Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту

Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту казакша Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................... 3

1 Ойын және ойын әдістерін мектепке дейінгі оқыту үрдісінде пайдаланудың теориялық негіздері
1.1 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні мен маңызы..................8
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары.............21
1.3 Ұлттық-дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде пайдалану
жолдары...............................................................................................................26

2 Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру
2.1 Дидактикалық ойындардың жіктемесі және ойын элементтерін пайдалану мазмұны............................................................................................35
2.2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәрижелері......................................39

Қорытынды.........................................................................................................53
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................55
Қосымша................................................................................................................57

Зерттеудің көкейкестілігі. Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «...елдің Туын, Елтаңбасын, Ән-ұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстаным - менің, Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптамын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» - деп көрсеткен болатын[1].
ХХІ ғасырда ғаламдану талаптарына сәйкес ғылым мен техниканың үздіксіз дамуы нәтижесінде адамзаттың заман талабына сай дамуының заңдылықтары негізінде көптеген дамыған елдердің және біздің еліміздің де білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер енуде.
Жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді [2].
«Білім туралы» Заңның 10-бабында көрсетілгендей жалпы білім беру жүйесі үздіксіздігі қамтамасыз етіліп, білім беру деңгейлері өзара байланыста, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты орта білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшу мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейіне де әсер етеді [9].
Міне, мемлекеттік заңда осылайша ерекше айқындалған білім берудегі осы талапқа сай мектепке дейінгі дайындыққа бүгінде баса назар аударылуда. «Білім туралы» заңда көрсетілгендей мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу балалардың 1 – 5 жасында өткізілсе, мектепке дейінгі оқыту 5-6 жастағы балалар үшін мектепалды сыныптарында жүргізіледі [9].
Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие болғандықтан, мектепалды дайындықты ойын іс-әрекеті арқылы жүргізу қажет. Мектепалды дайындықсыз білім беру іргетассыз үй соққанменен бірдей, білім негізі әлсіз, жүйесіз болады.
Мектепалды дайындықтан өткен балалар бастауыш мектепке жеңіл бейімделеді, оқу материалын тез және күрделі қиындықсыз меңгереді. Ойын іс-әрекеті арқылы мектепалды дайындық топ балаларының ақыл-ойын дамыту, мектепке даярлауды қажет етеді [5].
Себебі мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Балалардың бұл кезеңі өте жауапты сензитивті кезеңнің ерекшелігін еспке алу аса маңызды, өйткені баланың мектеп жасына дейінгі жас ерекшелік шақтан, кіші мектеп оқушысы кезеңіне өтетін күрделі, ауыспалы кезеңі бала әрекетінің саналы формасын қабылдауына ауысатын кезең болады. Нақты осы шақта балалардың іс-әрекет түрлері де бірте-бірте, ойыннан-оқу қарекетіне ауыстырылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ынталандырудың негізгі әдісі де ойын болып табылады. Ойын әдісі дегеніміз-оқытуды тиімді ұйымдастырудың, балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың, оқу материалын жеңіл меңгерту тәсілі. Ойын әдісіне: ойын-жаттығулар, ойын-тапсырмалар, логикалық ойындар, дидактикалық ойын түрлерін пайдалану, ребус, сөзжұмбақтар шешу, проблемалық жағдаяттар, силықты кезең, ойын-жарыс элементтерін пайдалану жатады. Оқыту-тәрбие үрдісін ойын түрінде жүргізу, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін, топсеруендерде, әртүрлі тәрбие іс-шараларында дидактикалық ойындар, логикалық ойын жаттығулар, проблемалық жағдаяттар, балаларды қызықтыратын ойын-жарыс элементтерін пайдалану керек [4].
Ойын – үнемі даму құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады.
Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады. Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады. Ойын адамның еңбек әрекетінен туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан адам мәдениетінің ең бір қызықты құбылысы болып есептелінеді [7].
Зерттеулерде ойын іс-әрекеті ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан адамдарды дамыту құралы ретінде танылады. Сол себепті ойындарға ғылыми талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және тәрбиелік маңызы бар екендігін дәлелдейді.
Ойындар, олардың сан алуан түрлері ежелден этнографтарды, психологтарды, археологтарды, педагогтарды және басқа ғалымдарды қызықтырған.
Қазақ халық ойындарының даму тарихына Э.Маккей, Марко Поло, Низам аль-мулюк, Рашит-ад-дин, Б.А.Куфтин, Ә.Диваев, Ә.Марғұлан, Н.Я.Бичурин сынды атақты ғалымдар өз еңбектерін арнады [10].
Балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақстанда тұңғыш еңбек жазғандардың бірі педагог Н.С.Құлжанова болды [12].
ССРО-дағы жалпы ойын теориясы Г.В.Плеханов, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко сынды атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Ойындарды ғылыми түрде зерттеу ісіне П.П.Блонский, С.П.Шацкий, В.Г.Марц, В.А.Сухомлинский, В.Г:Яковлев, Т.Е.Конникова, Э.В.Яновскаялар сияқты ғалымдар да назар аударды [15-17].
Халық ойындарына, олардың мазмұны мен өткізу әдістеріне Л.Посынковтың «Кавказ халықтарының ойндары мен тұрмысы», Г.Ш.Абсолямовтың «РСФСР-дағы спорттың ұлттық түрлері», С.Г.Гагиевтің «Осетия ұлттық ойындары», Н.Турсуновтың «Тәжік халық ойындары және спорт», М.Ш.Ахметовтың «Адигей халықтарының ұлттық ойындары» және басқа еңбектер арналған [16].
Ғалымдар ойынды балалардың іс-әрекеті ғана емес танымдық әрекет деп қарастырған, ойынды оқушының ізденіс – шығармашылық құралы ретінде зерттеген. Ғалымдар рольдік, шығармашылық ойындардың теориясын талдай келіп Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.И.Фрадкина, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б. ойынды және ойын элементтерін педагогикалық процестің негізі әсіресе дидактикалық және қозғалыс ойындарының ерекшіліктері, оның алатын орны және маңызына тоқталған [19-27].
Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова, Э.М.Богусловская, В.Н.Аванесова т.б. ал әдіскер ғалымдар балалардың көркемсурет тәрбиесіндегі ойынның маңызын анықтауға бағыттауға арналған еңбектер Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина, Н.В.Аванесовалар жазған [26-29].
Кеңестік педагогикада балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылатын ойын теориясына мынадай ғалымдардың еңбектері Е.А.Флерина, Е.И.Тихеева, Е.И.Аркин, Р.Я.Марковалардың еңбектері бағытталған [32-35].
Дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін бүгінгі таңда оқыту үдірісінде пайдалана отырып, балалардың танымдық белсенділігін арттыра отырып бала мен тікелей қарым-қатынасқа түсу оны оқыту үрдісіне ынталандыру, сапалы қасиеттерін ашу білім, біліктілігін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыруда қарама-қайшылық туындап отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын әдісінің бірі дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде мазмұнына сай пайдалану әр бір тәрбиеші-педагогтың міндеті екені белгілі. Бірақ арнайы оқыту мазмұнына сай жүйелі жасалған дидактикалық ойындар мен ойын әдістерінің мазмұнын құрастырып сол оқу іс-әрекетіне, тақырыпқа, мақсатына сай ойындарды жүйелі пайдаланатын тәрбиешілер өте аз.
Сондықтан да, дидактикалық ойындарды ойын әдісі ретінде қарастырып оқыту үрдісінде мәнін, ерекшелігін, маңызын аша отырып, оның баланың ақыл ойын дамытуға қолдаудың қажеттілігін арнайы зерттеуді ұйғардық.
Мектепке оқуға дайындықты қалыптастыру - балалар бақшасындағы оқу-оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа даярлау. Сол сияқты балалардың оқу материалдарын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына ену үшін алғы шарт жасау, баланы әлеуметтендіру, қоғамдық ортаға бейімдеу. Бұл ұзақ күрделі жүргізілетін жұмыс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту болып табылады
Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік-обективтік сұранысын орындауда балалардың танымдық, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуын педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мектепке дейінгі кезеңде ойын элементтерін пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтан бар екендігі орын алып отыр.
Зерттеу жұмысы осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру біздің зерттеуіміздің көкейкестілігі болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Мектепалды даярлық тобында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу нысанасы: Балабақшадағы мектепалды даярлық топ балаларын оқыту және тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: Мектепалды даярлық топтың оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
-Дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау;
-мектепалды даярлық тобына арналған дидактикалық ойындарының мазмұнын саралау, ойындарға қойылатын талаптарды іріктеп, оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу;
-дидактикалық ойындардың педагогикалық жіктемесінің мазмұнын дайындау;
-тәжірибелік – эксперименттік зерттеу жүргізу және оның қорытындысын шығару және негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепалды даярлық тобының оқу-тәрбие жұмыстарында дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін пайдалану тиімді болар еді, егер:
-ойынды оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді қолданудың жүйесі жасалынса;
-оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін қолдану балалардың дүниетанымына, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуына себебін тигізер болса;
-оқыту үрдісінде, сабақтан тыс жұмыстарда дидактикалық ойындарды пайдалану ісі бірізділік принципімен жүзеге асырылса.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: мектепалды дайындық топ балаларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойынның алатын орнын және оларды пайдалану ерекшеліктерін анықтаудан; оқу- таным процесінде мектепалды дайындық топ балаларымен жүргізілетін дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі әзірленіп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуден; балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын психологиялық әдістердің іріктелуінен; 12 жылдық білім беруге ауысуда мектепалды дайындықты жетілдірудің психологиялық-педагогикалық негіздерінің зерттелінуінен тұрады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Таным теориясы, өзіндік таным теориясы, білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері, тұлғаны дамыту теориясы, даму заңдылықтары, психология және педагогика ілімінің теориялық тұжырымдамалары.
Зерттеу әдістері: зерттеп отырған мәселеге байланысты философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерді талдау, қазіргі қоғамның өтпелі кезеңіне сай халықтық педагогиканың тәрбие саласындағы қолдануға бағытталған ресми құжаттармен танысу, озат ұстаздардың тәжірибелерін жинақтау, арнайы сауалнама, әңгіме, салыстырмалы байқау, педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, оның нәтижесін саралау, талдау.
Зерттеу орны: Жамбыл облысы, Жуалы ауданының балалар бақшасының мектепалды даярлық тобында тәжірибелік-эксперимент жүргізілді.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде нақты зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.
Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді; тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасы жасалынып, эксперимент басталды.
Үшінші кезеңде зерттеудің теориялық және практикалық қорытындылары жасалып, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың мәліметтері талданып, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, диссертацияны рәсімделу жүзеге асырылды.
1 ОЙЫН ЖӘНЕ ОЙЫН ӘДІСТЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні мен маңызы

Ерте заманнан – ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады.
Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне аусады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады.
Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшу нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады [11].
Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде – ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог – психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.
Оның мөлдір бастауы көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [12].
Я.А.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетті: «Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет»[12;170].
Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол «ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет», - деп атап көрсетті[12;172].
Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып, тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асыруды қойды[12].
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді[12].
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген 15].
К.Д.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу процесін жеңілдететінін атап көрсеткен болатын.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік, дағдылары қалыптасады.
А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш силайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді [15].
Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар Л.В.Занков, Л.С.Выготский, Д.Н.Узнадзе, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, В.С.Мухиналар айналысты[15].
Л.С.Выготскийдің «дамудың жақын аумағынан» «дамудың актуалды аумағына» өту туралы теориялық ұстанымына байланысты бала дамуының сапалы болуы дидактикалық ойындарды пайдаланудың ықпалының зор екені негізге алынған. Мәселенің көкейкестілігін айқындауда Ж.Пиаже, Дж.Дюьи еңбектеріне, жас ерекшелігі және педагогикалық психология ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, бала дамуындағы функциональдық тенденция концепциясына (Д.Н.Узнадзе) бағдар жасаған[15].
Бала ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынтығады? Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді.
Алайда мұндай көзқарас: бала бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре алмайды. Ол оны бір ойында шығындай алмай, ойындардың жаңа түрлеріне қызыға, беріле кірісетіні несі? Оған осындай ойын түрлері неменеге керек? Сірә, ойынның психологиялық жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған жауаптан бастау керек, өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға неліктен қасарыса ұдайы көше беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші ойыншыққа неліктен ұмтылатыны, үлкендер ойынды тоқтатып немесе күштеп тыйым салған кезде неге қарсыласатыны шынында да түсініксіз болып қалады.
Бұл арада бізге белгілі көрнекті психолог Д.Н.Узнадзе негізін салған функциональдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні неде?[13].
Белгілі бір генетикалық жағынан қанға сіңген қызметтер, күш, мүмкіндіктер балаға іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-ақ бірден немесе алғашқы күндері қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың тіршілік қызметіне әртүрлі кезеңде жалғасады.
Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне енуінің осы бір дәйектілігі, біріншіден, жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден, қызмет комплексінің кез-келген топтарының дер кезінде көрінуін ынталандыруға, олардың дамуы қалыптасуына ықпал етуге тиіс қоршаған ортаға байланысты. Мәселен, қозғалысқа келетін күштің генетикалық айқындалған уақыты жетпейінше бала туа сала жүріп кете алмайды, алайда оның жетіліп, екі аяғын тік басып, тәй-тәй жүруі үшін баланы қимылға тартатын, оның құламай, тік тұруына, аяқтарын тең басып жүруіне көмектесетін және үйрететін адамның қамқорлығы, қолайлы орта қажет.
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.
Баланың психикалық дамуына ойынның әсері зор. Ойын әрекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді. Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді:
-бала құрбыларыменбірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы тиіс,
-ол қайсыбір кішкене тастың /ағаш жаңқасы, титімдей қағаз, т.б./ нені білдіретінін есте сақтауы тиіс,
-ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез байыптауы тиіс,
-ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған ісіне қанағаттанатын болатындайәрекет ете білу тиіс.
Сөйтіп, ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты /зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру/ шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоциялық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, орамал тастау, доптан секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнай ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Мектепке дейінгі педагогика дипломдық жұмыстар, Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту, дипломдык Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын диплом, Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін