Педагогика | Мектептердегі орта білім беру жүйесінің реформалары

 Педагогика | Мектептердегі орта білім беру жүйесінің реформалары

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫНА САЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
1.1.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудегі кемшіліктер және осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері....................
1.2.Халыққа жалпы орта білім беру жүйесінде халықаралық байланыстың маңыздылығы....................................................
2. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ:
2.1.Орта білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны............................................................................
2.2.«Білім туралы» жаңа Заң қазіргі білім жүйесінің дамуының кепілдігі................................................................................................
3.БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗУДІҢ МӘНІ:
3.1.Білім беруді технологияландыру...................................................................
3.2.Орта білім беру жүйесіндегі 12 жылдық білім беру моделін оқытуды ұйымдастыру мен дамыту....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................
ҚОСЫМША.............................................................................................................

КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе. Мемлекеттің өркендеуін, даму деңгейінде жоғары көтерілуін, бәсекеге қабілеттілігін, дүние жүзілік нарықта өз орнын ала білуін білім сапасы анықтайды. Ал білім дегеніміз – ұлттық байлықтың маңызды құрамы, ал адамның білімділігі, шығармашылыққа ұмтылуы, жан жақты дамуға қызуғышылығы және оған жүктелген міндеттерді шеше білуі елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының, өркендеуінің, алға қадам басуының негізі.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына баса назар аудару қазіргі таңдағы кезек күттірмес, өзекті мәселенің бірі болып отыр және де менің ойымша бұл заңды құбылыс. Себебі, мектеп табалдырығында алынған білім жастардың әлеуметтік – экономикалық және саяси үрдіске белсене араласуы мен қоғамдағы өз орнын табуының басты әсер етуші факторын құрайды. Мектеп қабырғасында алынатын білім – үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі үш деңгейін құрайды: бастауыш, негізгі және орта мектеп.
Біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың саяси және әлеуметтік, экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін қалыптастыруға, жаңа реформалар жүргізіп, біраз өзгерістер енгізген болатын.
Білім беру халық өмірінің рухани және өндірістік саласын қоса алғанда республика халқының, оның көп ұлтты және көп мәдениетті құрамын, қоғамның көші-қон және жалпы демографиялық даму беталысын, «бүкіл өмірге арналған білім» моделінен «бүкіл өмір бойғы білім» моделіне көшуді ескере отырып елорданың барлық қоғамдық жүйесін тұрақтандыру мен дамыту құралдарының бірі болып табылады. Ол түрлі бағыттағы басым міндеттерді шешу кезінде ресурстар концентрациясына негізделеді.
Білім беру саласында реформалар жүргізу уақыты аралығанда бірқатар батыл қадамдар жасалған болатын. 1999 жылдың маусым айнда қабылданған “Білім беру туралы” заңында білім берудің жаңа, ұлттық моделі ұсынылды. Ол Халықаралық білім беру классификация стандарттарына сай, ЮНЕСКО-мен ұсынылған болып табылады. Соған орай үздіксіздік принципіне негізделген білім берудің 4 деңгейі ұсынылып отыр:
• Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
• Орта білім;
• Жоғарғы білім;
• ЖОО кейінгі білім.
Соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде біршама өзгерістер орын алды. 1990 жылдардың аяғына қарай білім беру саласында қаржыландыру көлемінің азаюы сынды, білім орталықтарының біршама орындарының жабылуы, жалпы алғанда жүйеде дағдарыс байқалған болатын. Қазіргі таңда білім беру жүйесі тұрақтану кезеңіне өтіп, инновациялық үрдістердің дамуы, ұйымдар мен білім беру басқарма салаларының кеңеюі Қазақстан Республикасының азаматтарының білімін арттыруда біршама оң нәтижиелер көрсетіп отыр /1.56/.
Диплом жұмысының тарихнамасы. Орта білімді, орта білім беру жүйесін дамыту, яғни деңгейін көтеру проблемаларымен әр кезеңдегі зерттеушілердің көптеген еңбектері бар. Олардың қатарында Б.Л.Вульсон, А.Н.Джуринский, Ю.Н.Афанасьев, Е.А.Бетяева, Л.В.Ветерникова, Н.М.Воскресенской, В.К.Ельманова, М.Н.Кларин, П.Скотта және т.б. еңбектері. Олардың зерттеулерін оқи отырып, әлемдегі орта білімді дамытудың 9 бағытын бөліп көрсетуге болады.
1. Орта кәсіби білімнің (массовость) күшейту.
2. Орта білімнің жаһандануы.
3. Орта білімнің ашықтығы мен вариативтілігін күшейту.
4. Орта білімді диверсификациялау.
5. Орта білімді гумандандыру және оның құрамдас бөлігі ретінде гуманитарландыру.
6. Оқу үрдісін интенсивтендіру.
7. Орта білімнің икемділігін күшейту.
8. Орта білімдегі интеграциялық тенденциялар.
9. Орта білімді дербестендіру ( индивидуализация ). /Г.К.Ахметова, З.А.Исаева. Педагогика., Алматы 2006 ж. /8. 65/.
Балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П:Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев және т.б. болып табылады /15.153/.
Ұжым мәселесін зерттеуде А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко: “Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға болмайды, тек ғана ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан-жақты дамыту, оның нағыз еркіндігі және қызығулары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін”. А.С.Макаренко балалар ұжымын ұйымдастыру және топтастырудың педагогикалық жүйесін негіздеді және тәжірибеде ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу әдістемесін байқап көрді, педагогика ғылымын байытуға ерекше үлес қосты. 1990 жылдары негізгі көңіл дидактиканың жалпы проблемалары мен жеке пәндердің әдістемесіне бөлінді. 1995 жылдары қабылданағн мектеп туралы қаулылар білім беру мен оқытудың теориясы дамуының негізгі бағыттарын анықтап берді /14.23/.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні. Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді.
Диплом жұмысының деректік негізін Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы, Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Президентiнiң № 3645 өкiмiмен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекiтiлген ), Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн ақпараттандыру бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң № 616 қаулысымен 2001 жылдың 10-мамырында бекiтiлген), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”, нормативтік құжаттар мен ережелер, Халықаралық ЮНЕСКО конгресіндегі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Журиновтің баяндамасы және т.б. құрайды /1.43/.
Диплом жұмысының мақсаты:
• Білім беруді реформалау саласындағы мемлекет саясатты іске асыру жөніндегі жүйелі шаралар кешенін, зерттеп, талдау;
• Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау;
• Қолданыстағы білім нысандарының желілерін сақтау мен кеңейту мәселелеріне көңіл бөлу;
• Орта білім жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұнын анықтай отырып, Қазақстанның мектептеріндегі білім беруді дамыту мәселелеріне көңіл бөлу;
• Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін тиімді дамыту үшін жағдай жасау жолдарын анықтау;
• Білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәнін ашып көрсету;
• Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы мен болашағын зерделеу.
Диплом жұмысының міндеттері: Алға қойған мақсаттарды орындау үшін келесі міндеттерді атқарамын:
• Осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдерін айқындай отырып, өз ұсынысымды келтіру;
• Білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталу;
• Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар және заңдармен танысу;
• Балалардың ерекше санатының, оның ішінде дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім сұраныстарын қамтамасыз ету;
• 12 жылдық жалпы орта білім беруге кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру;
• «Білім туралы заңға» шолу жасау;
• Елбасы реформалары мен жыл сайынғы жолдауларын саралау;
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Бітіру жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Дегенмен Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін алғанда орта мектеп базасы назарда болды. Яғни, зерттеу жүргізу барысында оқушы қауымының психологиялық танымы, мативтік жағдайдағы ескерілген.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі дейінгі кезеңді қамтиды, яғни 1991-2012 жылдар аралығы.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни қорытынды, тәжірибелік ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмысымдағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.

1. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫНА САЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

1.1.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудегі кемшіліктер және осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері

Жалпы білімнің жүйесі, жағдайы – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қалыптасуы Кеңес Одағы кезінен бастау алатын ауқымды үдеріс болып табылады.
1991 жылы жаңа үлгiдегi мектептер мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары: лицей, гимназия, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер өмiрге келдi. 2003 жылы республикада — 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлiк және гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс iстедi. Сондай-ақ, 312 кәсiптiк-тех. мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды. 1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бiрдей мiндеттi әрi тегiн орта бiлiм беру бағыты жарияланды. Қазақстан Республикасы “Бiлiм беру туралы” жаңа Заңында да (1999 жылы 7 маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш (1 — 4 сыныптар), негiзгi (5 — 9 сыныптар) және жоғары (10 — 12 сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекiтiлдi. Орта (толық) бiлiм алудың түрлi жолдары айқындалды. Орта бiлiм жалпы бiлiм беретiн (күндiзгi, кешкi) және кәсiптiк мектептер (лицейлер) мен колледждерде берiлетiн болды. Мұнда оқушы кәсiби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. “Бiлiм беру туралы” Заңға сәйкес бұрынғы нормативтiк құқықтық негiз жаңартылып, мемл. “Бiлiм” бағдарламасы жасалуда. Бұл бағдарлама бiлiм беру жүйесiн реформалауды қазiргi экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайға сәйкестендiредi /5.346/.
1990 — 1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында бiлiм саласына қатысты оннан астам мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Олар: “Дарын” мемлекеттiк бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша Дарынды балалардың шығармашылық дамуын қолдау мақсаты көзделген болатын. Осы бағдарлама шеңберiнде 1997 жылы біздің республикамыздың сегiз облысында дарынды балалар үшiн арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар республикалық “Дарын” ғылыми-практикикалық орталық құрылды. 1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберiне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кiредi. 1997 жылы Орта бiлiм жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — республика мектептерiн мультимедиялық компьютерлiк сыныптармен қамтамасыз ету, бұл оқушылардың толыққанды және жан жақты дамуына қолайлы жағдай туғызады, сонымен қатар компьютерлiк оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, бiлiм берудi басқару жүйесiн ақпараттандыру мәселесін шешу. “Жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн оқулықтар мен оқу - әдiстемелiк кешендердi дайындау және басып шығару туралы” кешендi бағдарлама жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн жаңа үлгiдегi оқулықтар мен оқу - әдiстемелiк құралдар жасауды мақсат етедi. Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы тiлдердi оқытудың түпнұсқа бағдарламалары мен жаңа технологиясын дайындауды, қазақ тiлiн оқытуды тиiмдi жүргiзуге байланысты оқулықтар, аудиокөру, компьютерлiк бағдарламалар шығаруды көздейдi. Экологиялық бiлiм беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының бiлiм беру және басқа құрылымдарында үздiксiз экологиялық бiлiм берудi дамыту мен үйлестiрудi мақсат еткен болатын. Қазақстан Республикасында 1998—2000 жылдары кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi кешендi бағдарлама қабылданған болатын, бұдан басқа да бағдарламалар қабылданды /4.34/.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны негізгі орта білім беру деңгейіндегі міндетті оқу пәндерін жүйелі оқытудың аяқталатындығын ескере отырып құрылады. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымы жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында элективті саралау жүйесін ұйымдастыруға бағдарланған. Инвариантты және вариативті компоненттер жалпы білім берудің қызметтік толықтығын қамтамасыз ететін базалық мазмұнның құрамдас бөлігі болып табылады.
Инвариантты компонентке оқу тіліне, оқыту бағытына және жеке меншік түріне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлеріне міндетті оқу пәндері кіреді. Сонымен қатар міндетті пәндер негізгі орта білім беруден, яғни 10 сыныптан кейін лицей, колледждерде білім алушыларды оқыту үшін орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының жалпы білім беру компоненттерінің негізін құрайды. Жалпы алғанда міндетті пәндер базалық білім берудің біртұтас негізі ретінде мемелекет мүддесін анықтайды, білім алушыларды жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарды меңгеруге тартады.
Вариативті компонентке жеке және топтағы білім алушылардың білім алуға деген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бағдарлы пәндер, таңдау бойынша міндетті пәндер, қызығушылықтары бойынша курстар кіреді /6.26/.
Бағдарлы пәндер топ қызығушылықтарына сәйкес білім мазмұнын саралау қызметін атқарады. Оқытуды бағдарлау бағытын бағдарлы пәндердің жиынтығы анықтайды. Білім алушылар өз бетінше қабылеті,даму деңгейі мен білім алу ниетіне сәйкес оқыту бағыттарын (жаратылыстану- математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық) таңдайды.
Таңдау бойынша міндетті пәндерге таңдап алған оқыту бағыты бойынша бағдарлы пәндердің құрамына кірмейтін бірақ, басқа бағыт бойынша бағдарлы пән болып саналатын оқу пәндері жатады. Білім алушылар жалпы орты білім беру деңгейінде екі жыл көлемінде оқу қорытынды аттестациялау жүргізу үшін осы пәндер жиынтығының ішінен екі пәнді таңдап алуға міндетті.
Қызығушылықтары бойынша курстарға білім алушылардың әртүрлі жеке білім беру сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған элективті модульдік курстар жатады.
Базалық мазмұнның инвариантты және вариативті құраушылары ретінде барлық пәндердің мүмкіндіктерімен бастапқы қалыптасуы бастауыш және негізгі мектепте жүзеге асқан базалық, түйінді және пәндік құзыреттер дамытылады.
Әрбір білім саласының базалық мазмұны нақтылы оқу үдерісін жобалауға негіз бола отырып, оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелерге жету үшін пәнаралық сипаты ұқсас жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын кіріктіруді жүзеге асырады. Нақтылы пәндердің мақсат, міндеттеріне сәйкес базалық мазмұн оның өне бойынан өтетін пәнаралық сипаттағы мазмұнның келесідей аспектілерімен кіріктіріледі:
– қоршаған орта және табиғи әлемді сақтау;
– жергілікті және ғаламдық экологиялық проблемалардың жайы және оның туындауының себеп-салдарлары;
– тіршілік қауіпсіздігі және оны қорғау;
– ақпараттық технологияларды қолдану;
– Қазақстан Республикасының орнықты дамуына үлес қосу;
– мамандық әлемі.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны әлем және ондағы адамды біртұтас дүние ретінде қабылдауды қалыптастырудағы алған білімді жүйелейтін білім салаларының мазмұндық желілері негізінде құрылады. Білім салаларының мазмұндық желілері жалпы орта білім берудің инвариантты және вариативті компоненттерін құраушы оқу пәндерінің логикалық құрылымын анықтауға негіз болады /7.52/.
Оқу пәндерінің мазмұнын құрылымдау объектілік ұстаным негізінде нақтылы бір білім салаларының мазмұндық желілерінің әрбір келесі компоненттерін ашып көрсету төмендегі логикамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы қиыншылықтар.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алғаннан бері болып жатқан өзгерістер білім саласын да айналып өткен жоқ. Оның бір көрінісі орта білім беру жүйесінде проблемалардың болуы. Білім берудің қалыптасқан жүйесін өзгеріске түсіру оның мәні мен маңызын анықтап, оны ғылыми тұрғыда зерделеу қажеттігін тудырады. Дегенмен, Қазақстанның білім беру жүйесі өзінің ұлттық мазмұнын жоғалтып келе жатқанын айту керек.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 210



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!