Сағадат Нұрмағамбетов (1924 жылы)

 Сағадат Нұрмағамбетов (1924 жылы)

Батырдың балалық шағы
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді.
Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен.
"Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов.
Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады.
Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды.
Ол Ақкөл ауданындағы (бұрынғы Алексеев) мектепте оқыған. Екі сыныпты бір жылда бітіріп, зеректігімен ерекшеленеді. Сағадат география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған.
"Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп бере алатын", - дейді батырдың замандастары естеліктерінде.
Сағадат Қосым ауылында соғыс жылдары есепшi, клуб меңгерушiсi қызметтерін атқарады.
Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлігі
1942 жылдың шiлде айында 18 жаста кеңес әскер қатарына қабылданып, Түрікменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiк аяқтайды. Кейін взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады. Кубань, Дон, Молдавия жерлерiнде, Одер, Шпрее өзендерiнiң бойында жан алысып, жан беріскен шайқастарға қатысады.
1945 жылы 17 қаңтарда Нұрмағамбетов Польша жерiнде жау қорғанысын бұзып өту кезiндегi жауынгерлiк тапсырманы ержүректiлiкпен орындайды. Магнушев плацдармында болған шайқаста ол басқаратын пулемет ротасы 2 күн ішінде 120 фашист пен 12 пулемет орналасқан орынның көзін жояды. Варшава қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Магнушев қаласын жау әскерінен тазарту кезінде Нұрмағамбетов әскерлерді сауатты басқара білуімен көзге түседі.
Шайқастардың бірінде станокты пулемет дәлдеуіші істен шығады. Соған қарамастан Нұрмағамбетов пулеметті қолына алып, жау әскеріне оқты қарша боратады. Осылайша, ол фашистердің 2 жойқын шабуылына тойтарыс беріп, 65 фашист әскерін өлтіреді
Нәтижесінде Сағадат Нұрмағамбетов басқарған рота Польшаның Пилица өзенінен өтеді. Онда рота 35 жау әскерін өлтіріп, 6 пулемет орналасқан жердің көзін жояды. Осылайша, оның ротасы кеңес әскерінің алға жылжуына мүмкіндік жасайды.
Сенаттың бұрынғы төрағасы, қазіргі Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шайқастарды кеңес әскерінің қолбасшысы Георгий Жуков өзі бақылағанын айтады.
"Нұрмағамбетов қатысқан ұрысты Кеңес одағының маршалы Жуков бақылапты. Ол Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыры атағын беруге ұсынады. Бұл нақты ерлік еді", - дейді ол "Долг, Честь, Подвиг Сагадата Нурмагамбетова" атты деректі фильмде.
Осылайша, 1945 жылдың 27 ақпанында 21 жасында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыр атағы беріледі.
Марапаттау рәсімін қазақтың батыры былайша еске алады
"Медальдарды армия қолбасшысы жеке өзі табыстады. Ол кеудемізге "Ленин" ордені мен "Алтын жұлдызды" тақты. Бізді шынайы ниетімен құттықтады. Толқынысымды жасыра алмадым. Қазақтың жетім баласына мұндай зор құрмет көрсетілгеніне сене алмадым. Әкем мен анам, Сағи ағам, отандастарым бұл жетістігімді көрсе екен деп ойладым", - дейді ол өз естелігінде.
1945 жылдың 8 мамырда Нұрмағамбетов екінші рет Кеңес одағының батыры атағына ұсынылады. Оның батальоны рейхсканцелярия ғимаратына жасалған шабуылға қатысады. Ол бұл уақытта майор атағымен атқыштар дивизиясын басқарады. 1945 жылы Берлинде Нұрмағамбетов 100-ден аса Гитлер әскерінің көзін құртып, 9 фашист бекінісін жояды, әрі 1560 жау әскерін тұтқынға алады. Осы шайқаста Нұрмағамбетов бірінші рет жараланады.
Алайда қазақ сарбазына екінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағы берілмейді.
"Ол 500-ден астам фашистің көзін жойды. 1 мыңнан астам жау әскерін тұтқынға алды. Пешков есімді полк командирі Нұрмағамбетовке екінші рет Кеңес одағы батыры атағын беруге ұсыныс жасайды. Бірақ Сағадат ағамыз бұл атақты ала алмай қалды", - дейді мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Нұрмағамбетовке арналған деректі фильмде.
1945 жылдың 31 мамырында Сағадат Нұрмағамбетов Қызыл ту орденімен марапатталады. Қазақтың қаһарман жігіті соғысты Берлинде аяқтады.
Ол 1946 – 1949 жылдар аралығында Мәскеудегi Фрунзе атындағы Әскери академияны бітіріп, Орта Азиядағы Түркiстан әскери округiне полк басқаруға жiберiлдi. Кейін әртүрлi штабтық, командалық лауазымдарда, оның iшiнде Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округi қолбасшысының орынбасары, Оңтүстiк топ әскерлерi қолбасшысының бiрiншi орынбасары (Венгрия) қызметiн атқарды. КСРО Қарулы Күштерi Бас штабының академиясындағы курстарда білім алды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі