Ата-анаң тамырың

 Ата-анаң тамырың

Жерге шыққы гүлдерді
Адамның аз ғой білгені
Гүлдердің ғажап өсуі
Тамырдың ғана еңбегі

Тамыры оны жеткізген
Сүйкімді гүл еткізген
Күннің жайма шуағын
Суында сол ішкізген

Қорғайды сізді дауылдан
Күтусіз келген жауыннан
Сабағы сәл сарғайса
Тамырдың жаны ауырған

Қызылды жасыл жайнаған
Гүлдерін әркез ойлаған
Тамырың болып жаныңда
Көркіңе сенің тоймаған

Ата-атаң міне осындай
Жүрмейді мәңгі қасыңдай
Қадірін біл,құрметте
Ренжітпе бір сәт досым-ай

МЕЙІРІМЖАН МЕЙРАМБЕКҰЛЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді