Қазақша тақпақ: Мамандық » ZHARAR © 2016 | такпак, казакша такпак, мамандык туралы такпак, мамандык туралы олен шумактары, мамандык туралы олен, мамандық туралы өлең, мамандық туралы өлең шумақтары, мамандық туралы өлең жолдары, мамандық туралы тақпақ, мамандық туралы тақпақтар, стихи о профессиях для детей на казахском языке




  • »

Қазақша тақпақ: Мамандық

Қазақша тақпақ: Мамандық казакша Қазақша тақпақ: Мамандық на казахском языке

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
3 сынып оқушысы: Асан Қайсар Абзалұлы
Бастауыш класс мұғалімі: Сегизбаева Гульбадан Нурлановна

Мен суретші боламын,
Бәріңді де саламын.
Марапатқа ие болып,
Бірінші орын аламын.

Мен дәрігер боламын,
Бәрін емдеп жазамын.
Адамдарды құрметтеп,
Бәріне ие боламын.

Ал мен ақын боламын,
Өлеңдерді жазамын.
Ақындыққа ие болып,
Бәрінен озып шығамын.

Мен таңдайтын мамандық

Шымкент қаласы
№83 ЖОМ 4 «Г» сынып оқушысы
Бисенбеков Мухаммедали Қуанышұлы
Жетекшісі: Апрежова Сапаркул Орынбасаровна

Кім боламын?
Әлде ғалым болам ба?
Бар әлемге танылып,
Әлде спортшы болам ба?
Жарыстарға қатысып,
Медаль алып олжалы.
Мен боламын ақын,
Шәкәрім, Абай атам секілді,
Талай өлең шығарып,
Бар әлемге жаңғырып,
Шықса деген арманым.

Кім болам?

ОҚО Шымкент қаласы
№103 ЖОМ
3 «Г» сынып оқушысы
Журабоев Бердияр
Сынып жетекшісі: Садыкова Балхия

Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп,
Анам ылғи жүреді
«Дәмді емес» кім деді?
Он жетіге толамын,
Мен аспазшы боламын!

Мамандықты таңдау

«Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
Жолын қуам әйгілі
Академик ағаның»,-

Деп Арман бір қуанды
Сергек, ұшқыр көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.

«Мен ғарышкер боламын,
Жұлдызға ұшып барамын.
Жолын қуам атақты
Тоқтар сынды ағаның»,-

Деп Серік бір қуанды
Сергек, ұшқыр көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.

«Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын»,-

Деп ботам бір қуанды
Аппақ, адал көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.

«Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын»,-

Деді Қамбар қуанып
Аңқылдаған көңілмен,
Тұрдым іштей құп алып
Бұл талабын оның мен.

«Бірің алтын іздесең,
Бірің жазсаң өлеңді,
Жұлдыздардан біреуің
Жолдап жатсаң сәлемді.

Бірің болып дәрігер,
Емдеп жатсаң ауруды,
Құрмет тұтып қалың ел,
Сыйлап жатса бар гүлді,

Бәріміз де жейтұғын,
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын
Қуат керек, әл керек.

Нан беретін баршаға
Жер маманы болам мен.
Барып жүрмін бақшаға
Агроном ағаммен.

Гүл егемін жеріме
Осындай ой бар менде.
Жер жемісін еліме,
Сыйлап өтсем арман не»,-

Деді Құрман ойланып.
Мен құп алдым айтқанын.
Ал өзім-ақ қой бағып
Дайындармын ет жағын.
Тұманбай Молдағалиев


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Тақпақтар жинағы | | 1 885
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Тақпақтар жинағы, такпак, казакша такпак, Мамандық, мамандык туралы такпак, мамандык туралы олен шумактары, мамандык туралы олен, мамандық туралы өлең, мамандық туралы өлең шумақтары, мамандық туралы өлең жолдары, мамандық туралы тақпақ, мамандық туралы тақпақтар, стихи о профессиях для детей на казахском языке, ушкыш туралы такпак, ушкыш туралы олен шумактары, ушкыш туралы олен, ұшқыш туралы өлең, ұшқыш туралы өлең шумақтары, ұшқыш туралы өлең жолдары, ұшқыш туралы тақпақ, ұшқыш туралы тақпақтар, даригер туралы такпак, даригер туралы олен шумактары, даригер туралы олен, дәрігер туралы өлең, дәрігер туралы өлең шумақтары, дәрігер туралы өлең жолдары, дәрігер туралы тақпақ, дәрігер туралы тақпақтар, мамандык туралы такпак, мамандык туралы олен шумактары, мамандык туралы олен, мамандық туралы өлең, мамандық туралы өлең шумақтары, мамандық туралы өлең жолдары, мамандық туралы тақпақ, мамандық туралы тақпақтар, стихи о профессиях для детей на казахском, Қазақша тақпақ: Мамандық казакша такпактар балаларга арналган тақпақтар қазақша балаларға стишки на казахском для малышей стихи для детей на казахском языке Қазақша Тақпақтар жинағы

.

. .