Әбу Насыр әл Фараби


Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ, ал арғы атасының аты – Тархан . Оның туған жері – ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар Барфа, (Фараб) деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазды.

Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымына ұсынды. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығысарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегінен де байқауға болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды.

Бұл ойын «Ғылым жігі жөніндегі сөз» атты трактатында көрсете білді. Фараби халыққа білім беруді армандады. Адамзат бойында ағарту мен дамуды біріктіргісі келді. Ұлы бала ұстанған мұраттың бір парасы мынадай: ғылымның қайнар көзіне ұмтылған адам өнегелі де жақсы тәрбиеленген адам болуы керек. Ең алдымен Құран, заң ғылымдарын оқуы керек. Адал, шыншыл болуы керек. Бұзақылық, өтірік, алдау, арбаудан аулақ болуы керек. Заңды тағайындарға жақындай отырып, заңдық негіздердің тірегін, сүннет пен шариғат ережелерін бұзбай, қажетті мүдделер арқылы еркін ойлы болуы керек.
Саяси этика мен философияның арқасында шынайы бақытқа жетуге болатынын тапқан Фараби ізгілікті қала мен надан қаланы салыстырады.

Бақыт пен лайықты өмірге барар жол, адам табиғаты, зиялы және этикалық Кемелдік, нағыз әмірші жайындағы талдаулар әлі терең зерттеле қоймаған «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері», «Азаматтық саясат», «Бақыттың жетістіктері» атты еңбектерінде өрбиді. Фарабише, бақыт – абсолюттік игілік. Адам кейбір заттарды (ақша, даңқ, қажеттілік және т.б.) өмірдің негізі деп ойлайды. Бірақ бақыттың не екенін танып-білу, оны мақсат етіп көздеп, сол мақсатқа жету үшін, үздіксіз соған қарай жүру үшін жанның теориялық жағын әбден жетік білу керек. Бұған тек ақылгөйлер ғана бара алады.

Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық санаты алады. Ойшыл «Әлеуметтік-этикалық трактатында»: «Жақсылық негіздің атрибуты бола тұра, материяға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының жоқтығымен ажыратылады» - деп есептейді. «Музыка туралы үлкен трактатында» музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәйектеді.

Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (соғыстардың) мағынасыздығын көрсетеді. Содан олар «ең биік игілікке», яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке жету үшін «келісімге көшуіне тура келеді». Шынайы бақытқа жету үшін үнемі іздену мен оқу керек дейді. Өзінің «Әлеуметтік-этикалық трактатында» ғалым: «Үлгі-өнегенің арқасында бұзақылық та, керемет істер де шығады», - деп жазды.
Фараби «Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап» деген еңбегінде орта ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді.
Сайып келгенде, Әл Фараби «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Логика», т.б. еңбектері – ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу