол еркіндік. Адам саналы тіршілік иесі ретінде жануарлар әлемінен лайықтылық сезімі арқылы бірден көрініп шықты . Адам лайықтылықты өз болмысының маңызды бөлшегі ретінде санайды , ал бұл белгілі бір әрекеттер еркіндігінсіз мүмкін емес. Адам өзін еркін сезінгенде , өзін өмірдің қожасы ретінде қабылдайды , мұнсыз ол жеке тұлға ретінде белсенділік таныта алмай қалады . Адам оған қанша ұмтылғанымен де абсолютті еркіндік бұл өмірде жоқ . Міне , нағыз шындық осы! Алайда, адам үшінші еркіндікті іздеуде. Даналық ой ағымы тарихында еркіндік мәселесін байыптағандардың бірнешеуіне тоқталып кетейік.
Негізінен , тарих ашық түрде еркіндік «Әрекет етуге бөгет жасамаңдар » деген ұранман буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде 17-18ғ. енген болатын . Бұған бұл ұғым қарастырылмаған деген түсінік тумауы тиіс, әрине . Жүйелі түрде осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін шолу жасап көрейік.
Ағылшын философы Томос Гоббстың пікірінше , еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы . Еркін адам болу деген не сұраққа мынадай жауап аламыз . «Өзіндік және кең тараған мәніне сай еркін адам» - өзінің табиғи ақыл қабілеттеріне қарай өз қалағанын жүзеге асыруға сырттан кедергі жасайтын ешнәрсе жоқ тұлға Бұны тірі тәнге емес, заттарға қолданылатын болса, ол теріс , себебі қозғалысқа қабілеті жоқ нәрсе кедергіге де кездестіре алмайды , ерік еркіндігі дегенннен, адам еркіндігін түсінеміз./2/ Гоббстың көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы . Еркіндік пен қажеттілік үйлесе алады.Мысалға.,өзеннің суының өз арнасымен тек қажеттілік емес , еркіндік те , сондай үйлес адамдардың ырқымен жасаған істерінен де көреміз.Негізінде, ерікті әрекеттер адамдардың ырқынан, ал ырық еркіндіктен, адамдардың ырқынан әрбір акт, тілек және талпыныс белгілі бір себептен, себептер тізбегінен болғандықтан оның бәрі қажеттіліктен туындайды.Осы байланыстарды көре алатын адамға адамдардың еркінсіген әрекеттердің қажеттілігі айқын болар еді. Бәрін көріп, бәрін реттеп отырған құдай,адамдар қалаған нәрсесін істеп жатқанда да содан қажеттілікті, құдайдың өз қалағанының болып жатқанын да көреді. Адамдар құдайдың қаламаған да көп нәрселерін істейді, оған , бірақ, құдай жауапты болмаса да, адамдарда еш нәрсеге құштарлық та, құмарлық та құдайдың ырқынсыз болмас еді. Егер де құдайдың ырқы адам ырқының және сол ырықтан шығатынның бәрінің қажеттілігін қамтамасыз етпеген болса , онда адамның еркіндігі құдайдың құдіреттілігіне және еркіндігіне қайшы келіп , кедергі болар еді . Осыдан бірден - бір еркіндік деп түсінілетін табиғи еркіндік жөнінде түсінік алуға болады .
Т.Гоббстың осы мәселені баяндайтын «Еркінділік және қажеттілік туралы » деген еңбегі де бар .
Француз ағартушылығы көсемдерінің бірі әрі философы Вольтердің еркіндік хақында өз ойлары бар .
Волътер пікірін назарға алсақ. Ырықтық еркіндігі туралы мәселеден қарапайым мәселе жоқ сияқты,бірақ, одан жаман шатастырылған да мәселе жоқ.Философтардың кездескен қиындықтары,олардың құдайдың құпиясын біліп алуға және оны ырықтың еркіндігімен ымыраға келтіруге ұмтылған астамшылығы , еркіндік идеясының оны түсіндіруге тырысқан сайын күңгірттене беруінің себебі болды. Адамдар енді осы сөзді оған байланысты қиындықдыктармен бірге еске түсірмесе айта алмайтын халге келгендігі сондай, қазір адамның еркіндігі бар ма деген сұрақ туғанда бірін –бірі түсінбейтіндей болып қалған.
Ырқыңды айқындап әрекет жасау еркіндік деген сөз . Құдайдың өзі де тек осы мағынада ерікті.
Ол осылай етуді қалады және солай етті де.Егер осының ырқы қажетті себептілікпен нықталады, «оған солай еткенді қалау қажетті болды"десек,ол бір: «құдай бар әрі жоқ» деген сияқты мағынасыз сөз болар еді, өйткені егер құдай қажеттілік болса, содан бастап ол болмаған болар еді.Еркіндік іс - әрекетке деген айрықша мүмкіншілік . Егер тас өз еркімен қозғала алатын болса,ол ерікті болған болар еді. Хайуанатармен адамдардың сондай мүмкіндігі бар,олай болса олар ерікті.
Адамдар еркіндік жоқ деп қандай негізде ойлаған? Мұндай адасудың себептері мынадай: о, бастан көзге түсетін нәрсе - екінің бірінде біз өзімізді баурап алатын құмарлықтардың тұтқыны болып жүреміз. Өзіне адалдығы болмаған ашынасын адам сүйгісі келмес еді, бірақ оның зердесінен күштірек оның құмарлығы оны соған қайта соқтырады, бойды кернеген ашу мен ыза зорлық қимылдарға ұрындырады; біз жайбарақат тыныш өмір сүргіміз келеді, бірақ атаққұмарлық бізді не бір бүліктерге жетелейді./3/
Осындай көзге көрініп, аяқ-қолымызды матап тұрған кісендер біз барлық өмірімізде де кісенделеміз деп ойлауға итермелейді. Содан былай қорытады:адамдар өздерін сондай толғантатын қатал сілкіністердің ағымында жүреді, кейде оны белгілі бағытты қозғалыстар бағындырып алып кетеді: ол - құл, көбіне ол өз кісендерінің ауырлығын да, масқаралығын сезе бермейді, бірақ ол бәрібір құл. Осындай пайымдаулар-адам дәрменсіздігінің логикасы, ол адамдар кейде ауырады, ендеше олар ешқашан сау болмайды деген сияқты пікірге саяды. Күшті құмарлық билеп алған кезде сіздің сезімдеріңіз ырқыңызға бағынуды қояды: осындай сәтте сіз параличпен ауырып көтерейін деген қолыңызды көтере алмай қалған кезіңізден еркінірек емессіз. Адам өмір бойы дөрекі құмарлықтар мен бейнелердің тұтқыны болатын болса, оның адамдығының екінші жағы - оның ойлағысы келетін нәрселер туралы ойлай алатындығы болмас еді. Басқалардан гөрі білімдірек, ойлырақ, қуаттырақ адамдар, күмән жоқ бар. Еркіндік—жанның саулығы; оның толық әрі тұрақты дәрежесінде оған ие болатындар аз. Біздің басқа қабілеттеріміз сияқты біздің еркіндігіміз, әлсіз шектелген. Өзімізді ойлануға үйрету, тағы басқа жаттықтырулар арқылы біз оны нығайтамыз, біршама күшейтеміз. Бірақ біз қанша күш салсақта біздің зердеміз барлық тілектеріміз бен құштарымызға ие бола алмайды. Біздің тәніміз сияқты, біздің жанымыздың да бізге тәуелсіз ұмтылылыстары болады. Біз еркінбіз, зерделіміз, өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Біз әрқашан еркін болсақ, онда біз құдай болған болар едік. Табиғатта өзіміздің үлесімізге тиген орынды қанағат етейік. Бірақ тым астамшылыққа салынып, біз ләззат беретін нәрселер жетіспейді деп мазаланып, құдайға ғана тән нәрсе бізде жоқ екен деп, адамда бар қабілеттерден бас тартпайық......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 014



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі