Сыр, құпия, астыртын, жасырын туралы мақал-мәтелдер топтамасы

Сыр, құпия, астыртын, жасырын туралы мақал-мәтелдер топтамасы

Сыр туралы мақал-мәтелдер жинағы

Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.

Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады.

Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.

Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.

Жасырын туралы мақал-мәтелдер 

Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.

Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.

Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.

Жауға жаның берсең де
Сырыңды берме.

Дұспанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.

Алысар болсаң, шыныңды айт,
Табысар болсаң, сырыңды айт.

Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.

Құпия туралы мақал-мәтелдер жиынтығы

Көңілдегі сырды көз білдіреді.

Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтар.

Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.

Сырыңды айтпа досыңа,
Достың да досы болады,
О да айтар досына.

Аттың сыры иесіне мәлім,
Қыздың сыры төркініне мәлім.

Көңілдегі құпияңды —
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп —
Сөзің айтып қояды.


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдады. 06.05.2021, 0
» Соғыс ардагерлері 1 миллионнан алады 02.05.2021, 1
» «Марсқа барған алғашқы адамдар тірі қайтпайды» - Илон Маск 29.04.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы