Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 2500 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Педагогтің коммуникативті мәдениеті

Қазіргі кезде «қарым-қатынас» терминімен қатар, «коммуникация» термині қолданыста жиі пайдаланылып жүр. Алғаш рет «коммуникация» термині (латынша communication, communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиеттерде пайда болып, екі негізгі жалпы теориялық құрылым ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды:
1) бихевиоризм (коммуникацияның негізі жүйе ретінде тіл емес, тікелей кез-келген адамды тәрбиелеуге болатын дыбыстары) бұл әдістің өкілі Д.Уотсон); 2) коммуникация символикалық интеракционализм (персонализм-дербестік)тұлға ішкі метафизикалық қабілеті арқылы өз бойында басқа біреудің сезімдерін ашу болып табылады, бұл әдістің өкілі Дж.Г.Мид)......

Ғылыми жобалар
Толық

Электрофор машинасын CD R дискісінен жасау

«Жас техник» байқауы
• Электрофор машинасын CD-R дискісінен жасау
Электрофор машинасының маңызы, шығу тарихы
Электрофор машинасын алғаш 1865 жылы немістің физик экспериментаторы Август Теплер жасап шығарды. Сол мезгілде Август Теплерге тәуелсіз басқа неміс ғалымы Вильгельм Гольц (1836 –1913) жасады. Гольц машинасы Теплер машинасымен салыстырғанда потенциалдар айырмасын көбірек алуға мүмкіндік алды және оны тұрақты электр тогы көзі ретінде пайдаланылды.
Қолдану аймағы:
Электрофор машинасы физика пәні бойынша электростатика тарауын оқыған кезде демонстрациялық тәжірибелер көрсету кезінде үлкен зарядтарды және жоғары потенциалдар айырмасын алуға негізделген......

Ғылыми жобалар
Толық

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.
Бастауыш саты – мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: «мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. ....

Курстық жұмыстар
Толық

Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер

Зерттеу тақырыбы: «Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал-мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер» (1,2,3 слайды) Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «...
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Оңтүстік Қазақстан жағдайында картоптың алғашқы тұқым шаруашылығын енгізіу

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылатуда тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық, экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі.
Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын, экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі [1].
Тұқым шаруашылығында биотехнология жетістіктерін пайдалану арқылы дақыл сорттарын сауықтыру және олардың сыртқы орта ықпалдарына төзімді (ыстыққа , суыққа, топырақ ортасына және тағы басқа) жаңа сорттарын алу Қазақстан Республикасында 1995 жылдардан бері қолға алынып келеді. Өйткені, тұқым шаруашылығында биотехнологияны қолданып, дақыл өнімділігін 15-30 пайызға дейін жоғарылатуға болады [2].
Оңтүстік Қазақстан жалпы картоп дақылының өсіп-дамуы үшін қолайсыз болып табылады. Механикалық құрамы орташа саздақты болатын сұр топырақтар, түйнек түзу кезеңіндегі тым жоғары температура және ылғалдың жетіспеушілігі картоп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады [3].
Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау тұқымдық материалдарды қолдану керек.
Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп шаруашылығын дамытудағы алғашқы міндеттердің бірі оның тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Картоптың өнімділігінің деңгейі отырғызатын тұқымдық материалдың сапасына тікелей байланысты болғандықтан, дақылдың тұқым шаруашылығын тиісті жағдайға келтіру бүгінгі күннің басты өзекті мәселесі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары жоғары температуралық ықпалдармен сипатталатындықтан картоптың тұқым шаруашылығын жүргізу және элиталық тұқымдық материал өндіру кәдімгі клондық таңдап алу тәсілімен оң нәтиже бермей отыр. Ыстық ауа-райы жағдайында вирус ауруының аз ғана мөлшері дақылдың өнімділігі мен сапасына айтарлықтай кері әсер етеді.....

Дипломдық жұмыстар
Толық