Биология | Құрсақ ішіндегі ұрық

Аталық жасуша мен аналық жасушаның бірігуінен пайда болатын зиготадан туылғанға дейінгі ұрық дамуының қалыптыдан ауытқуларының барлық түрлері пре немесе антенатальдық дерттерге жатады. Бұлардың көріністері болып организм функцияларының бұзылыстарына әкелетін туа біткен ағзалар мен жүйелердің даму ақаулары есептеледі. Олар нәрестелердің туылу кезіндегі шетінеуінің көптнген мөлшерін құрайды.
Дерт туындатқыш әсерлерге аталық және аналық жыныстық жасушалар, олардың бірігуінен пайда болған бластоцистер, жатырдың қабырғасына жабысатын эмбриондар және ұрық ұшырайды. Осыған байланысты құрсақ ішіндегі дерттер гаметопапиялар, бластопатиялар, эмбриопатиялар және фетопатиялар деп ажыратылады.
Гаметопатиялар- ұрықтануға дейінгі жыныстық жасушалардағы дерттік өзгерістер. Олар аяқ астынан түсік тастауға, тұқым қуалайтын аурулар дамуына әкеледі.
Бластопатиялар- ұрықтанудан кейінгі алғашқы екі апта кезіндегі зиготалардың бүлінуі. Бұл кезде дерт туындатқыш әсерлерден хромосомалардың ажырауы бұзылуы немесе зиготаның жатыр қабырғасына енуі кешеуілдеуі мүмкін.
Бірінші жағдайда бластопатия қрықтың жалпы дамуы мен оның тұла бойының қалыптасуының бұзылыстарыменкөрінеді. Осыдан қосымша тұтас организм немесе оның жекелнген мүшелерінің артық дамуы, өзара біріккен егіз балалардың туылуы байқалады. Екінші жағдайда негізінен нәресте өлі туады.
Эмбриопатиялар- ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуінен бастап бала жолдасының қалыптасуына дейінгі бүлінуі. Эмбрион даму ерекшклігінің бала жолдасымен көпшілік ағзалардың қалыптасуы ерекшеленеді.Бала жолдасы мен ана плацента ұрық жүйесі қалыптасуының бұзылуы ұрықтың өліміне немесе эмбрионның жалпы дамуы кідіруіне және оның тіршілік қабілеттілігі төмендеуіне әкеледі. Ағзалардың қалыптасуы бқзылуы жекелеген ағзаларда ақаулардың дамуымен көрінеді. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Құрсақішілік герпестік инфекция

Құрсақішілік герпестік инфекция – анасынан ұрыққа герпестік инфекцияның антенатальді кезеңде (ұрықтану кезеңінде) немесе босану кезінде жұғуы. Кездесу жиілігі 0,5 - 2,5%.
Герпестік инфекциялар - болашақ ана үшін, болашақ нәресте үшін үлкен мәселе болып табылады. Жиілігі бойынша 7500 туытқа 1 туа біткен герпестік инфекция келеді.
Жыныс ағзаларының герпестік инфекциясының екі типін ажыратамыз. Көбінесе инфекцияны ІІ типті генитальді вирус шақырады. Бұл тип инфицирленген әйелдерде 50-70% жағдайда кездеседі. І-тип көбінесе тері мен шырышты қабаттарды, көз және т.б. зақымдайды.
Инфекцияның негізгі резервуары ерлерде зәр – жыныс жолдары арқылы, әйелдерде жатыр мойны арқылы. Аутоинокуляция (инфекцияны өзіне-өзі жұқтыру) – адам вирусты сау жерге зақымданған жерден жұқтыру.
Вирус жыныс ағзалары арқылы беріледі, инфекция көзі науқас адам немесе тасымалдаушы бола алады.

Инфекцияның жұғу жолы:
1. Анасының қаны (вирусемия)
2. Босану жолдары арқылы

Жүкті әйелдің қаны арқылы инфекция ұрыққа плацента арқылы (трансплацентарлы жол) еніп, плацентада инфекциялық ошақ дамиды, ары қарай хорион залалданып, плацентаның фетальді бөлігінде қабыну процессі дамып, амнион сұйықтығы инфицирленеді.
Екіншісі нәресте босану кезінде босану жолдары арқылы инфицирленеді.
Инфекцияның ауырлығы инфицирлену кезінде жүктілік мерзіміне байланысты.
Жүктіліктің бірінші триместрінде вирус гематогенді жолмен еніп, спонтанды түсікке немесе даму ақауларына әкеледі. Фетальді кезеңде қанайналым бұзылыстары, дистрофиялық өзгерістер гидронефроз, гидроцефалия, микроцефалия, хорионретинит, торлы қабаттың дисплазиясы, қарашықтың күңгірттенуі, жүрек ақаулары, гепатоспленомегалия, вирусты пневмония және т.б. процестер дамиды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қызмет мотивациясы

Неге адамдар жұмыс жасайды? Неге кейбіреулері жеңіл жұмыс жасай отырып, наразы болады, ал кейбіреулері ауыр жұмысты жақсы көңілмен істейді. Адамдар жақсырақ және өнімдірек жұмыс жасауы үшін не істеу керек? Жұмысты қалай қызықтырақ етуге болады? Осы және көптеген басқа да сұрақтар адамдарды басқару барысында пайда болады. Ұйымның жетекшілігі өте жақсы жоспарлар мен стратегиялар жасап, үйлесімді құрылымдар тауып, ақпаратты берудің және өңдеудің тиімді жүйелерін құрып, ұйымда ең жаңа құрал – жабдықтар орнатып және ең соңғы технологияны қолдануы мүмкін. Алайда, егер ұйымның мүшелері қажетті түрде жұмыс істемесе, өздерінің міндеттерін орындай алмаса, ұйымда өзін сәйкесінше ұстамаса, өзінің еңбегі арқылы ұйымның басты мақсаттарын жетуіне бар күшін салмаса, бұл ұйымның күш салуы нәтижесіз болып шығады.
Адамның жұмыс жасауға деген дайындығы және ықыласы ұйымның қызметіндегі ең негізгі фактор болып табылады. Адам машина емес, оның жұмысы қажет болған жағдайда «қосу», ал қажеттілігі жоқ жағдайда «өшіру» мүмкін емес.
Адам жақсы көңіл – күйлі және ықыласты бола отырып, құндылықтардың нақты бір жүйесіне сүйене отырып, орнатылған нормаларға және жүріс – тұрыс ережелеріне бағына отырып жұмысты «адамдандырады». Бұдан адамдарды тиімді басқара білу мүмкін емес деп айтуға болмайды. Керісінше, адамды іс – әрекетке, белгілі бір істі атқаруға не итермелейтінін түсініп, білсе, еріксіз көндіруге қарағанда адамды басқаруға мүмкіндік туады. Нәтижесінде ол қызметкер ұйымның өз мақсаттарына жетуі тұрғысында өз жұмысын ең жақсы түрде орындап, ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады.
Адамды тек оны мотивациялау арқылы тиімді басқаруға болады. Адамның қызметінің негізінде қандай мотивтер бар екенін білген жағдайда ғана адамдарды тиімді басқарудың тәсілдері мен формаларын жасап шығаруға болады. ....
Рефераттар
Толық

Химия | Қымбат металдар және олардың құймалары

Табиғатта кездесетін алтын, күміс,платина, палладий, осмий, иридий, рутений және родий өздерінің химиялық тұрақтылығымен және әдемі сыртқы түрімен қымбат металдар деп аталған.
Алтын және олардың құймалары. Тіс протездерін жасау үшін таза алтын қолданбайды, өйткені ол бұл күйінде өте жұмсақ. Тіс протездеріне қойылатын талаптарға байланысты алтынға күміс, мыс, платина, кадмий, палладий сияқты металдар қосып механикалық қасиеттерін жоғарылатады. Қаттылығына байланысты алтын құймаларына жұмсақ, орташа қатты, қатты және өте қатты деп бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700 С қыздырып , 10 минуттың ішінде, суытатын болса, олар жұмсарады. Алтын құймалардың мықтылығын арттыру үшін қыздырып өңдеп, 450 С ден 250 С аралығында 30 минут ішінде суыту керек. Алтын құймаларын құйған кездегі көлемінің кішіреиюі 1-1,2% .
Тіс протездері үшін мына таңбалар алтын құймалары қолданады: 900, 750, 583.
916 таңбалы құйманың түсі ақышыл- сары, өңдеуге жеңіл. Ол көпір тектес протездер, қаптама , микропротез, жартылай қаптама және әшекейге орындық жасау үшін қолданылады. Бұл құйманың кемшілігі қаттылығының жеткіліксіздігінде.
900 таңбалы ауыз қуысында коррозияға тұрақты, 916 құймаға қарағанда қатты, түсі, қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптпғандағы және аппаратқа салып жұқартқандағы қатаюын қып- қызыл етіп қыздырып өңдеп жұмсартады.
Алтын қалыпқа салып қалыптағанда қорғасын жастықтарынан және тез балқығыш құймадан: қоғасынның, висмуттың,қалайының және де т,б. металдардың жаңқалары (бөліктері) қалып қояды. Олар алтынды құйғанда кезде балқып онымен қосылысқа түседі. Сондықтан алтынды қыздырар алдында тұз қышқылына немесе азот қышқылына салып тазартып алады. Қыдырған кезде алтынның сыртқы қабаты тотығады.
Бұл тотықты тазалау үшін де тұз қышқылын қолданады. 750 таңбалы құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмииді 50-10% етіп қосатын болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұлндай дәнекер ретінде қолдануға болады.
Күміс- палладий құймалары 70- шы жылдардан бастап күміс палладий құймалары қолданыла бастады. В.Н. Копейкиннің дерегі бойынша бұл құймалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы

Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мені зор екенін атай келе, былай дейді: "Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың "қазақ" болып қалуынын бірден-бір куәсі - оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол — оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы" /4, 250-б./.
Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап қалған осы бір саны бүгінгі күнде милионнан асқан қандастарымыздың тілі қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру — тіл білімінің бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз.
"Совершенно не исследованы диалектные особенности казахов, проживающих за пределами Казахстана. ...Казахи живут в северных округах Синьцзян Китайской Народной Республики, а также в юго-западных аймахах Монгольской Народной Республики. Все эти районы пока остаютя не изученными"/5,63-б./. Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды. Ал Қытайда түратын қазақтардың тілі тек жекелеген мақалалар түрінде ғана көрініп келеді. Ол жайында Ш.Сарыбаевтың, Ж.Болатовтың және Б.А.Бафиннің бірқатар мақалаларында сөз болған. Бұл мәселе қытай тілші ғалымдарының да назарынан тыс қалмаған. Бұл мәселенің зерттелуі жаңа Жоңго (КНР) құрылғаннан кейін, XX ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстанда өріс алған қазақ тіл білімінің диалектология саласының ғылым ретінде қалыптасуымен тікелей байланысты дамыды. Кейіннен Қытайдың өзінің ішкі саяси өміріндегі өзгерістерге қатысты кеп жылдар бойы үзіліп барып, 80-ші жылдардан кейін қайта жалғасын тапты.....
Рефераттар
Толық

Фармакология | Қыша қағазы

Қыша қағазы (горчичник) майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның әсері қышаның эфирлік майына (аллилизотиоцианат) байланысты. Қышаның құрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын жылы (400 С жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синингрин ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітркендіркендіргіш әсер көрсететін эфирлік майын түзеді.Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар невралгияларда, миалгияларда қолданылады.

Бізде осы уақытқа дейін қыша қағазы суық тиюмен нәтижелі құрал болып есептеледі, ол уақытта елдердің басым көпшілігінде қыша қағазы емдік мақсаттарда әлдеқашан қолданылмайды. Біріншіден, олардың қолдануының дұрыс күшті әсері өте салыстырмалы немесе еш байқалмайды. Екіншіден, қыша қағазы күйіктерді шақырады, сонымен қатар жергілікті және тыныс аллергориялық көріністер шақыруға бейім. Бірақ бізде әке - шешелерге балаға азғантай салқын тию көрінулері жанында оған қыша қағазын қою кеңестерін есту жиі кездеседі .Бұл кеңестердің дұрыс бұрысы әлі де анықталуда........
Рефераттар
Толық

География | Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі

Мұздықтар – бұл өзіндік қозғалысы бар мұздардың табиғи шоғырлануы.Жер бетінің тау беткейлеріне атмосфералық қатты жауын-шашынның және қар жылда еритін мөлшерінен артық түсіп, еритін немесе буланатын жауын-шашынның мөлшерінен артық болғанда мұздықтар қалыптасады
Мұздықтар – табиғаттағы су айналымының маңызды түйіні.
Мұздықтар:
1) Тау мұздықтары – тау басындағы қар жиегінен жоғарыда жинақталған, қар тығыздығы күшінің әсерінен тау мұздығына айналып отыр. Мұздықтар тәулігіне 3 метрге дейін жылжиды.
2) Жамылғы мұздықтар – Антарктидада кездеседі. Ол мұздықтар 10-130 метрге дейін жылжып, мұхитқа сырғып түсіп, айсберг түзеді.
Мұздықтардың маңызы:
1) Мұздықтарда тұщы су қорының 97 %-ы жинақталған.
2) Өзендердің көпшілігі тау басындағы мұздықтардан бастау алады.
3) Мұздықтар дүние жүзілік су айналым процесінде ерекше орын алады.

Қазақстанның мұздықтары 2500 м биіктен жоғары басталады. Ірі мұздық - Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Корженев мұздығы – аса ірі мұздық. Оның ұзындығы - 12 км, қалыңдығы 210-300 м, 3560м биіктікте орналасқан, ауданы – 38,0 км², жалпы көлемі – 6,32 км³. Аңғарлық мұздығының қалыңдығы – 50-100 м. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәнні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды. Адамзаттың ауылшаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбінне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялыык дағдарыс шын сәніндегі кауіпті төндІріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жаткан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністеді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешуілдетуге тырысуымыз керек. Американдык оқымысты Р.Риклефстің Жалпы экология негіздері, оқулығынан алынған осы үзінді, табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешудегі экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызын барынша айқын көрсетеді. Алайда, табиғат қорғаудың нақтылы мәселелерін шешуге тым бой алдырып, біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын білмейінше, жұмсаған бар күш - жігеріміз табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге жүмсалатынын естен шығарып аламыз. Адамды құтқару дегеніміз - ең алдымен табиғатты сақтау. Бұл жерде тек биологтар ғана айтылған тезистің әділдігін мойындатар дәлелдер келтіре алады деп жазады Ф.Рамад «Қолданбалы экология негіздері» атты еңбегінде. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды айқын: адамды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып - үйренуден бастау қажет. Р.Риклефстің «Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді...» - деген сөзін еске алған жөн.....
Рефераттар
Толық

Экология | Қала экологиясы


“Менің уәделерім ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер”, деді Пре¬зидент. Халқына қаратып айтылған аталы сөз осындай болмақшы.
Елімізде шағын және орта бизнесті да¬мы¬¬тып жатырмыз, шын мәніндегі халықтық капитализмге бет бұрдық дейміз; тәуелсіздік алғалы бері шетел инвестициясы¬нан елімізге қырық миллиард доллардан астам қаржы бұлағы бұрылды дейміз; кешірім жасалған көлеңкелі бизнестен жарты миллиард доллар қайтып оралып, ел игілігіне жұмыс істей бастады дейміз; ішкі жалпы өнім жылма-жыл жоғарылап, көңіл көншітеді дейміз. Әлемдік экономикада Қазақстан моделі өз алдына отау тікті. Білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде бюджеттен орасан мол қаржы босатылды. Ауыл шаруашылығына бөлінген дотация көлемі де айтарлықтай. Ендеше, елде қиын жүріп жатқан реформалар, атап айтсақ, білім және ғылым, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, жерге жекеменшік, осылардың баспалдақтап көтерілу динамикасы көңілге орасан зор қуаныш шуағын құяды.
Осының мәнісін көп ойландым.
Бюджет халықтың маңдай тері мен табан ақысынан құралады. Оның үстіне шетелге шығып жатқан қазба байлықтарымыздың қарымтасынан толады. Енді осы екеуінен бас құрап, қазынамызды толтырған ырзық-несібені көздің қарашығындай сақтап, сыбайлас жемқорлардың апан аузынан арашалап алып қалу – мәселенің бергі жағы, ал сол қомақты қаржыны халықтың бүгінгі тоқшылығы үшін, ертеңгі болашағы үшін орнымен жұмсай білу – ыждаһатты есепқойлықты қажет етеді.
Осы жерде хакім Абайдың сөзі еске оралады. Азаматтарымыздың “…көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады”, – дейді. Осындағы байлаулылық сөзінде терең мән жатыр. Байлаулылық көбіне білімге, зеректікке келеді. Сол білімді, сол зейін, зеректікті қажет жеріне жұмсамай, жанып жүріп шаруа тындырмай, көштің соңынан еріп, жұрт жүрген жолды шаңдатып жөңкіле беру бәрімізге сын болмақшы. Атымыздың басын ұлы көштің бас жағына түзейікші, деді Президент өз Жолдауында.
Өз басым Президенттің әуел бастан екі мінезін ұнатамын, құлай құптаймын.
Бірінші мінезі – нені ойға алса да екі¬ұш¬ты сөйлемей, екіұдай жүрмей, екі жаққа жалтақтамай, сүйейсалды қылмай, жанып жүріп істейтіні. Жанып жүріп істеген іс әрдайым оңынан бітеді. Президент туралы жазылған бірді-екілі көркем шығармаларды, дерекке табан тіреген очерк кітаптарын оқып шыққанда, санаға сап ете қалатын ой – Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі бала жастан маңдай терін тамшылатып, бейнеттің от-жалынында қайнап піскендігі. Жастайы¬нан ауыр жұмыстан бойын тартпай өскен¬дігі. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қамар сұлу романын образдар жүйесі бойынша талдау

С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914) романы – революция алдындағы қазақ әдебиетінде көрінген тұнғыш реалистік шығармалардың бірі . Ол эпостық жанырдағы үлкен туындыға жатады. Көбіне прозамен жазылған. Шығармада белгілі бір дәуірдің немесе заманның тұтас өмір суреті қамтылған .
Образдары. Романның образдары сол кездегі әлеуметтік ортаға сай автор көзқарасы бойынша ұнамды , ұстамсыз мінезде тұрмыс , сана , мүдде жағынан бір-біріне мейлінше қарсыластырған . Жазушының кімдердің талабын ұнатып , кімдердің ісін ұнатпайтындығы , шығарманың тұтас идеясы сол қарсыласудан ,образдар тартысынан келіп туады . Мысалы «Қамар сұлу» романындағы ұнамды образдарға халық арасынан шыққан Ахмет , Қамар, соларды толықтыратын Омар , Хасен , Жәуке бейнелері жатады . Ахмет пен Қамар оқыған , ескі салтқа қарсы күресіп , өздерінің бас бостандығын іздеген озат, жаңашыл жандар . солардың әділ талабына жол бермеушілер – бай , болыс , қажы ортасынан шыққан Оспан би , Қалтан қажы , Жорға Нұрым, соларды толықтыратын - Әбділда ишан , Бәйтік молда , Көңілбай бақсы . Бұлар қнамсыз бейнеге жатады . Қамар мен Ахметтің қайғылы халіне сол кездегі жағдай , әдет-ғұрып айыпты десек , Оспан , Нұрым , Қалтандар сол ескі салттың бнлді өкілдері .
Ахмет бейнесі. Романдщағы ісі әділ , талабы прогресті , ұнамды , халықтың басты бейнелердің бірі – Ахмет . Өзінің шыққан ортасы , тегі жағынан ол кедей . Бұл реттен ол С . Көбеевтің «Қалың мал » романындағы кедей жігіт Қожашқа ұқсас . Бірақ Ахмет қарапайым ауыл жігіттерінің бірі ғана емес , оқыған-тоқығаны бар саналы жастар дүниесінің өкілі .
Автор оның жайын былай суреттейді : « Сарыбас деген ауылда Жәуке деген кғісінің оқу соңында жүрген, баласы бар еді . Жәуке өзі нашар кісі болса да , тапқан – таянғанын жалғыз ұлы Ахметтің оқуына салып , жасынан олай сүйреп, былай сүйреп жүріп, әйтеуір « молда» атына іліктіріп еді . Бертін келген кездерде ол бейнеті босқа кетпей , ахметтің арқасында аузы асқа , тақымы атқа тиіп , есіктегі басы төрге жетті . Аса байып кетпесе де , өзіне өзі тоқ , жақсы ғана ауқатта бітті », - дейді .....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазыбек би

-Әке, мен төлн биге барып сәлем беремін, өзін көріп, сөзін тындағым келеді,- деп бала Қазыбек қолқа салғанда әкесі:
-Ойбар, балам-ау ол үлкен кемеңгер кісіне деп барасын, алдында сөз таба алмай күлкі боласын, барма,- деді. Бірақ Қазыбек қоярда қоймай әкесінен рұқсат алып,біраз жолдастрарымен Төлн бидың алдына сәлем бере келеді.
-Шырағым, «баз бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп туады» - деген. Сен соныңқайсысын?-дейді Төле би сынап.
- Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша әкеме жетіп тудым-ау деймін,- дейді Қазыбек сөзден тосылмай.
- Ә, шырағым жарайсын! –деп Төлн би балаша жадырап ризалығын білдіреді.
- Алысыңыз қандай? –дейді Қазыбек те сыпайы сұрақ қойып.
- Алысым жақын болды.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттімшырын болды.
- Несиеіңіз қандай?
- Несием,шүкірөніп жатыр.
Қазыбек аулына келген соң әкесі оның қасына ерген серіктерінен: «Балам Төле бимен не деп сөйлесті, - деп сұрағаныңда:
- Екеуі былай десіп әңгімелесті, бірақ мәңісіне түсіне алмадық, - деседі олар.
«Олары несі екен», - деп қарт әке де түкке түсінбей таң қалды. Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып береді.
- Төкеңнің «алысым жақын болды» дегені қос жанарын айтқаны. «тәттім шырын болдыә дегені ұйқысының қашқаның білдіргені, «шүкір, несием өніп жатыр» дегені балаларының жақсы бағып,жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені, - дейді ....
Рефераттар
Толық

Биология | Кариотип және оның түрлік ерекшеліктері

Дене клеткаларындағы хромосомалар санының түрлік тұрақтылығы, саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы кориотип деп аталады.
Табиғи сұрыптаудың барысында әр түрдің өзіне сай хромосом аппараты қалыптасқан. Әдетте хромосомалар жұп санды болып келеді. 2п әдетте көпшілік организмге тән диплодты (қосарланған хромосомалар жинағы) болады. Диплоид жиынтығын ойша екіге бөлгенде, 1 п хромосома қалса, оны гаплоидты жиынтық дейді. Бұл жыныс клеткаларында болады.
Организмнің әр түрлі белгілері хромосомалар санымен ғана емес, олардың формасы, көлемі және орналасуына қарай сипатталады. Бұл көрсеткіштердің барлығы «ариотип» деген ұғымға бірігеді. Хромосомалардың диплоидтық жиынтығы ата мен анадан берілгендіктен олар дене клеткаларында (екі дана) жұп болады. Жұп санды хромосомаларды гомологиялық (құрылысы және шығу тегі бір, бірақ атқаратын қызметі әр түрлі деп аталады.
Осының нәтижесінде бір клетка екіге бөлініп, жас клеткалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың клетка полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.....
Рефераттар
Толық

Геоморфология | Кеңістіктегі ГАЖ мәселесін карта арқылы зерттеу әдістері

Жаңа қоғамдағы негізгі стратегиялық фактордың өмір сүруі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы ғылыми және практикалық тапсырмаларды орындауда бәрімізге жақсы белгілі. Ақпараттық қоғамға өту ақпараттардың көшкін бейнелі көлемінің өсуімен сипатталады. Өте қарқынды дамып отырған ақпарат технологияларын география ғылымының көптеген салаларымен маңызды мәселелерін қамтиды.
Геоақпараттық жүйе негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байланыстыру, тарату және көрсетіліп жатыр.
ГАЖ-құрамына жинау, берілу, сақтау, өңдеу жəне теория туралы мəлімет алу жүйесі кіретін компонент жүйесі. Жиналатын, сақталатын, ізделінетін жəне мəліметтердің реттеліп өзгертілуін кеңістікте анықтайтын жүйе, талдау жəне кеңістікте анықталған мəліметтерді басқару тəсілі.
«Табиғаттардың əсерініің аумақтық астарында жəне қоғам жайындағы білім жүйелерінің сақталуы жəне іздеу, қорытынды, үлгілеу жəне т.б. функциаларды үлгілейтін бағдарламалық қамтамасыз ету» ЭЕМ-нің автоматты құралдарының комегімен шығады. Нəтижені реттеп, өзгерту жəне шешім қабылдауға көмек ретінде географияның анықтамалары келеді. Маліметтердің қорытындысы реттелетін жəне талдаумен қамтамасыз етілетін ақпараттық жүйе.Адамдардың географиялық қолдануында жəне оның практикасы кезінде ыңғайлы,ақпараттық өңдеулер мақсатындағы мəліметтерді жинау,беру,нəтижелеу жəне өңдеуде іске асатын техникалық жəне ұйымдастыру тəсілдерінен тұратын жүйе.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қабанбай батыр

Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңіл ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚР шет елдер инвестициясы

Мемлекетімізде Экономикалық реформаларды жүргізу тікелей шет
елдер инвестициясымен және жаппай жұмылдыруды қолданумен
тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес “ Шет елдер инвестициясы жөніндегі” инвестиция бұл –барлық бағалы заттар мүлігі және оларды қолдану жөніндегі құқығы,жеке ой құқығы тағыда басқалары туралы.

Қазақстан өз кезегінде шет елдер инвестицияларын бақылай отырып, капитал қаражаттарының, технологияның қосымша көзі ретінде, маркетинг және басқару облысы-нан тәжірибе жинау жөнінде ұлттық қызығушылықтың дәрежесін түсірмеу. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қ Р Ұлттық банкі

Орталық банктер бүкіл елдің кредит жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие, «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы кредит беруші» ролін атқарады, ақша-кредиттік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-кредит саясатын жүзеге асыру және елдің кредиттік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-кредиттік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлейуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компаненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-кредиттік сипат алғандықтан, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің кредит-депозиттік қызметіне байланысты пайда болғандықтан, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрлымын және деңгейін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қ Р ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қ А Иассауи кесенесі

Түркістан қласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол осы арадан Иасы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Иасауи зиратының басында құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни қызметшілерге бағалы сыйлықтар береді. Деректерде Қожа Ахмет Иасауидің 12 ғ-да салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ-түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген-ді.
Жамағатхана күмбезінің 41 кезге, ал айналасы 130 кезге тең болуға тиісті. Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені —60 кезге, пештақ арқасының биіктігі—30 кезге жетуі қажет болатын.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қ Р Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі

Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір
түрі және орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан
төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер
Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу
құқығын пайдаланады;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген
тәртіппен жыл сайын жүргізіледі ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі;

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен- дискот негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы.
Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1. сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланған үшін төленетін пайыз;
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмасын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалғы траст келісім-шарты негізінде банк клиенттке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәкес, трасталық операциялардан түссетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады. ....
Рефераттар
Толық

Биология | КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.
Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жиі сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.
ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.
ЖСА-ның 4 мерзімі болады;
- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді, басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;
- екінші мерізімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа, адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;
үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін, қан ұйысууы бұзылады, эалпы организмның қорғаныс күштері бәсеңдеп инсфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді; ....
Рефераттар
Толық

География | КҮНГЕ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

Күн энергиясы. Күн — Күн жүйесінің орталық және ең үлкен денесі. Күн массасы Жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлык, планеталардың жиынды массасынан 750 есе көп. Күн — энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектінің барлық бөлігінде — рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді.
Сонымен қатар, Қүн — бізге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптын көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн — нағыз жұлдыз,. сондықтан оны зерттеу жалпы жұлдыз атаулының табиғатын түсінуге көмегін тигізеді.
Жер орбитасының эллипстігіне байланысты Күннің көрінетін бұрыштық диаметрі едоуір өзгеріп тұрады. Орташа алғанда ол 32 немесе 1/107 радиан. Ендеше Күн диаметрі 1/107 а. б., яғни 1 400 000 км-ге жуық, Жер диаметрінен 109 есе артық деген сөз.
Жер атмосферасының шегінен тысқарыда күн сәулелеріне перпендикуляр орналасқан 1 м2 ауданға Күннің 1,36 кВт сәулелік энергиясы сәйкес келеді. Осы санды радиусы Жерден Күнге дейінгі қашықтыққа тең шар бетінің ауданына көбейтіп, Күннің толык сәуле шығару куатын (оның жарқырауын) табамыз, ол 4 • 1023 кВт-қа жуық. 6 000 К (Күннің эффектілі температурасы) температураға шейін қыздырылған дене осындай куатты сәуле шығарады. Жердің Күннен алатын энергия ағыны шамамен оның толық энергиясынын, 1/2 000 000 000-іне тең.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Күләш Бәйсейітова

Байсеітова Күләш - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің “Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині”) т. б. партияларды орындады. Байсейітова сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айман, И. В. Коцыктың “Айман- Шолпанындағы” Айман, Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және тағы басқалары. 1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады.

Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Бәйсейітова – асылында Қазақстанда аты аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа созылған қысқа ғұмырында ол жұлдыздай жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді. 20-ғасырдың музыка мәдениетінде пайда болған жаңалықты халқы ардақтаған Күләш Байсейітованың дарыны мен асқан өнері “заңдастыра” түсті. Европаның музыкалық жаңа жанры мен түрлері - хор өнері, симфониялық оркестр, ақырында опера - көшпелі қазақ даласының өміріне композиторлар мен Ресей музыканттары көмегімен ғана емес, дарынды ұлттық орындаушыларымыздың арқасында енді. Олардың орындаушылық өнеріне міндетті талап – шығармашылық синтезді мүмкіндігінше жарыққа шығару, музыканы халықтың саналы қабылдауына жеткізу болатын. ....
Рефераттар
Толық

Химия | Күкіртті анықтау

Күкірт темір сульфиді және марганец сульфиді түрінде болаттарда болады. Болаттардағы күкірттің құрамын иодометриялық әдіспен, айдау, гидравликалық әдіспен анықтайды.
Көлемдік иодометриялық әдіспен анықтау (IV) күкірт оксидінің құрылған көлемін анықтау оттегі ағымында болаттың мөлшемін өртеу де күкіртті анықтау әдісі.
Күкірттің (IV) оксиді темір сульфидін, марганец және кейбір металдардың сульфидін қышқылдандыру кезінде болаттың қатысуымен құрылады

(IV) күкірт оксиді оттегі артықшылығымен күкірт қышқылы құрылатын суы бар ыдыстан өткізеді. Оның көлемі иод ерітіндісін титрлеумен анықтау.

Күкірт құрамын титрлеуге кеткен иод ерітіндісін мөлшерінің негізінде анықтайды. Теңдеуден көріп отырғандай 0,5 моль иод, яғни 126,92, 16г күкіртке сәйкес береді екен.
Әдіс дәлдігі ± 0,001%
Жұмыс мақсаты: Болаттағы күкіртті иодометриядық әдіспен анықтау.
Жабдықтармен материалдар:
1.Оттегісі бар баллон.
2.Газометр
3.Күкірт қышқылымен жуғыш ( көпіршіктерді есептегіш)
4.Кальций хлориді бар колонка
5. «Марс пеші» 1200°С
6. Диаметрі 18-20мм, ұзындығы 600 мм фарфор түтік
7.Шыңдалған фарфор қайықшалары
8. Иодпен титрлеуге арналған бюреткалар
9.Крахмалдың су ерітіндісі
10. Мыстан жасалған күршектер, қайықша мен түтікшені ұстап алуға арналған.
11. Пирометрлік милливольтметрмен термопара
12.Биіктігі 250мм және диаметрі 40 мм екі цилиндр
13. Аналитикалық таразы. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Куратор тәрбие жұмысының ғылыми теориялық және ұйымдастырушылық негіздері

Куратор университте студенттермен бір уақытта пайда болды және жоғары білімнің даму тарихымен байланысты осы уақытқа дейін міндеттері, қызметі, студенттермен қарым-қатынас сипаты өзгерді.
Демократиялық тенденциялардың дамуымен байланысты жоғары білім жүйесінде кураторға және оның студенттік өмірдегі рөліне көзқарас өзгерді. Ал кейбір жоғары оқу орындары студенттер өз жұмыстары және мәселелерін шешуге қабілетті деп есептеп, кураторлықты алып тастаған. Басқалары кураторларды тек І-ІІІ курстарға қалдырып, ал жоғары курс студенттерінің мәселелерін шешуге тек бір кураторды тағайындаған. Ал үшіншілері кураторлықтың бұрынғы жүйесіне қайтып келді (І-Ү курс арасында әр академиялық топта бір куратор).
Академиялық топ кураторларын берілген курста жұмыс істейтін сәйкес кафедра оқытушыларынан белгілейді, одан кейін оларды декан бекітеді. Кураторлар деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасар басқармасымен жұмыс жасайды, қажет жағдайда іс-әрекеттерін студенттік қоғамдық ұйымдармен келіседі.
Жұмыс үрдісінде куратор академиялық топ, студенттердің активіне жүгінеді. Авторитарлық әдіске куратор тек қажет жағдайда ғана жүгінуіне болады. Жарты жылға жұмыс жоспарын орындағаннан бұрын куратор студенттерді, олардың қызығушылық және неге бейім екендігін, сұраныстарын, отбасылық жағдайын, материалдық күйін, үй-тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Содан кейін активпен бірге топтың жалпы жиналысында қарастырылатын жұмыстың жоспарын жазады, ол жоспар құжат мәртебесіне ие болады. Жоспарды орындағанда бар мүмкіндіктер мен нақты жағдайға жүгіну керек. Жоспарланған жұмыстар барлығына түсінікті және қызықты болу шарт, алайда әрбір студентке белгілі бір жұмыс бөлігін беріп, ол оған дербес жауапкершілікпен қарау қажет.....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Кубадағы әлеуметтік жұмыс

Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер «жан ашитын әскер» болып саналады.Нақты айтқанда көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкелер жан тәнімен көмек беруге тырысады.Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер әр өз клиенттерін жақсы танып,олардың қиыншылықтарын,проблемаларын терең түсінуге және әр дайым көмек беруге әрқашанда дайын.

Кубалық әлеуметтік қызметкерлер ең бірінщі орынға көмекке 15 жастағы балаларды қояды.Олардың тамақтарын,сабаққа баруларына үлкен көңіл аударады.Және де әлеуметтік қызметкерлер 16-29 жас аралығындағы адамдарға көп көңіл аударады.Өйткені, оларда бұндай жастағы адамдардың 40-50% мүгедек адамдар.Шың мәнінде кубалықтар өздерінің әр түрмелерінде әлеуметтік қызметкерлер үлкен жұмыс атқаратындарына мақтантұтады.Олардың мақсаты түрмеде отырған жас өспірімдер мен олардың ата-аналарының арасындағы ара-қатынасын жақсартып,күшейту.Солай да мектепте оқитын оқушы балалар мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынастарын жақсарту және де еркін ара қатынасқа көмек беруге тырысады.

Қазіргі уақытта Кубада 4 әлеуметтік жұмыс мектебі бар.Олар өз системаларымен білім береді,олар ТБО және PHD проблемаларын қолданады.Бірақ сол уақытта да олар психология мамандығын меңгереді.

Көп Кубалықтар өздерінің жақсы оқулық тәжірибелерімен мақтан тұтады.Олардың бойынша бүкіл әлем бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығы Кубада жақсы,әрі терең дамыған деп санайды.Өйткені, оларда әлеуметтік жұмыс мамандығының магистратурасы және докторантура программасы әлі де жетіліп,дамып және де әр түрлі қазіргі уақытқа сай программаларын қолдануда.Кубалық халықтар әлеуметтік жұмыс маманың жақсы бағалайды және халықтың жақсы хал-ақуалын әлеуметтік қызметкердің арқасында деп санайды.....
Рефераттар
Толық

Физика | Кристалл және аморфты денелер

Ұқсастықтары және айырмашылықтары. Физикада қатты дене деп тек кристалл денелерді айтады. Аморфты денелердің сырт қарағанда көлемін және пішінін сақтауы оларды қатты дене етіп көрсеткенімен, бұл денелер өте тұтқыр сұйық деп қарастырылады. Температура жоғарылаған сайын олардың сұйыққа тән қасиеттері бірден көріне бастайды, бірте-бірте еріп, сүйықтың барлық қасиеттеріне ие болады.
Аморфты денелер – изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда түрліше болады. Кристалдар – анизотропты.
Аморфты денелер. Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда да қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден аморфты денелердің айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана орын алады. Кейбір заттар кристалл және аморфтық түрде де бола алады.
Кристалдар. Өзінің формасын да, көлемін де сақтайтын затты қатты дене деп атайтынымыз белгілі. Бірақ бұлар заттың қатты күйін тек сыртқы түріне қарап қана сипаттайды. Физикалық тұрғыдан алғанда біз бұл белгілеріне қарап қатты күйді сұйық күйден айыра аламыз.
Кристалдардың ішкі құрылымсын рентген сәулелерінің көмегімен зерттеулер олардағы бөлшектердің (молекулалар, атомдар және иондардың) дұрыс орналасатынын көрсетті, яғни олар кристалдық (кеңістіктік) тор түзейді. Кристалдық тордағы қатты дененің бөлшектерінің ең орнықты тепе-теңдік қалпына сәйкес нүктелері тордың түйіндері деп аталады.
Кеңістіктік тор. Криталдағы бөлшектердің дұрыс орналасуын кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясы шығады.
Анизотропия қасиетінің тек монокристалдарға ғана тән болатындығын да айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек. поли - көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың жиынтығынан тұрады. Поликристалды денелер мен аморфты денелердің айырмашылығы мынада: поликристалдық денелердің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез-келген бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік

Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр.
Мақсаты: Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі және өздік тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі.
Кредит - студенттің оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.
Міндеті:
• Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
• Кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығы, кемшіліктері
• Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалаптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кредит туралы

КРЕДИТ ( сгейо — сенемін, сенім білдіремін), несие — белгілі бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиегер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Кредиттің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашьшықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни кредит алу қажеттілігі туады.
Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капи¬талы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары кредит көзін құрайды. Кредиттік қатынастар жүйесінде кредит операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет өр түрлі кредиттік катынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық кредит кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту кажеттілігі туындамайды, ал банктік кредиттеуде сырттан тартьшған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді.
Экономиканы дамытуда кредиттің рөлі маңызды ері сан салалы. Кредит өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен түтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына өсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінің іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған кдражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттаңдыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Тұтыну кредиті халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді. Кредит, негізінен, коммерциялық кредит жене банк кредиті түрлеріне бөлінеді.
Айрықша түрі — халықар. кредит коммерциялық кредит — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме, банк кредитінің әмбебаптық сипаты бар.
Бұл ретте банкредиттер, ақша иелері және басқа кредит мекемелері несиегерлер болып келеді. кредиттің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі кредиттис келісімдер негізінде шешімін табады.
Банк кредиті кредиттеу мерзіміне қарай қысқамерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Көру талдағышы

Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі.
Құрлысы бойынша көру талдағышының сезгіщ бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады.
1. Көздің қосымша құрылымдары
2. Жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары
3. Жарық қабылдағыш құрылымдар
Қошымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Көз жасының безі мөлдір сұйық- көз жасын түзейді. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көз алмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады. Жоғарғыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарғыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай.
Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабақтың арт жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады.
Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткаларынан тұрады. Торлы қабақтың ортасында Сары дақ бар.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.
Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының үзындығына лайық көру нервінің ұштарына қозу тудырады. Ретинен А витаминінің туындысы, қарңғыда А витамині ретиненге айналады. Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылаы. ....
Рефераттар
Толық