👈 қаріп өлшемі 👉

Мамандықты таңдау

 Мамандықты таңдау

«Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
Жолын қуам әйгілі
Академик ағаның»,-

Деп Арман бір қуанды
Сергек, ұшқыр көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.

«Мен ғарышкер боламын,
Жұлдызға ұшып барамын.
Жолын қуам атақты
Тоқтар сынды ағаның»,-

Деп Серік бір қуанды
Сергек, ұшқыр көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.

«Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын»,-

Деп ботам бір қуанды
Аппақ, адал көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.

«Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын»,-

Деді Қамбар қуанып
Аңқылдаған көңілмен,
Тұрдым іштей құп алып
Бұл талабын оның мен.

«Бірің алтын іздесең,
Бірің жазсаң өлеңді,
Жұлдыздардан біреуің
Жолдап жатсаң сәлемді.

Бірің болып дәрігер,
Емдеп жатсаң ауруды,
Құрмет тұтып қалың ел,
Сыйлап жатса бар гүлді,

Бәріміз де жейтұғын,
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын
Қуат керек, әл керек.

Нан беретін баршаға
Жер маманы болам мен.
Барып жүрмін бақшаға
Агроном ағаммен.

Гүл егемін жеріме
Осындай ой бар менде.
Жер жемісін еліме,
Сыйлап өтсем арман не»,-

Деді Құрман ойланып.
Мен құп алдым айтқанын.
Ал өзім-ақ қой бағып
Дайындармын ет жағын.

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы