Қазақ әдебиеті | Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (Дөрекі сөздер одағайлар орыс тілі элементтері қарғыс сөздер)

 Қазақ әдебиеті | Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер  (Дөрекі сөздер одағайлар орыс тілі элементтері қарғыс сөздер)

Мазмұны

КІРІСПЕ
І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы
І.2 Одағай сөздер
І.3. Қарғыс сөздер
І.4. Шығармада орыс тілі элементтерін қолдану - жазушы шеберлігінің бір қыры
ІІ ТАРАУ. ӘДЕБИ НОРМАҒА ЖАТПАЙТАН СӨЗДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану - әрбір жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.
Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін "өмірдің өзінен ойып алған" Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды.
Тақырыптың өзектілігі
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі.
Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын алатын орны ерекше.
"Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер" деген тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема.
Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі.
Зерттеу деңгейі
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге өзіндік үлес қосқан зерттеушілеріміздің ең алдыңғысы деп Мұхтар Әуезовты айтуымызға болады. Ол сонау 50-жылдардың өзінде "Манас" жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы бізге мол мирас қалдырған.
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Зерттеушінің стилистикаға байланысты жазған ғылыми еңбектерінен жазушының сөз қолданысы, стиліне байланысты құнды пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды көре аламыз.
Осындай ірі тұлғалардың ірі пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі қазақ әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің қызметін көрсету. Ол мақсатқа орай мынадай міндеттерді қойдық:
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орнын, маңыздылығын зерттеу;
Бейәдеби элементердің көркем шығармада қолдану мақсатын айқындау;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтерді маңыздылығын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Осы көрсетілген міндеттерден де аңғарылуы тиіс, дегенмен нақтырақ айтсақ:
Қазақ көркем әдебиеті тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орны, мүмкіндіктері лингвистикалық стилистика тұрғысынан көрсетілді;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтер нақты материалдар (мысалдар) арқылы талданды;
Дөрекі сөз, орыс тілі элементтері, қарғыс, одағай сөздер осы жұмыста кеңінен баса көрсетілді;
Аталған бейәдеби элементтердің образ жасауға қатысы нақты мысалдармен көрсетілді.
Зерттеу жұмысының көмегімен көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі барынша дәлелденді.
Зерттеудің әдістері
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Жұмыс зерттеушіні көркем сөз сырына, сөздердің не сөз оралымдарының қолданылу заңдылықтарына қанықтыра түсуде, бейәдеби элементтердің көркем шығармадағы орнын, қызметін, мүмкіндіктерін көрсететін лингвистикалық тұрғыдан талдауда септігін тигізетін танымдар мен талдаулар.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы

Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетіні белгілі. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырылады. Шығарма тілін талдау әдеби шығарманың көркемдік әрі эстетикалық қасиетін танып-білуге көмектеседі, кейіпкерлер тілінің өзіндік болмысын анықтауға мүмкіндік туғызады және стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Көркем әдебиет тілін зерттеу түркологияда өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қолға алынды. Соның өзінде жекелеген жазушылардың немесе олардың белгілі бір шығармаларының тілін талдау түрінде қалыптасты. Мұндай зерттеулер әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек тағы басқа түркі тіл білімдерінде пайда бола бастады.
Оларда ұлттық әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан ақын, жазушылар тілінің сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы, бейнелеу құралдары жан-жақты талдау нысаны болды. Түркологияда осы аралықта көркем әдебиет тілі мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан да қарастырған еңбектер жарық көрді. Және проза тіліне қарағанда, өлең тілі анағұрлым терең де жан-жақты зерттелді (24; 25; 26).
Сонымен бірге түркологияда көркем әдебиет тілін әдеби тіл дамуының тарихы тұрғысынан қарап шешу жағы басым болып, ал көркем шығарма тілін өнер тілі тұрғысынан талдап зерттеу жағы кешеуілдеңкіреп қала берді.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің қазақ тіл біліміндегі жалпы, қазақ филологиясындағы жайына келетін болсақ, оның біршама қалыптасқан тарихы, жасалған үлгісі, жинақталған тәжірибесі бар. 50-жылдары М.Балақаев, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев (14;4) т.б. ғалымдар тарапынан негізі қаланған бұл сала алғашқыда жекелеген жазушылардың тіл ерекшеліктерін анықтау, сараптау тұрғысынан және әдеби тілмен арадағы байланысын анықтау тұрғысынан қолға алынса, кейін қомақты жалпы теориялық және нақты тәжірибелік ізденістерге айналды (12;27;28;29). Бұл еңбектерде көркем әдебиет тілін зерттеу жекелеген ақын жазушылардың әдеби тілге қосқан үлесін анықтау тұрғысынан да, сөз қолданудың көркемдік қырларын, шеберлік сырларын сөз ету тұрғысынан да жүргізілді. Оларда көркем шығарма тілін зерттеудің теориялық мәселелері де қаралады. Жекелеген көріктеу құралдары да зерттелді және көркем шығарма тілін талдаудың нақты үлгілері де жасалды (28;31;33;30;32).
Бұлардың қай-қайсысыда қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге мол үлес қосқан, қазақ көркем әдебиеті стилистикасының ғылым саласы ретінде қалыптасуына елеулі атсалысқан зерттеулер. Алайда солай дегеннен көркем әдебиет тілін зерттеудің теориясы мен тәжірибесі қалыптасып бітті деген сөз шықпайды. Бүгінгі таңда біз әсіресе көркем әдебиет тілін зерттеудің жалпы теориялық мәселелеріне зәруміз. Сол теорияны жасақтауға өзіндік үлесін қосатын кейбір көзқарастарға тоқталсақ, Мұхтар Әуезов көркем әдебиет тілі туралы арнайы зерттеу жұмысын жазбағанмен, сөз өнерінің көркем тілдік материалы туралы қазақ филологиясында әлі күнге дейін айтылмаған тың ойды сонау 50-жылдары айтып, оны талдаудың үлгісінде атақты "Манас" жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы көрсетіп берген еді.
"Поэзиялық лексика – жай лексика емес. Оны аңғару үшін әрі тілші әрі әдебиетші болу шарт" (15,276) деп, көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігін дөп басып, дәл тапқан ғалым, "сол тілдегі зерттеуші ғалым ғана тілде, әсіресе көркем әдебиет тілінде грамматикалық шарттарға қосымша, поэзиялық өзгеше үстем шарт, талаптар барын таныр еді. Оның ұғымынша көркем шығарманың бір сөйлемінде тұрған сөз бір-ақ қана ұғым, түсінік бермейді. Соны берудің үстіне ол әралуан қосымша ассоциация тудырып, оқушыға қосымша елес – емеурін танытып тұрады. Бұндай қатарда, жеке сөз өзінің орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жанданып кетеді… Оның көркемдігімен қатар сөйлем ішінде өзінен-өзі ұшқын атып тұрған сипаты болады" (15,283).
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Әдеби тіл тарихы, ондағы ақын-жыраулар шығармашылының орны, рөлі туралы зерттеулері ғалымды ақын-жыраулар тілінің көркемдігіне, дара стиль мәселесін зерттеуге алып келді. Ол Абай тілінің лексикасы мен грамматикасын жан-жақты талдай келе тілдік жүйенің Абай поэзиясының құдіретті қуатын қалай жасайтынына көңіл аударды. Сол арқылы әдеби тілінің өзіндік заңдылықтары бар дара ғалым бола алатынына көпшіліктің көзін жеткізді.
Р.Сыздықова жазушы тілінің көркемдігі, шеберлігі туралы мәселені оның мәнері (стилі) деген ұғыммен байланыстыра қарайды (34,319). Ал "жазушы тілі дегенге келсек, ол - қаламгердің жалпыға ортақ тіл қазынасына алып көпшілікше қолданған, көптеген жазушыға тән сөздік байлық пен грамматикалық тұлға – тәсілдер, орысша айтқанда первоэлемент, яғни жазушы тілінің сүйегі" (34, 319).
Осындай ірі тұлғалардың үлкен пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз (28; 36; 37; 38; 35; 29). Аталған зерттеушілеріміз – "кең мәніндегі филологтар" (35, 29).
Тілдік-стильдік талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер, сөз оралымдары, сөйлемдердің үлкен маңызы мәні бар екенін байқаймыз. Осындай талдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Талдау барысында жазушы қолданған сөздердің мағыналары ашылып, олардың эмоциялық бояуын түсінуге ерекше көңіл бөлінеді. Тілдік амал-тәсілдер образ жасау құралы ретінде оқырманның сезіміне әсер етіп, олар эстетикалық-көркемдік қызметте жұмсалады.
Көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарының стильдік қызметі тіл мамандары мен сөз зергерлерінің назарын ерекше аударып келеді. Бұл назар аудару өте орынды, әрі маңызды.
Көңілімізге әр жағдайда әртүрлі сезім беріп, жүрегімізді бірде қуанышқа бөлеп, бірде қайғыға, мұңға батыратын сөздің қызметі ерекше.
Тілімізде әдеби тіл нормасына сіңісіп, қоғамдық өмірдің барлық саласында бірдей қызмет ете қоймағанымен, коммуникативтік қызметте берік орныққан, соған орай ауызекі сөйлеу тілі стилінде жиі қолданылатын сөздердің біршама қалың қабаты бір екені белгілі. Оның қатарына біреулер қарапайым сөздер, табу мен эвфемизмдерді жатқызса (4, 44), енді біреулері бұған дисфемизм (какофемизм) сөздерді де қосады (38, 36). Шындап келгенде бұларда мағыналық айырма болғанымен (бірі-қарадүрсіндеу, бірі-сыпайы, бірі-дөрекі), қызметтері жағынан, стильдерге қатысы жағынан бірдей сөздер, соған орай оларды «қарапайым сөздерң деп ортақ атауға алғанды дұрыс санадық. Бұл топтағы сөздердің изогласы (таралу шегі) жоқ болғандықтан да және эмоционалдық әсерінің күштілігінен де қаламгерлер өз туындыларында оларды қолданудан тартына қоймайды. Бірақ оның өзі де білікті, талғамды қажет етеді, соған орай оларды пайдалану өрісі әр жазушыда әртүрлі ауқымда, алатын нәтиже де әрқилы.
Сөйтіп, өз туындыларында дарынды суреткерлер кейіпкер тұлғасын сомдауға, оны жан-жақты ашуға тілдегі амал-тәсілдерді кеңінен пайдаланады.
Кейіпкердің сөйлеу мәнерін көрсетуде жазушы оның аузына сөйлеу тілі элементтерін салады.
Шебер суреткердің стиль даралығы кейіпкер аузына сөз, сөз оралымдарын белгілі мақсат көздеп салуынан байқалады. Ол тілдің лексикалық қабатына тереңнен бойлай, татымды керегін ұтымды тәсілмен ала білген, сөз қазынасын молынан игеріп, оны айтпақ идеясымен қиюластыра білген суреткердің қаламымен өрнектеледі.
Көбінесе жазушылар өз кейіпкерлерінің бейнесін диалог, полилогтердегі сөйлеу үрдісімен толықтыра түседі.
Диалог – тілдік қатынастың бастапқы және табиғи түрі. Оның түп төркіні сөйлеу тілі. Ал сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін көрсететін белгі – кейіпкердің сөйлеу мәнері. Ол ерекшелік ең алдымен, кейіпкер тіліндегі лексикадан басталады.
Сөйлеу тілі лексикасының құрамына көбінесе қарапайым, тұрпайы, дөрекі сөздер, жаргон сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді. Бұлар алдын-ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады. Көркем шығармада жазушы мұндай сөздерді кейіпкер аузына белгілі бір мақсат көздеп салады.
Көркем шығармада кейіпкер сөзі ауызекі сөйлеу тіліне жақын келеді. Бірақ көркем әдебиеттегі диалогтің өзіндік ерекшелігі бар. Көркем диалог - жазушының қаламымен өңделген, автор идеясына бағынған тілдік кесте.
Диалог қысқа, икемді, бай ой-тұжырымдарға құрылады. Оның оралымды болуы өмірлік ситуацияға динамикалық қозғалыс береді.
Кейіпкер тіліндегі дөрекі, қарапайым сөздер оның мінезінің бір қырын аша түседі. Қарапайым сөздер – жазушы үшін кейіпкер бейнесін жасауға қажет тілдік-стильдік элемент. Мұндай сөздердің кейіпкер аузында экспрессиясы арта түседі. Сөздердің мұндай қасиетін байқаған тілші-зерттеушілеріміз бұл сөздерді эмационалды-экспрессивті лексика құрамына кіргізіп қарастырып келеді.
Бір топ ғалымдар эмоционалды-экспрессивтікті кең түсініп, оны стилистикалық бояумен байланыстырса, екінші топ ғалымдар стильдік бояу жеке сөздерде де эмоциялық мағына элементтерінің дербес болатындығын көрсетеді.
Бұл тұжырымдардың, осы құбылыстың қазақ тіліне де тікелей қатысы бар. Эмоционалдық және экспрессивтілік мәселелерінің кейбір аспектілері М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдаров, Ш.Сарыбаев еңбектерінде көрініс тапты. Соңғы жылдары А.Абдуллаев, Х.Нұрмаханов, Ш.Нұрғожина сынды зерттеушілердің еңбектерінде аталмыш мәселе кеңінен зерттеле бастады. І.Кеңесбаев: «Фразеологизмдердің синонимдік варианттары сияқты, лексиканың әртүрлі элементтері де жалпы тілдік және сөйлеу процесі барысында сөзге экспрессивтік реңк беріп тұрады», - деп көрсетеді (9.30). Ал М.Серғалиев өз жұмысында эмоционалдық пен экспрессивтілік құбылыстарын синтаксистік құрылымдар мен синонимияның негізгі меже белгілері болып табылатын қасиеттерінің құрамдас бір бөлігі ретінде алады (30.10).
Тіліміздегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерттеген еңбектерді басшылыққа ала отырып, зерттеуші Ш.Нұрғожина сөйлеу тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексиканы алты түрге жіктейді. Олар:
Жалпы қолданыстағы лексика;
Қарапайым сөздер;
Тұрмыстық лексика;
Әдепсіз, балағат сөздер;
Диалогтілер;
Варваризмдер;
Эмоционалды-экспрессивті лексиканың алты түріне де жеке-жеке тоқталған Ш.Нұрғожина алтауына да тілдік фактілер ұсынады және «халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің экспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар ешбір өзгеріссіз сол қалпында кейіпкерлер тілінде беріледі» (37.220) деп, оған мысалдар келтіреді: Ана сорлы таздың жамандығы ғой. Әшейінде адамсып, шәңгірлеп сөйлер еді, енді қайда қалды екен? (Б.Майлин. Раушан-коммунист) немесе мынадай мысал, «Жалап-жұқтау» деген сөз бе екен, - дейді Қайрақбай кейіп, - «сіміріп жұтқаныңң деп неге айтпайсыңдар? (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат).
Эмоционалды-экспрессивті лексикада сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің өзіндік орны бар. Бұл жөнінде Ш.Нұрғожина: «… семантически емкие и потенциально способные выразить объективно-субъективную экспрессию, эмоции и оценку. При этом разные типы просторечных слов передают три коннотативные признако в разной степени сочетаемостиң, - деп қорытады (37,30); зерттеуші әдепсіз, балағат сөздер тез әсер етумен ерекшеленеді дей келіп, мынадай мысалдар келтіреді:
-Әй, шал, сен де бар ғой, бет жоқ (Нұрманов А.Арайлы таң);
-Жоқ, жоқ. Обал жоқ Айжанға, намыссыз қаншық. Қатын үстіне барғанша өлсейші, - деп күліп жүрген құрбылар да аз емес (С.Адамбеков. Қожанасыр қақпасы). Көріп отырғандай адамның көңіл-күйі, эмоциясы тіл арқылы шығып отырады. Оның бағалаушылығы номинативті-функционалды категория бола отырып, айтылатын зат пен оның тыңдаушысының қатысын көрсетеді.
Эмоционалды-экспрессивті лексиканы «жағымды» және «жағымсыз» деп екіге бөліп қарастырған өзбек ғалымы Л.Абдуллаева «жағымдыға» құрметтеу, кішірейту еркелету сөздерін жатқызса, «жағымсызға» дөрекі, тұрпайы, ирониялық-кекету және қомсыну сөздерін жатқызады. Сонымен бірге «Жағымсыз мәндегі эмоционалды лексика тек жаман кейіпкерді сомдау үшін емес, сонымен қатар жағымды кейіпкердің жағымсыз эмоцияларын реніш, күйінішін, ашуын суреттеу мақсатында да пайдаланады» (44.23) дейді.
Қарапайым, дөрекі сөздердің тіл нормасына жатпайтындығы белгілі, бірақ оларды орынды, әрі там-тұмдап қолдану тілді тұщылықтан сақтап, оны өткір де әсерлі етеді. «Все средства языка выразительны, надо лишь только умело воспользоваться имиң (1.53) деген В.В.Виноградовтың сөзіне құлақ түрсек, қарапайым, дөрекі сөздерді де өз орнымен сөйлетсек еш сөкеттігі жоқ деген қорытындыға келеміз.
Дегенмен дөрекі сөздер сөйлеу тілінің лексикасына жатады. Сөйлеу тілі лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасы өзіндік ерекшелігіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
А) тұрмыстық қарапайым лексика
Б) варваризмдер
В) әдеби сөйлеу лексикасы
Дөрекі сөздер осы бөліктің біріншісіне кіреді. Тұрмыстық қарапайым лексикаға күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын түсіру, төмендету мақсатында қолданылатын стилистикалық бояуы бар сөздер көп кездеседі. Мұндай сөздер көркем шығармада образды ашуға көп көмегін тигізеді.
Тіл мәдениетін арттыратын басты қасиет - қарапайымдылық. Олай болса, ауызекі сөйлеу тілін (қарапайым, дөрекі, дөкір сөздерді) орынды пайдалану – көркем әдебиет стилінің ерекше бір сипаты. Бұл жердегі қарапайымдылық дегеніміз - өмір шындығы. «Жазушы дегеніміз – шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз – сол шындықты шырақ алып іздеуң, - дейді О.Бөкей.
Осы ойымызды ғалым Р.Сыздықованың мына пікірі толықтай түсетін сияқты. Ол: «Раушан гүлі жарып шығып құлпыруы үшін табиғат шіркін тікенектерді де керек етіп жаратқаны сияқты сөз өнері табиғаты керек жерінде «ащы-тәттің сөздерді шебер қолдануға да баратын боларң, – дейді. Мұндай дөрекі, тұрпайы сөздер мен сөз оралымдары көркем әдебиетте өз орнымен келген кезде, кейіпкер болмысын ашуға зор көмегін тигізеді. Лексикалық мұндай қатпардың кейіпкер аузында жиі кездесуі – болмыс шындығын ашуға мейлінше мүмкіндік беретін суреткер шеберлігі.
Қаламгер шеберлігі сөз қазынасындағы дайын қалпында қолданыла беретін тіркестерді ұтымды, орынды пайдалануынан да байқалады. Әсіресе қарапайым фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолдану жазушы шеберлігін шыңдайды.
Әдеби тіл нормасына сай келмейтін жай, дөрекі тұрақты тіркестерді қарапайым фразеология дейміз (41.117). Алайда ол әдеби тіл нормасына жатпағанмен, көркем әдебиетте образ жасау үшін кейіпкердің ой-өрісін, өскен ортасын, әлеуметтік халін, мінез-құлқын көрсетеді.
Сөздікте қарапайым фразеология – жоғарғы экспрессиямен, еркін қолданылуы және төменгі дөрекі мазмұнмен ерекшеленетін функционалды стилистикалық категория.
Қарапайым фразеологизмнің айырым белгісі ретінде олардың төменгі – дөрекілеу мазмұны қызмет етеді, олар еркін ауызекі тілінде қолданылады.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер әдеби тілге жататын болса, қарапайым қолданыстағы фразеологиялық тұлғалар көбінесе әдеби нормадан тыс болады.
Т.А.Дегтерованың «Просторечные выражения могут допускаться в литературной письменной речи лишь с четкой стилистической мотивировкой, так чтобы читатель сразу же понимал целесообразность и необходимость их использования. Полная осознанность просторечного качества слова или выражения со стороны автора и применение этого качества в определенных стилистических целях являются теми обязательными условиями, при которых просторечные элементы не вступают в конфликт с культурой речиң, деп айтқанындай (60,62), қарапайым фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолданғанда абай болу керек.
Қарапайым фразеологизмдер тілде кеңінен қолданылады деп айтуға да болады. Мысалы В.М.Глуховтың «разговорная и диалектная часть нашего русского национального языка бытует преимущественно в устной форме и служит для повседневного производственно-бытового общения. Ныне разговорно-просторечный вариант русского языка широко используется не только, как это было прошлом, безграмотный и отсталый частью населения, но и большинством русских. Просторечие активно используют и те носители русского языка, которые в совершенстве владеют литературными нормами. Ср., например, наличие разговорно-просторечных слов и фразеологизмов в речи героев современных телеспектаклей и художественных произведений (59,77)ң, - деп айтқан пікірі қазақ тіліне де қатысты.
Қарапайым сөйлеу тілінің қамтитын аумағы өте кең. Көркем әдебиет тілінде, сондай-ақ жалпы халық арасында да өте қарапайым тілде сөйлейтін адамдар аз емес.
Қарапайым фразеология күнделікті тұрмыстағы сөйлеу тілінде жұмсалады. Олар – алғыс, қарғыс мысқыл, жек көру, тағы басқа сол сияқты мәнді білдіретін фразеологизмдер. Олардың мағыналары да дөрекі болып келеді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 178



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?