Алғашқы қар

Күзде иіні жұтаған
Қыр көмілді ақ қарға.
Майыстырып бұтағын,
Ақ тон киді бақтар да.

Жылғалардан қақ көрдім,
Жатыр шеті шетілмей.
Дала жаңа дәптердің
Жазылмаған бетіндей.
Тақпақтар
Толық

Анашым

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым....
Тақпақтар
Толық

Жыл мезгілдері

Алайда-дүлей ашулы батыр өткендей,

Түнеріп аспан жып-жылы нөсер төккендей.

Қыс бойы ұйықтап, уақыты келді оянар

Тіршілік үшін керемет кез жоқ Көктемдей!....
Тақпақтар
Толық

Ана

Ана, сен бақыттысың!

Гүлің болып өсіп келем.

Жайнап жүрші,

Күліп жүрші,

Алладан мен тілеп жүрем.
Тақпақтар
Толық

8-март

Анамыздың мерекесі
Келіп қалды жақындап
Көңілін қалай тапсам деп
Ойлап жүрім күн-түні.
Тақпақтар
Толық

Құттықтаймын мерекеңмен!

Құттықтаймын мерекеңмен!
Әжем, анам қос қанатым,
Жақсы болсам куанатын.
Көжегіме жұбанатын.
Асыл әжем. Аяулы анам.
Құттықтаймын мерекеңмен!
Тақпақтар
Толық

Ақша - ырымдар

✅ Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көpiңіз, әpi қаржылық жағдайыңыздағы өзгepicтi де бақылауды ұмытпаңыз.

✅ Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе бipeyгe жасатқаныңыз жөн.

✅ Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн.......
Кеңестер
Толық

Отан

Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.
Тақпақтар
Толық

Анашыма

Ана деген өмірдегі асыл жан,

Ана «бақыт» дегендерге қосылам.

Айта берсем анашыма сөз жетпес,

Анам менің,өмірдегі асыл жан.
Тақпақтар
Толық

Ана

Ана өмірдің шуағы,

Ана өмірдің шырағы.

Бәрінен де қымбат қой

Аннамның аппақ құшағы.
Тақпақтар
Толық

Ұлы Абайға арнау

Абай десе өлеңнен маржан табасың,
Абай деп таны қазақтың байтақ даласын.
Әрбір жыры рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?.....
Тақпақтар
Толық

Анама

Емізіп, ақ сүт берген балаға

Анадан артық жақының бар ма жаһанда

Ақ сүтін татып көрмеген сірә сезбейді

Уыздың дәмін алмаған қалар арманда

Арманда қалма, анаңды сыйла қарағым.....
Тақпақтар
Толық

Арман

Шіркін арман, қынабыңнан

Келесің мені суырып.

Жауабы қиын сұрағыңның

Қаламын кейде жығылып.
Тақпақтар
Толық

Уақыт

Күн көріс, күйбең тірлік сылтауратып.

Таңың атып жатады күнің батып.

Жарау жырым, кемеде қаңтарулы

Шылбырын үзе алмайды, ала қашып.....
Тақпақтар
Толық

Аяулы анашым

Өмір сыйлаған анашым,

Өзіне мен ризамын.

Аяулы менің анашым

Қайда жүрсем де сағынамын....
Тақпақтар
Толық

Шын достық

Көз екеу, қас екеу,

Екеу және аяқ та.

Қол екеу, құлақ екеу,

Жүрек жалғыз бірақ та.

Сол жүрекпен достықты,

Мәңгі адал, шын сақта!
Тақпақтар
Толық

Бата

Я, құдайым оңдасын,

Еш жамандық болмасын.

Несібеміз нақ берсін,

Жолда жүрген қыдырды,

Қастарыңа алып келсін.

Дастарханың толы болсын,

Туған-туыс аман болсын.

Аумин!
Тақпақтар
Толық

Бал аралар

Көктем келген шағында,

Гүлдер гүлдеп жатқанда.

Бал аралар ызыңдап,

Балын жинап жатқанда.....
Тақпақтар
Толық

Анашым

Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.....
Тақпақтар
Толық

Ана

Нұрын шашқан күніміз,

Айжұлдызды түніміз.

Мәпелейтін, әлпештейтін,

Ана біздің гүліміз.
Тақпақтар
Толық

Тіршілік көзі

Су деген - өмір көзі,

Тіршіліктің нәрі бұл.

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Болмас еді шөп-шалаң,

Болмас еді тірі жан.

Сол себепті балалар,

Ысырап қылмайық суды.
Тақпақтар
Толық

Менің атам

Қыдырып бардым атама,

Қалыпты атам ауырып.

Мейірімді аташым,

Айтшы маған аташым,

Тиді саған қайсы дерт,

Қорқытайын сол дертті.

Дәруменді ішкізіп,

Сауыққын сен тезірек.

Мен ішкізсем дәрумен,

Жазылшы сен аташым.
Тақпақтар
Толық

Достық

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту қып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.
Тақпақтар
Толық

Бәйтерегім

Отанымның тірегі
Астанамның жүрегі.
Мақтан етем өзіңді,
Бәйтерегім киелі.
Тақпақтар
Толық

Ана

Мен үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым

Жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.
Тақпақтар
Толық

Дос

Күнде бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірімізге –біріміз

Көмектесіп жүреміз.
Тақпақтар
Толық