Экономика | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мәселелері және қамтамасыз ету жолдары

 Экономика | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мәселелері және қамтамасыз ету жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы экономикалық мәні мен негізгі түрлері ......................................................................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар.................
1.3 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлері....
2. «KAZTAULTD» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ
2.1 «KAZTAULTD” ЖШС-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау..................................................................................
2.2 «KAZTAULTD» ЖШС активтер құрамы мен құрылымын және қалыптасу көздерін талдау.........................
2.3 Серіктестіктің активтерінің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін талдау..........................................................
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары...................
3.2 Кәсіпорнының қаржылық жағдайын бақылауды жақсарту жолдары......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................

КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз үдерісін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық әлеуетінің тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық тұрақтылық мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Диплом жұмысының мақсаты – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылды:
- қаржылық тұрақтылық ұғымын нақтылау;
- кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілетіндігін сипаттайтын көрсеткіштерді жүйелеу;
- кәсіпорынның тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін талдау;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының объектісі ретінде «KAZTAULTD» ЖШС қаржылық қызметі алынды.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Диплом жұмысын жазу барысында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін зерттеуге бағытталған шетелдік және отандық ғалымдардың соның ішінде: К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиева, В.В.Ковалев, А.Д. Шеремет, Г.В.Савицкая, Ю.С. Масленченков, Н.Е. Егорова, И.Т. Балабанов, И.А. Бланк, Е.С. Стоянова, В К.А. Сағадиев, М.Кенжегузин, Н.Қ Мамыров, және т.б. еңбектері пайдаланады.
Диплом жұмысын орындау барысында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚР Статстика Агенттігінің, «KAZTAULTD» ЖШС мәліметтері пайдаланылды.
Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік мағыздылығы. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етілуін негіздеу және оны талдау мен бағалау бойынша қорғауға шығарылған нәтижелер келесілер:
- нарық жағдайына сай «қаржылық тұрақтылық» ұғымы нақтыланды;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына ықпал етуші факторлар айқындалды;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау әдістері жүйеленіп, көрсеткіштер көмегімен «KAZTAULTD» кәсіпорынының қаржылық жағдайына талдау жасалды;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық тұрақтылықтың қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды қамтиды.
Жұмыстың негізгі тәжірибелік бөлігі «KAZTAULTD» қаржылық тұрақтылығын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының экономикалық мәні мен негізгі түрлері
Қаржылық тұрақтылық қазіргі өзгергіш және көпқырлы нарықтық экономика жағдайында маңызды мәселе болып табылады. Әрбір кәсіпорын қызметінің қаржылық тұрақтылығы жалпы мемлекет экономикасының қаржылық тұрақтылығына қандай да бір әсерін тигізеді. Бұл тәуелділікті көру үшін бірнеше авторлардың әдебиеттерінен іріктелген қаржылық тұрақтылық анықтамаларын қарастыру дұрыс болады.
Жалпы жағдайда экономикалық жүйенің тұрақтылығы деп оның өзінің қызметін ұзақ мерзім бойы жүзеге асыра алу қабілетін айтады. И. Богданов экономикалық тұрақтылықты келесідей анықтайды: «Экономиканың тұрақтылығы оның элементтерінің сенімділігі мен қатаңдығын, ішкі жүйедегі тік, көлденең және тағы басқа байланыстарды, сыртқы және ішкі қысымды төзу қабілетін сипаттайды. Бірақ егер экономика дамымаса, онда оның сыртқы және ішкі қауіптерге төзімділігі мен бейімделу мүмкіндігі кенеттен төмендейді. Сондықтан, тұрақтылық пен даму - біртұтас жүйе ретінде экономиканың маңызды сипаттамасы» [1, 12б.]. Бұл тұрақтылық анықтамасының идеясы сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерін төзу үшін ресурстармен қамтамасыз ететін кеңірек ұдайыөндіріске деген, сыртқы ортада қалыптасып, дамитын ерекшеліктерге сәйкес бейімделу мен жаңартылуға деген қажеттілікте жатыр. А. Илларионовтың айтуы бойынша, «экономикалық қауіпсіздік- ұзақ мерзімді перспективада өндірісіті жан басына шаққандағы экономикалық ресурстардың көп бөлігімен ең тиімді әдіспен қамтамасыз ететін экономикалық, саяси, құқықытық жағдайлардың үйлесімі».
И. Петренко кәсіпорынның дамуы мен тұрақтылығының микроэкономикалық мәселесін қарастыру барысында И. Богданов көзқарасына жақын пікір білдіреді. Тұрақтылық, И. Петренконың көзқарасы бойынша, сыртқы және ішкі ортаның өзгергіштігі жағдайында өндірісітік жүйе элементтерінің, оның тік және көлденең байланыстарының сенімділігі мен тұрақтылығын, өзінің негізгі функционалдық көрсеткіштерін сақтау қабілетін бейнеледі. Өндірістік жүйенің тұрақтылығы үшін ол үздіксіз қызмет етіп, дамуы қажет. Егер жүйе дамымаса, өзінің экономикалық әлеуетін ұлғайтпаса, онда оның өзгергіш нарықтық экономика жағдайына тиімді бейімделу қабілеті төмендейді. Н. Матвеев пікірі бойынша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсізідігі тұрақты қаржылық жағдай, коммерциялық табыстылық, мамандандырылған кадрлардың, өндірісітің құқықтық нормаларының болуы және кәсіпорын қызмет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін өндірістік қатынастардың ұйымдастырылуы, ғылыми-техникалық прогрессивтілік пен әлеуметтік даму шарттарының жиынтығымен анықталады [1, 24б.]. Бұл автор кәсіпорын экономикалық қауіпсіздігінің негізгі элементі оның қызмет ету табыстылығы деп қарастырады. Бұл анықтама кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының кешенділігін, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасына жатқызылатын көптеген факторларға тәуелділігін нақты көрсетеді.
«Қаржылық тұрақтылық» термині мамандандырылған қаржы лексиконында нақты анықталмаған. Әлем тәжірибесінде «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің әртүрлі баян етілуі баланс талдауының екі жақтылығымен түсіндіріледі: баланс өтімділігін дәстүрлі және қазіргі заман функционалды талдауы. Осы екі көзқарас негізінде аналитиктер қаржылық тұрақтылық түсінігін әртүрлі етіп қарастырады.
Баланс өтімділігін дәстүрлі талдау негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы оның қаржылық құрлымының тепе-теңдігін қамтамасыз етілуіне және инвесторлар мен кредиторлардың тәуекелдерден аман болуына бағытталған ережелермен анықталады, яғни қаржылық стандарттың дәстүрлі ережелері қарастырылады, олар төмендегілерді өзіне қарастырады:
- минималды қаржылық тепе-теңдік ережесі, ол міндетті оң өтімділіктің болуына негізделген, яғни баланс пассивтері мен активтерінің қысқамерзімді элементтер айналым жылдамдығы, уақытында сәйкессіздіктер болу тәуекелімен байланысты міндеттемелерден ағымдық активтер мөлшерінің асу сомасында орын алатын қаржылық тұрақтылық қорын алдын ала қарастыру қажет;
- максималды қарыз ережесі - қысқамерзімді қарыздар қысқамерзімді қажеттіліктерге пайдаланылады; дәстүрлі қаржылық стандарт кәсіпорын қарыздарын меншікті қаражат көздерінен өтеу шегін белгілейді: ұзақ және ортамерзімді қарыздар меншікті қаражаттар көздері мен оларға теңескен ұзақмерзімді қарыз қаражат көздерін өзіне қосатын тұрақты капитал жартысынан аспауы қажет;
- максималды қаржыландыру ережесі алдағы ереженің жүзеге асырылуын ескереді: қарыз капиталын қолдану көзделген барлық салымдар соммасының белгілі бір пайызынан аспауы қажет, ал пайыз әртүрлі несиелеу шартына байланысты болады.
Баланс өтімділігін функционалды талдау негізінде қаржылық тұрақтылық келесі талаптарды орындау кезінде анықталады:
- қаржылық тепе-теңдікті сақтау, негізгі және қалыптастырылуы үшін пайдаланылатын, меншікті капитал бөлігін білдіретін, айналым капиталына бөлшектеп салудан бұрын, тұрақты капитал есебінен өтелетін, қаражаттардың тұрақты орналастырылуы құрамына қосу жолымен жүзеге асады. Соныменен, тұрақты ресурстар - меншікті капитал және оларға теңестірілген қаражаттар- тұрақты орналастырылған активтерді өтеу қажет. Қатынастың 100 пайыздан төмен болуы - салынған қаражаттардың бөлігі кәсіпорынның қаржылық әлсіздігін анықтайтын, қысқамерзімді міндеттемелер түрінде болатын тұрақсыз ресурстармен қаржыландырылғанын білдіреді. Қысқамерзімді қаржыландыру туралы айтсақ келсек, айналым активтеріне (меншікті айналым капиталының көздері көлемінде) қажеттілік соммасы есеп жылы ішінде өзгереді және бұл өзгерістер төмендегілерге әкеледі:
- айналым капиталының артық қамтамасыз етілуіне, нәтижесінде меншікті айналым капиталының бос көздері уақытша пайда болады;
- немесе айналым капиталына қажеттіліктің қанағаттандырылуына, нәтижесінде қарыз қаражаттарын қолдану тура келеді;
- жалпы қарызды бағалау - қаржылық тұрақтылықты талдау (баланс өтімділігін талдаудың функционалды және дәстүрлі) амалдары бірдей. Бұл жерде, барлық қарыз және меншікті қаражаттар арасындағы қатынас арқылы белгіленетін кәсіпорынның жалпы қарыздар деңгейін анықтау қосылады.
Кәсіпорыннің қаржылық тұрақтылық түсінігін қарастырған кезде онымен тікелей байланысты басқа да қажетті экономикалық-қаржылық құраушыларды анықтау дұрыс болады. Соның ішінде кәсіпорынның төлемқабілеттілігі негізгі орынды алады [2, 75б.].
Төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің маңызды қаржылық-экономикалық ерекшелігі болып табылады. Кәсіпорынның «қаржылық тұрақтылық» түсінігі көп қырлы, ол ұйым қызметінің әртүрлі жақтарын бағалайтындықтан, «төлемқабілеттілік» пен «несиеқабілеттілік» түсініктеріне қарағанда кең мағынаны иеленеді.
«Қаржылық тұрақтылық» түсінігін отандық және шетел экономистері әртүрлі баяндайды. 90-шы жылдардың басында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын меншікті қаражаттардың қарыз капиталынан ұлғаюы шарты бойынша меншікті қаражаттар көзі капиталымен түсіндірді. Сонымен қатар ол кәсіпорын активтерінде меншікті және қарыз капиталының қатынасымен, меншікті қаражаттардың жинақталу қарқынымен, ұзақмерзімді және қысқамерзімді қаражаттар қатынасымен, материалдық айналым капиталының меншікті көздерден жеткілікті қамтамасыз етілуімен бағаланды.
Қаржылық тұрақтылық - бір қалыпты төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорын шоттарының белгілі бір жағдайы. Қандай да бір шаруашылық әрекетті жасау нәтижесінде қаржылық жағдай не төмендеп, не жоғарлап, өзгеріссіз қалмайды. Күн сайын жасалатын шаруашылық операциялар ағымы қаржылық тұрақтылық жағдайының бір күйден екінші күйге өтуіне негізгі себепкер болады. Негізгі қорларға және өндіріс шығыстарына капитал салымдарын өтеу үшін қаражаттар көздерінің өзгеріс шегін білу кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға және қаржылық тұрақтылықты жоғарлатуға әкелетін шаруашылық операциялар ағымының қозғалысына мүмкіндік береді.
Қаржылық тұрақтылықты зерттеу барысында алдағысынан ерекшеленетін «төлем қабілеттіліктің» жекеленген түсінігі бөлініп шығарылады. Көріп отырғандай, төлемқабілеттілік қаржылық тұрақтылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық, қаржылық-инвестициялық қызметтерінің нәтижелеріне тәуелді болады, ал қаржылық жағдайдың тұрақтылығы оның қызметіне әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қорлар мен олардың құнының меншікті және қарыздық қалыптастыру көздерінің көрсеткіштері анықтайды. Қорлар мен шығындардың қалыптасу көздермен қамтамасыз етілуі, соныменен қаржылық ресурстардың тиімді пайдаланылуы қаржылық тұрақтылықтың мағызды сипаттамасы, ал төлемқабілеттілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Сонымен қатар қорлар мен шығыстардың қамтамасыз етілу деңгейі нақты күнтізбелік күнге есептелетін төлемқабілеттілік деңгейінің қандай да бір себебі болады. Яғни төлемқыбілеттілік қаржылық тұрақтылық көрінісінің бір түрі бола алады [2, 86б.].
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты бағалайтын мақсатты ерекшелігі болып табылады, ал ішкі шаруашылық мүмкіндіктерді, қаражаттарды және оларды тұрақтандыру жолдарын іздестіру экономикалық талдаудың жүргізілуі мен мазмұнының ерекшелігін анықтайды. Соныменен, қаржылық тұрақтылық - қаржылық ресурстардың тиімді қалыптастырылуы, бөлінуі мен пайдаланылуы бойынша қызметінің нәтижесінде кәсіпорынның кепілді төлемқабілеттілігі мен несиеқабілеттілігі. Сонымен қатар ол - қорлардың меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуі, және кәсіпорын активтерін өтеу көздері болып табылатын меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы.
Жалпы кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы дегеніміз кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.
Кәсіпорынның шаруашылық жағдайы, оның тұрақтылығы мен қалыпты қызметі оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді болады. Егер кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жоспары ойдағыдай орындалса, онда ол оның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және, керісінше, өндіріс пен өнімді өткізу бойынша жоспардың соңына дейін орындалмауы нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының ұлғаюы, табыс пен пайда соммасының төмендеуі және олардың салдары ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлемқабілеттілігінің нашарлауы. Сондықтан тұрақты шаруашылық жағдай кездейсоқтан пайда болмайды, ол кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын барлық факторлар кешенін тиімді басқару арқылы жүзеге асады.
Өз кезегінде, тұрақты шаруашылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуы мен өндірістің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне жағымды әсерін тигізеді. Сондықтан шаруашылық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде қаржылық қызметтің ақшалай ресурстарының жоспарлы келіп түсуі мен шығындалуынның қамтамасыз етілуіне, сандық және сапалық есептің орындалуына, меншікті және қарыз капиталдарының рационалды үлестеріне қол жеткізуге және олардық тиімді қолданылуына бағытталуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдай түсінігі кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыра алу қабілетін білдіреді. Ол кәсіпорынның қалыпты қызметіне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілеуін, оларды орналастырудың мақсаттылығы мен пайдаланылуының тиімділігін, басқа да жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қарым-қатынасын, төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын айқындайды.
Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың сыртқы субъектілеріне (ең алдымен келісім қатынастары бойынша серіктестерге) капитал құрылымына, кредиторлар және инвесторлармен қатынас деңгейіне, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту мен қызмет көрсетуге байланысты, алдағы кезеңге кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің экономикалық секторының өкілдерін қоса, кәсіпорындардың басшылары белгілі бір қызметке меншікті капиталының едәуір аз бөлігін салуға және қарызға алынған қаражаттар негізінде қаржыландыруды қалайды. Бірақ, егер «меншікті капитал-қарыз капитал» құрлымы қарыз жағына қарай ұлғайса, қолайсыз бір уақытта бірнеше кредитор өз қаражаттарын өтеуді талап етсе, кәсіпорын банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Сондықтан баланстің өтімділік деңгейін, айналыс қаражаттарын, ұйым төлемқабілеттілігін анықтаумен байланысты қысқамерзімді жоспарда қаржылық тұрақтылықты бағалау маңызды болып табылады [3, 125б.].
Шаруашылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның икемді капитал құрлымы болуы қажет, ұдайы өндірістің үздіксіздігіне қолайлы жағдай туғызу және өзінің төлемқабілеттілігін сақтау мақсатымен табыстардың шығыстардан жоғары болуын әрдайым қамтамасыз ете алатындай етіп өз қызметін ұйымдастыра ала білу қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін, басқарма персоналына, шаруашылық субъектісінің дамуы мен қаржылық тұрақтылығына мүмкіндік туғыза отырып, қаржылық қамтамасыз ету тұрғысынан оның дамуының маңызды әрі мақсатқа сәйкес қарқынын бағалау қажет. Коммерциялық қатынастар дамуының тұрақтылығын анықтау тек коммерциялық ұйымға ғана емес, соныменен өзінің тапсырысшылары мен клиентіне деген қаржылық сенімділігі мен тұрақтылығын анықтау үшін сәйкесінше ақпаратты алу қажеттілігі бар серіктестер де қызығушылығын білдіреді. Сондықтан нақты ұйымның тұрақтылығын зерттеу мен бағалау саласында күнен күнге контрагенттердің саны өсе бастады.
Кәсіпорын қаржылық ресурстардың икемді құрылымына ие және керекті жағдайда қарыз қаражаттарын мүмкіндігінше тартуы қажет. Сондықтан кәсіпорынның әлеуетті тұрақтылығының көрінісі оның несиқабілеттілігі, яғни несиенің қайтарылуына байланысты өзінің міндеттемелерін уақытылы және толығымен өтеу мүмкіндігі болып табылады. Несиеқабілетті кәсіпорын деп несиені алу үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктерге, және тиісті пайыздарын төлеумен бірге уақытылы қайтару мүмкіндігіне ие ұйымды атайды. Ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығымен тығыз байланысты және несиені өтеу үшін қажетті жағдайда әртүрлі көздерден қаражаттарды жинақтау қабілетін көрсетеді. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 214



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады