» » » Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері казакша Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері на казахском языке
Мазмұны

Кіріспе

1 тарау. Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
1.1. Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық
сипаттамасы
1.2. Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық
ерекшеліктері
1.3. Жаздық бидай өніміне әсер етуші негізгі
агроэкологиялық факторлар

2 тарау. Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны
2.1. Топырақ - климат мелиоративтік және агроэкологиялық
жағдайы
2.2. Арал өңіріндегі егіншілік аймақтарының
агроэкологиялық және топырақ мелиоративтік
сипаттамалары

3 тарау. Жаздық бидай өнімінің қалыптасуының
морфофизиологиялық ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Тақырыптың маңыздылығы: астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қаіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады. Арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық түрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл оның биологиялық потенциалы жоғары [2,3].
Ерте жаздық дақыл - бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7].
Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың епс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы епншілік жағдайда (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді. Осыған сәйкес, оңтүстік облыстар (мысалы, Қызылорда облысы) қатты және күшті бидайды немесе оның ұнын солтүстік аймақтан сатып алуда. Сондықтан егіншілікті әртараптандыру (диверсификаииялау) бағдарламасына сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде жаздық бидайдың егіс көлемін 20-25 мың гектарға дейін ұлғайтып (бұл 1981-1990 жылдарғы егіс көлемі деңгейі), аталған дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ-климат жағдайы қолайлы, бірақ жайсыз кезеңдері де бар.
Ғылыми зерттеу мәліметтері және озат тәжірибе нәтижелеріне қарағанда [8-11] құрамында белок, клейковина мөлшері көп дән алуға болады.
Дән құрамында белок пен клейковинаның көп жиналуына азот тыңайтқыштарының әсері үлкен, ал клейковина сапасы - өсу кезеңіндегі, әсіресе масақтану фазасынан кейінгі кезеңдегі ауа райына, яғни гидротермиялық коэффициентке (ГТК) және сорт–NRK- ГТК факторларының өзара әсеріне байланысты.
Сонымен, жұмыстың мақсаты мен міндеті бидай дақылының өнімділігін арттыру, морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтап, оптимизациялау үшін минералды тыңайтқыштар технологиясын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі.

1- ТАРАУ. ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1. Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық сипаттамасы
Бидай - әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60 %-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, ЕЬ, Вб, РР, С, Д, Е, минеральды түздар және басқа да заттар бидай дәні қүрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [12, 13, 14-16].
Жүмсақ бидай дәніне қарағанда қатты бидай дәнінде белок көбірек. Бірақ жүмсақ бидайдың көптеген сорттарының дәні өте сапалы, оларды "күшті" бидай деп атайды.
Әлемдік стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13,5%-дан кем болмауы керек. Қазақстанда өсірілген жаздық жұмсақ бидай сорттары дәніндегі белок мөлшері 1 2-19,8 % [17], клейковина мөлшері 19-31,4 % аралығында болды [18]. Бұл әлемдік стандарт деңгейіндегі көрсеткіш. Яғни, Қазақстанда өсірілетін жүмсақ бидайдың коммерциялық сорттары генетикалық тұрғыдан жоғары сапалы [17].
Бидай (Тгііісum L. туыстығы) астық (злак) тұқымдастығына (Graminea) жатады [13]. Қазіргі жүйелеу (систематикалау) бойынша (В.Ф.Дорофеев, 1980) ТгШсит туыстығында 27 түр бар [20]. Олардың негізгілері соматикалық клеткалардағы хромосомасына қарай 4 генетикалық топтарға бөлінеді [16, 19].
Бірінші тобы - 14 хромосомды диплоидты бидай түрлері:
1. Тr. Trісum aegilopodies Linк - жабайы бір дәнді бидай.
2. Тr.urartu Tum - жабайы Урарту бидайы.
3. Тr. monococcum L. - бір дәнді мәдени бидай.
Eкінші тобы - 28 хромосомды тетраплоидты бидай түрлері:
4. Тгісum сһаldicum - Халд бидайы.
5. Тr. dicocoides (Когп). Ааr - жабайы қос дәнді бидай.
6. Тr. Тіторһееуі Zһuк. - Зандури бидайы.
7. Тr. раlаео-соlсһісum Меn - колхида қосдәнді бидайы.
8. Тr. Dicococum Schubl - полва бидайы.
9. Тr.durum Desf. - қатты бидай.
10. Тr. Aethiopicum Jakubz - Абиссиния бидайы.
11. Тr.turgidum L. – тургидум бидайы.
12. Тr. carthlicum Nevski – қарталы бидайы.
13. Тr. turanicum Jakubz – Туран бидайы.
14. Тr.polonicum L. – Польша бидайы.
Үшінші тобы – гексаплоидты бидай.
15. Triticum macha – Мах бидайы.
16. Тr.spelta L. – Спельта бидайы.
17. Тr. aestivum L. - жұмсақ бидай.
18. Тr. compactum Hoct- карлик бидай.
19. Тr. Sphaerococcum Perc.- домалақ дәнді бидай.
20. Тr. Vavilovi Jakubz – Вана бидайы.
21. Тr. amplissifolioum Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
Төртінші тобы – оклаплоидты бидай.
22. Triticum funicidum Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
ТМД елдері аймағында, соның ішінде Қазақстанда бидайдың негізінен екі түрі – жұмсақ, бидай ең көп егіс көлемінде өсіріледі.

1- кесте. Жұмсақ бидайдың түршелері және олардың негізгі сипаттмалары [21]

Түршелер аттары Қылтықты немесе қылтықсыздығы Масақ түсі Масақтың түктілігі Дән түсі
Lutescens A1- қылтықсыз ақ түксіз қызыл
Albidum A1 - -*- -*- -*- ақ
Milturum A1- мультурум -*- қызыл -*- қызыл
Erythospermum Korn- эритроспермум қылтықсыз ақ -*-
Ferrugineum A1- ерригинеум -*- -*-
Calsium-цезиум -*- -*- -*-
Hostianum-гостианум -*- ақ түкті -*-
Velutinum-bелютинум қылтықсыз -*- -*-
Barbarossa-Барбаросса қылтықсты қызыл -*- -*-
Alborum Korn альборубрум қылтықсыз түксіз ақ


1.2. Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық
ерекшеліктері
Жаздық бидай бір жылдық өсімдік. Оның өсіп даму дәуірі сортына байланысты 70-120 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп даму фазалары (кезеңдері) төмендегідей: 1)тұқымның өнуі; 2)өскіннің "тебендеп" шығуы; 3) үшінші жапырақтың пайда болуы; 4) түптенуі; 5) түтіктенуі; 6) сабақтануы; 7) дақылдың бас алып масақтануы; 8) дәннің сүттенуі; 9) қамырлануы; 10) дәннің толық пісуі.
Ғалымдардың пікірі бойынша [21, 22], астық түқымдас злак өсімдігі, соның ішінде бидай - монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Өсімдіктерде жанама сабақтар мен қосымша буын тамырларының пайда болуы қысқарған буынаралықтарда, яғни түптену буынында өтеді. Негізгі өнім құраушы әрі фотосинтездеуші жүйе - бұл жеке өскен бір өсімдік емес, олардың қауымдастығы - агрофитоценоз, қысқаша агроценоз, яғни бүкіл егістік. Астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, сұлы) өмір сүру формаларын экологиялық - фенотиптік тұрғыдан жүйелеу нәтижесінде олардың негізгі төрт (типі) бар екені анықталды
I түрі (типі) - дәннен бір сабақты (масағымен) өсімдік өсіп жетіледі. Мұндай жағдайда тек үрық тамырлар өсіп дамиды. Астық тұқымдас ақылдардың осы типі егістігі түқым көп мөлшерде себіліп, тереңге сіңірілген немесе ылғал өте аз тәлімі жағдайда қалыптасады;
II түрі (типі) - егілген дәннен бас және жанама сабақтары бар өсімдік өсіп шығады. Түптену буынынан шығатын қосымша тамыр жүйесі нашар дамыған немесе тіпті өспейді. ¥рық тамыр жүйесі барлық сабақтардың дүрыс дамуын қамтамасыз ете алмайды. Жанама сабақтардың біразы жойылады, ал қалғандары нашар өсіп дамиды,
оның масақтарындағы дәндер семік болып, өнімділігі төмендейді;
III түрі (типі) - себілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, әрбір сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесі жақсы дамиды. Осылай дамыған әрбір түп өсімдік бір мезгілде өсіп дамыған 2-5 жанама сабақ бере алады. Осы тип бойынша өсіп дамыған астық тұқымдас дақылдар егер топырақ қүнарлы болып, қоректік заттар және ылғал жеткілікті болса ең жоғары өнім береді,сабақтары берік болып, жатып қалмайды.
ІҮ түрі (типі) - егілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, түптену түйінінен екінші қосымша тамырлар жүйесі өсіп жетіледі. Бірақ, түптену процесі осымен аяқталмай, бүкіл өсу дәуірі бойынша жүріп, екінші кезекте және одан кейін пайда болған жанама сабақ өседі. Дегенмен, кейінгі сабақтардың өсіп дамуы әдепкілерінен қалып кешігеді, біраз сабақтар масағының өнімі төмен болып, ал кейбір сабақтарда тіпті масақта болмайды. Өсімдіктердің мұндай типі сирек егістерде, түптену процесіне қолайлы жағдай болып, екінші қосымша тамырлар пайда болғанда байқалады. Мұндай егістікте (агроценозда) дақылдың пісіп жетілуі ұзарады, кейінгі пайда болған жанама сабақ масақтарындағы дәннің нашар толысып пісуі әсерінен егістік өнімі төмендеп, технологиялық және тұқымдық сапасы нашарлайды [23,24]
Егер топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз болса (мұндай жағдай қөктемде жиі болады, немесе егістік суарылмаса), қосымша тамырлар дамымайды. Нәтижесінде бас сабақтағы қоректік заттардың бір бөлігі жанама сабақтарға өтіп, оларды қоректендіреді де, бас сабақтың өсіп дамуы нашарлап кешеуілдейді. Ал, қоректік заттар мен ылғал жетіспеген жанама сабақтардың бір бөлігі нашарлап шетінейді, сосын қурап қалады. Мұндай жағдайда егістіктегі дақылдың (бидайдың, арпаның, сұлының, тарының) түптенуі дән өнімін құрауда теріс роль атқарады. Егер әрбір жанама сабақтардың түбінде жақсы дамыған қосымша тамыр жүйесі болса, бұл сабақтар бөлек, тәуелсіз қоректене алады, буынаралықтары ұзарып, әрбір жапырақ алаңы көлемі ұлғаяды, нәтижесінде бас сабақпен бірдей, синхроньды өсіп дамиды. Мұндай ІІІ-типті егістіктегі дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары) ең жоғары әрі сапалы өнім беріп, жатып қалмау қасиеті күшейе түседі 22, 23, 24].
Ш-тип бойынша дамыған дақылдың потенциальды мүмкіндігін қалыптастыру үшін керекті жағдайлар: 1) бас сабақпен алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтардың бірдей, синхроньды дамуы;
2) әрбір жанама сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесінің өсіп дамуы; екінші және үшінші кезекте, кейін пайда болатын, керек емес, ІҮ- типке тән жанама сабақтарды болдырмау. Ол үшін түптену фазасы кезінде топырақта ылғал жеткілікті болуы және де үстеме қоректендіру беру керек [22-27]. Сонымен, егістікте (агроценозда) өсімдіктердің біркелкі орналасуы және оптимальды тығыздылықта болуы нәтижесінде негізгі агроэкологиялық факторларды (жарық, жылу, ылғал, қоректік элементтер және көмір қышқыл газын) дұрыс пайдалануына қолайлы жағдай туындайды. Яғни, жоғары әрі сапалы өнім қалыптастыратын негізгі факторлар: а) егістіктегі (агроценоздағы) өсімдік саны оптимальды болуы; б) ондағы әрбір өсімдіктің және оның жанама сабақтары мен жанама буын тамырларының жақсы өсіп-дамуы [6, 7, 23, 24].

1.3. Жаздық бидай өніміне әсер етуші негізгі агроэкологиялық факторлар
Жарық режимі. Бидайдан жоғары өнім алу деңгейін анықтау-фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшеріне, қолайлы ауа райына және оптимальды (үйлесімді) агротехникада өсірілген жаздық бидай сорттарының биологиялық өнімділігіне байланысты. М.К.Каюмовтың [31] мәліметі бойынша, 40-50 ендікте егістікке түсетін фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшері 3,2-2,0 млрд.ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400-250 центнерге дейін жетеді. Осы ендікте Арал өңірі де (43-46 ) орналасқан [32].
Бидайдың даму процестерінің дұрыс жүруі үшін оның фотопериодтық реакциясының маңызы бар. Дақылдың гүлденуі үшін күннің ұзақтығы тәулігіне 12-14 сағат болып, жарық мөлшері 1800-2000 люкстен кем болмауы керек [19].
Бидай дақылының өсу дәуірі (сәуір-шілде) кезінде, әсіресе масақтану фазасынан кейін Арал өңірінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен - 29-34 % аралығында, кейде одан да төмен болады. Жаз айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа қүрғақ әрі таза болады. Сондықтан, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, нәтижесінде бидай егісіне көп мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі [32]....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: araylym94 | 355 |


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Гидрология | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Гидрология | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет
Курстық жұмыс: Ауылшаруашылығы | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Ауылшаруашылығы | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет
Курстық жұмыс: Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.
Курстық жұмыс: Өндіріс  | Бидай және оның жалпы сипаттамасы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Өндіріс | Бидай және оның жалпы сипаттамасы
Дипломдық жұмыс: Биология  |  Бидайдың жалпы сипаттамасы
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Биология | Бидайдың жалпы сипаттамасы
Дипломдық жұмыс:  Агрономия | Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері
Дипломдық жұмыс: Агрономия  | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері
2019 жылғы пітір садақа мөлшері бекітілді
Qazaqstan жаңалықтары
2019 жылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биологиядипломдық жұмыстар, Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері, дипломдык Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жо, Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін