» » » Бата-тілек: Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы

Бата-тілек: Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы

Бата-тілек: Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы казакша Бата-тілек: Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы на казахском языке
Уа, барша әлеумет,
Сардарға бата берейік.
Біріміз қалмай, бәріміз,
Батырға түгел ерейік.
Кәріміз бен жасымыз,
Патшаға қарсы аттанып,
Ер қаруы бес қару,
Бойымызға ілейік.
Бостандық үшін ту ұстап,
Батырға өміртілейік.
Қаһарман қол - сарбаздар,
Көк тілгендей жарқылдап,
Найзағайдай төнейік.
Қарсы келген дүшпанды,
Жермен - жексен көмейік.
Батыр киген ақсауыт,
Оқ дарысын демейік.
Алтын жапқан ақжебе
Көздеген жерден дәл тиіп,
Дәлдеп түйреп найзамен,
Жау қабырғасын сөгейік.
Алмас қылыш қолда ойнап,
Жауды өлімге бөгейік.
Батырға ерген ерлерге,
Батагөй болып жебейік.
Ата менен аналар,
Соңдарыңнан ереміз
Неге жүрсін демейік.
Боздақ үшін жанпида,
Көзіміздің қарасы,
Көңіліміздің санасы.
Өміріміздің мұрасы –
Жалғыз - жалғыз боздақты,
Жауға не деп береміз?
Бермейміз де ереміз,
Біз де қару қолға алып,
Атамыз тартқан сұр жебе,
Садақтан оқты себеміз.
Уа, халқым!
Көтеріңдер, қолдарыңды!
Өңшең жас ұландарым,
Жолдарыңа жан садаға,
Жараса жанды береміз.
Ботамыздан айырылып,
Бұл жерде не деп жүреміз?
Шыр айналып шырғалап,
Жандарыңда жүреміз.
Жасаған Ием жар бол деп,
Жанамыз да күйеміз!
Тілегімізді берер күн,
Алыс емес жақын тұр.
Бақыт күнін орнатар,
Ақсұңқар құс - алыбың,
Қол бастаған көсемің,
Қасыңда тұр анау батырың!
Батар күнмен батуға,
Атар күнмен атуға,
Тілектілеп, қол жайып,
Отыр мынау халқың да.
Құтты болсын бағыңыз,
Құтты болсын тағыңыз.
Ғаділдік қылып халқыңа,
Жаққан үстіне жағыңыз.
Патшадан көрдік зәбірді,
Қайғылы тұрған шағымыз.
Қайғыдан халқың арылсын.
Алтын ерлі ақ боз ат,
Астыңызда арысың.
15 мың сарбаз - қолыңа,
Қаһарман ерлік дарысын!
А, Құдайым оңдасын,
Барша әулие қолдасын!
Ғайып Ерен, Қырық шілтен,
Жан - жағыңнан қоршасын!
Күнің тусын оңыңнан,
Айың тусын солыңнан.
Ай мен күннің сәулесі,
Өмір бақи сөнбесін,
Қашанда болса жолыңнан!
Қолаң шашты қиғаш қас,
Ай мен күндей бір сұлу,
О да жүрсін соңыңнан!
Қабыл болсын бұл батам,
Пана болсын Хау Ана, Адам Атам!
Өзім өлсем артымда,
Сөзім қалсын халқыма!
Әумин!

nurgul95 | 92 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Бата-тілек: Жас бөбекке беретін бата
Бата-тілек: Жас бөбекке беретін бата
Бата-тілек: Үмбетәлі ақынның батасы
Бата-тілек: Үмбетәлі ақынның батасы
Бата-тілек: Досмайылдың батасы
Бата-тілек: Досмайылдың батасы
Бата-тілек: Керей Тоқсан бидің батасы
Бата-тілек: Керей Тоқсан бидің батасы
Бата-тілек: Бекентайдың батасы
Бата-тілек: Бекентайдың батасы
Бата-тілек: Қанжығалы Асаубайдың батасы
Бата-тілек: Қанжығалы Асаубайдың батасы
Бата-тілек: Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы
Бата-тілек: Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы
Бата-тілек: Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы
Бата-тілек: Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы
Бата-тілек: Бұқар жыраудың Наурызбай батырға айтқаны
Бата-тілек: Бұқар жыраудың Наурызбай батырға айтқаны
Мақал - мәтел: Оқ, аңшы
Мақал - мәтел: Оқ, аңшы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Батыр туы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Батыр туы)
Реферат: Қазақ әдебиеті | Жарылғап батыр
Реферат: Қазақ әдебиеті | Жарылғап батыр
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір баланың тілек батасы)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір баланың тілек батасы)
Қазақша бата - тілек: Төле би
Қазақша бата - тілек: Төле би
Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Құлбарақ батырға)
Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Құлбарақ батырға)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Адасқан шағала)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Адасқан шағала)

KZ / Баталар жинағы, казакша бата-тілек Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы благословение на казахском, благословение Амангелди батырга Досай шешеннин берген батасы на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке, Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы, казакша бата-тілек Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы благословение на казахском благословение Амангелди батырга Досай шешеннин берген батасы на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно бата-тілек түрлері жинағы оқу виды благослове, Бата-тілек: Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы бата бата беру қазақша дастархан бата беру қазақша дастархан батасы бата тілектер дастархан благословение на казахском языке