Мұқағали Мақатаев (Кейіме інім)

 Мұқағали Мақатаев (Кейіме інім)

Кейіме, інім,
Сен тартқан мұңды мен емгем,
Кеткенмін сосын,
Өзімді-өзім жебеумен.
Анамыз жомарт,
Бабамыз жомарт дегенмен,
Жыламай жатсақ,
Жарылқап, емшек берер ме.
Кейіме, інім,
Кездескен мұңға алғашқы,
Кесірлі шақтың болмасын тіле алды ащы.
Қып-қызыл шоқтан суырып алып зергерлер,
Салмай ма суға сертке ұстар семсер-алмасты.
Кейіме, інім,
Керемет күндер алдыңда.
Кемсіне берме,
Керенау тартса, тағдырға.
Сүрініп кетсең, қарғып тұр қайта, даярлан
Кедергілерден екінші рет қарғуға.
Келіпсің інім,
Кеңесіп қайттың көктемде.
Кейітпес едім,
Болмады билік тек менде.
Жұлмалап, тонаи, қалдырып мені шеткеріге,
Жымысқы-уайым жылысып саған жеткен бе?!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?