Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД


Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД 1966 жылдың 21 тамызында Қытайдың Шынжаң автономиясына қарасты Жеменей ауданында дүниеге келген.
Туған жерінде орта білім алған ол 1990 жылы Шынжаң консерваториясында «мәдениет саласын басқару» мамандығын игеріп шықты, 1992 жылы Шынжаң университетінің филология факультетін тәмәмдады.
1985 жылы 19 жасында айтыс сахнасына шыққан ол 1999 жылы Қытай қазақтарының бас айтыс ақыны атағына ие болды. Жазба ақындық пен ежелгі жыраулық дәстүрді ұстанып, сол елдегі екі миллион қандастарымыз ортасында ғана емес, сонымен бірге Қазақстан халқына да өз есімін кеңінен танытып үлгерді.
1998 жылдың көкек айында «Қытайдың осы заманғы әйгілі көркем өнершісі» деген мемлекеттік сыйлығын алды.
1999 жылы желтоқсанда Америка Құрама Штаттарында
белгіленген «Әлемнің әйгілі адамы» деген марапатты атаққа ие болды.
2003 жылдың қаңтар айында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысында бас бәйгені жеңіп алды.
2003 жылдың мамыр айында Ресейдің Омбы қаласына өнер сапарымен барып, Ресей думасының депутаты Олег Смолинның қолынан «Халықтар достығының үздік жыршысы» деген алғыс хатпен марапатталды.
2003 жылғы шілде айында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өткен ақындар айтысында бас жүлдегер болды.
Бұл еңбегімді марқұм анам Қиза Алтынбекқызының асыл рухына арнаймын.
 2005 жылдың шілде, тамыз айларында Түркияға арнайы шақырумен барып, ол елден екі марапаттау дипломымен оралды.
2007 жылғы мамыр айында Германияның Мюнхен қаласында өткен Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайында орындаған тамаша толғауы үшін ол елден де алғыс хат алып қайтты.
Қайрат Құлмұхаммедұлының 1991 жылғы Қазақстанға алғаш сапарлай келгенде орындаған «Сәлемдеме» толғауы оның ақындық атағын тіпті де аспандата түсті. 1998 жылы Семей қаласында өткен Шәкәрім Құдайбердіұлының 140 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысында бас жүлдені еншіледі.
2002 жылы Түркістанда, 2005 және 2011 жылдары Астанада өткен Дүниежүзі Қазақтарының ІІ, ІІІ, ІV Құрылтайларында жазба ақындардың жыр мүшәйрасында айрықша көзге түсіп жүлдеге ие болса, 2003 жылы көкек айында Астанада бес мемлекеттің ақындары қатынасқан Халықаралық айтыста биік талантымен тамам жұртты таң қалдырды.
Қайрат ақын қай елге барса да өзінің ұлтжанды жырларымен халықтың құрметіне бөленіп отырды.
2001 жылы тамыз айында Қытайдан Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған ол еліміздегі халықтық
сипат алған барлық мәдени-әлеуметтік шараларға белсене араласып келеді.
Өздеріңізге тарту етіліп отырған «Олжа» кітабы төрт бөлімнен тұрады. «Көңілдің көкжиегі» бөліміне әр жылдары жазылған өлеңдері енгізілсе, «Киелі жер, іргелі ел» бөлімі
Отанға оралғаннан кейінгі жеке өлеңдері мен сахнада орындаған толғауларынан тұрады. «Аралап талай жердің дәмін таттым» атты бөлімінде шетел сахна төрінде орындалып, көрермен ықыласына бөленген, жыраулар жолын ұстанған толғаулары мен арнаулары орын алған. Мұның бәрі жат жерде туып-өсіп, қалыптасқан, есейген, одан кейінгі саналы ғұмырын өз тарихи Отанымен байланыстыруды мақсат еткен ақынның шығармашылық биігін таныта түседі деген ойдамыз.
Қазірге дейін әлемнің сегіз мемлекетінде өткізілген өнер сайыстарында жүлделер мен марапаттар алып, «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағына ие болған азамат ақынымыздың туған еліне бергенінен берері көп екеніне
сенеміз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу