Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, өз ойын жеткізеді. Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға береді,. өз ойын жеткізуде көркем -бейнелі сөздерді қолданады. Кейбір оқушылар:көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады......
Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Әкем, шешем және мен (Отбасылық спорттық мереке) Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу. Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар. Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Табиғат құбылыстары Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады; Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады; Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.....
Кенжебек Шәкенов (1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. Қазақ. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. .....
Қазіргі қоғамда қыз секілд жігіттер көп. Себебі олардың көз алдындағы үлгі боларлық ана-әпкелері, мұғалімдері де әйел заты. Әкесі нағыз ер адам болып, баласын әскери тәртіппен тәрбиелемесе, жағдай қиын.
1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол.
2. Ата-анаңды сыйла.
3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.
4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің. ......
1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы Байқоңыр ( бұрынғы Ленинск ) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан қала. Іргетасы 1955 жылы қаланған. Тұрғыны – 53 мың адам ( 1997 жылғы халық санағы бойынша ). Климаты – тым континенттік. Бұл аймақтың ауа – райы өте құбылмалы. Қысы-суық, жазы-ыстық, әрі-қуаң, жауын-шашын 90-150мм-дей аз жауады. Сол себепті ауа – райы ылғалсыз, әрі құрғақшылық жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау – тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман – тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, қызылды – жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта өте көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Бірнеше мың гектар жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойы «аса құпиялы қала» болып есептелініп келді. ....
Сабақтың мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ата – анамен бала денсаулығын нығайту. 2. Спортшылар арсындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы екенін түсіндіру және оны сақтауды басты балық екенін ұғындыру. 3. Сенімділікке, қайсарлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.....
Міне, сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл. Сол бір кезде батырлық пен төзімділікті паш етіп, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол сұрапыл соғыс 1941-жылы 22-мамыр күні таң алдында басталды. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал, әйелдер соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді. Ұлы Отан соғысының тарихына үңілсек, жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі зор екендігін байқаймыз. Майданға Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Соғыстан 394 мың қазақ сарбазы қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы – қасірет әкелмеген отбасы кемде – кем. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Сұрапыл соғыс 1945-жылдың 9-мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Фашистік Германия тізе бүкті. 500-ге жуық жерлесіміз батыр атанып, аттары аңызға айналды. Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабул жасауға қатысты. Оның төбесіне Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы - Рақымжан Қошқарбаев тікті. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бегильдиновтың және көптеген жерелестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды. Біздер олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз! Мен, әрине, соғысты ұнатпаймын, қаншама адам қан төгіп, көз жұмады. Қазіргі таңда еліміздің тыныштығын сарбаздар қорғайды. .....
Апыр-ай десеңші, алты ай қыс, алты ай жаз, лүп еткен желсіз, қақырата соғар қара дауылсыз, азынаған ақ түтек борансыз күн кешіп жатқандары мынау. Казармадан шыға қалса маңдайына тіреліп, көз алдына керілген көк пердесін көлденең тартқан қалың орман. Сол орманның арасында өмір сүру көкжиекпен астасып жатқандай көрінетін байтақ қырда кіндік кесіп, саф ауасымен көкірек кере дем алып, ұлылы-кішілі төбелер мен тауларға өрмелеп өскен айдын шалқарға қаз қонып, үйрек ұшқан.
Айдындардың еркесі, аққу, аялдаған көлдерге өзендерге шомылып, ат құлағында ойнап, еркін өскен қыр баласы сол байтағын, қалай сағынбасын, қалай аңсамасын? Талай түндерде кірпік ілмей, сол далаға деген сағыныш бесігінде тербелгені де күні кеше. Сондықтан да болар ол қазақ киностудиясы жарыққа шығарған фильмді көруге асығып ынтығып отыр. Фильм басталмастан бұрын бұл туралы полк командирінің саяси жұмысы жөніндегі орынбасары (бұдан әрі командирдің орынбасары): « Бүгін сіздер қалыптасқан дәстүр бойынша айына бір рет көрсетілетін одақтас республикалардың бірінің кинофильмін көресіздер. Кезек – Қазақстандікі. «Алдар көсе» фильмінікі», – деген еді. .....
Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады: - Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік. Әкесі: - Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады. - Қалай қарындасым? - Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім. Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі. Сонда әкесі: - Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті. Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы: - Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау Сабақ мақсаттары: Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын аша біледі.
Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, .....
Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.
2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
28 маусым,яғни бүгінгі мереке жайлы ауыз толтырып айтарлықтай əңгіме, тілектер жазылды. Əлі де жалғасын тауып, толастар емес. Қол тигенге қарай, асығыстық болса да, бір-екі ауыз сөз дат етейін...
Аузын айға білеген əрқайсымыз журналистика, баспасөздің төртінші билік екендігін жерден жеті қоян тапқандай сөз етеміз. Себебі, жүгі ауыр кəсіп иелері үшін бұл - біріншіден, мақтаныш; екіншіден, өзін-өзі жеңіл жұбатудың сиқы(артыңда қаншама сенім, соған сай болмақ мақсат жатыр). Заманына сай уақыты озған сылдыр сөзді емес, уытты сөздің ұтқыры болу бұрнағыдан тəн қабілет те, қасиет те Журналист ауыздан шыққан "Аһ!" дегенді ақиқат санап, жол-жөнекей хабардың шындығына жетпестен жарияланымға арқау етпес. Ұйымдасқан сайын оң-солға қисая, өзгенің өмірін өсекке айналдырып, жердегі "жұлдыздарың" тіршілігін тілге тиек етуді мақсат тұтпас! (ол жағын аталмыш "сары басылымдар"-ақ қатырар).
Бүгінде жоқ жерден сенсация тудырушы қарабайыр əнші-тілшілер, ел өмірін жұтаңдыққа апарушылар саны лек-легімен артқаны талас тудырмайтын ақиқат.Осы жолға еліктеп, табан тоздырып жүгіру нəтиже бермейді❗. Бəлкім, олар да келешекте тағдыр тəлкегімен тілшілік тіршілігіне жолдан қосылса да (барлығы емес), талап арқылы мамандық махаббатының жемісті жеңісін көрер⁉ Іс тетігін қашан да маман шешеді, яғни "қой сойса да, қасапшы сойсынның" ниеті бұл...
Аталған қысқа да толық мəтінге арқау болған, əрлі-əріптестер!
Ұлт сенімін арқалаған, ұлы жүректер! Əр топ (101, 102, 103) - ақпарат майданындағы армия десек, əрқайсымыз сол майданның қаруы - қалам (телевизиядағылар үшін - микрофон), қалқаны - дəптер, жазары мол жауынгеріміз. Санаға сақ болып, халыққа бақ қондырайық. Журналист қорек етер түйе жантақты - сүбелі жаңғаққа, жамылар "қар" көрпені - төр көрпеге, жастанар "мұз" жастықты - құс жастыққа айналдыруларыңызға тілектеспін! Ауызбен орақ орған емес, аузымен құс тістегендердің санатынан табылып, Ахаңдар ашқан "арна" тізгінін қолдан бермейік...
P.S: Біз, журналистер, қоғамға "мысықтың" қай бағытқа бет алғандығын көрсетеміз...ары қарай қоғамның өзі-ақ "мысықпен" айналысып кетеді...(сана сапасы мен ой ұшқырлығына сай)
Әкеме деген сағынышым көп менің, Жаза берсем шыға берер сағыныш, Өмір бойы жазып өтсемде Бітпес бұл сағыныш ешқашан. Сағындым әке, бейнеңді өзіңнің. Жалыны сөнді, үміттің, Асқары құлап бағымның....
Кіріспе Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады. Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады. Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса — құқығы да жоқ. ....
Байлаған биенің бас сауымын сауып алған кезде, "Тайжүзген" құдығының басындағы төрт ауылдың атқа мінер кәрі, жас, қатын-қыздарының аттары ерттеліп болды. Үлкендер маңызданып қымызы бар үйлерден қымыз ішіп, қыз-бозбалалар, бай балалары сәнді киімдерін киіп, жақсы аттарын күмістеген ер-тоқымдарымен ерттеп, кедейдің балалары да барын киіп, қатындардың байы байша, кедейі кедейше тазарақ киімдерін киіп, бәрі бір түрлі асығып лепіруде.
Күн ыстық. Шыбындап, топтанып, шаптары терлеген жылқылар үймелеп жылы желі маңайында тұр. Қап-қара болып күнге күйген, бұттарында жүнін сыртына айналдырып киген шалбарлары ғана бар жап-жалаңаш малайлар арпалысып сауған биелердің сүтін шелектерімен қолдасып келе жатыр.
Құрғақ апандардың, әм жарлардың көлеңкелерінде қозылар үймелеп, жүргендері жүріп, жатқандары жатыр. Қара мал өріске кеткен. Ауылдың күншығыс жағындағы сортаңда сағымнан бұлдырап төрт-бес түйе жүр........
«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен, Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен. Кешеде жүрген жан әкем, Ғайып бір болды-ау көзімнен. Сөзімнің басы биссимилла, Шерліден досым сөз тыңда. Иманды болғыр, жан әкем, Ақылың айтқан мың ділдә. Құдай салды, біз көндік, Қызыл тілім, қимылда. Жолыңа құрбан болар ем, Келмейсің ғой мың жылда. Пайғамбар аты Ыдырыс, Мүдірмей сөйле отыз тіс. Айрылып асқар белімнен, Басыма түсті қиын іс.....
Сәкеңді жұрт көп оқиды, көп ізденеді, өзінің саласының мықты маманы деп айтады. Сәкең қайбір жылдары жастық шағында үлкен бір қаладан барып білім алып келген. Сонда Сәкеңнің елдің ішінде тек қарт әке-шешесі ғана тұрса керек. Сәкең кейін оқуын бітіргенде сол қалада қызметте қалуына мол мүмкіндік туып тұрғанына да қарамастан, қарттарына алаңдаса керек, елге оралады. Сәкеңдей білімді жігіттер елдің ішіне де керек болып тұрған ғой.
Сәкең келе еңбекке кіріседі. Елдің аруына қосылады. Обалы не керек, Сәкеңнің сүйіп алған жары Сәкеңнің ата-анасына бәйек болып қызметін жасапты, күтіп-бағыпты, қас-қабағына қарапты. Кейін қарттар өмірден өтерінде келіні мен баласына алғысын жаудыра-жаудыра өткен деседі. "Ата-анаға қарасаң, Сәкеңдердей-ақ қара-ау!" деп елдің аңыз қылатыны да содан ғой. .....
Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.
«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.
Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б»
Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен поездге асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып,қолыңды бұлғап: «Әкешім сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім. .....
Мейірімді Алла Тағала «Кім Менен сұраса, Мен оның сұрағанын беремін» деген екен.Ендеше, бәрін Естуші, Көруші, Жауап қатушы Алладан бауыр еті балаларымызға баянды да берекелі ұзақ ғұмыр сұраймыз. Алла екі жастың арасына сүйіспеншілік пен мейірім орнатып, бір-біріне деген сезімін суытпасын, құрметтерін, абыройларын арттырсын! Тура жолға салушы Алла жүректеріңді дұрыс жолға бұрсын. Жаңа құрған жас отауларыңа мейірімін жаудырсын. Сый беруші Алла шаңырағымызға шаттық пен қуаныш сыйлап, біздің тек дәл осындай қызық пен қуанышта, ақ дастархан аясында бас қосуымызды нәсіп етсін! Аса Бай, Ризықты мол етіп беруші Алла, балаларымыздың несібелерін арттырып, ризықтарын берекелі етсін! Бір-бірінен тыныштық, тыным тауып орнығуларын, бір-бірінің көз қуанышы болуын, ұрпақтарының елге, дінге қызмет ететін саналы, салиқалы болуын нәсіп етсін!
Қазандарың ортаймасын, шаңырақтарың ортасына түсіп, шайқалмасын, қарақтарым!
Жан әкем еді қорғаным, Мәпелеп баққан қормалым. Тұтқиыл келіп сұм ажал, Қайғыға терең шомғаным. Қоймадым жастық басына, Бола алмадым қасында. Тұтқиыл қаза болды ғой, Сексенге келген жасында. Көңілімнің күні едің, Ақылымның нұры едің. Айрылып, әке, бір күнде, Қайғыдан әбден жүдедім.....
Әкеден бала жас қалды-ау, Ақылдан бәрі бос қалды-ау. Бісміллә деп бастайын, Көңілді жаспен басайын. Иманды болғыр, сабазым, Зарымды айтып сарнайын. Сабазым еді ақ маңдай, Жоқтаушы енді жез таңдай. Ұжымақтан болсын орныңыз, Шариғат жолы айтқандай. Кесте тіктім ершімдеп, Ою салдым өрнектеп. Алладан ажал келді ме, «Орта жаста алсын» деп.....