Электрмен қамтаманың сипаттамалары

Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі (ЭҮҚЖ) – А тобының электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыздандырудың ең сенімді, әрі ең сапалы түрі. Бұл А тобында, дегенмен, қосымша қоректендіруді қажетсінетін қабылдағыштар да бар. Бұларға, мәселен, файл- серверлер, көптеген байланыс және телекоммуникация құралдары және қорғаныс жүйелері жатады. Бұл жүйелер аз және орташа қуатты локальды үздіксіз қоректендіру көздер (ҮҚК), аккумуляторлы қоректену блоктар, буферлі аккумуляторлы батареялар арқылы электрмен үздіксіз қамтамасыздандырылады. Қазіргі кезде екі жағынан қоректендіретін
Қондырғылар жасалынып көрілуде. Олардың құрылысы әртүрлі қоректендіру көздеріне қосылған екі қоректену блоктарынан тұрады. Электрмен қамтамасыздандыру жүйесіне қатысты мұндай қосымша қоректендіру технологиялыққа жатады және ЭҮҚЖ-ның принципиалды сұлбасына әсер етпейді.
ЭҮҚЖ- негізгі көздерден электрмен қамтамасыздандырылмаған жағдайда қабылдағыштырды автономды түрде электрмен қамтамасыздандыруға арналған электр қондырғысы. ЭҮҚЖ-ның автономды жұмыс уақыты инфокоммуникациондық жүйе жұмысының аяқталуы есебінен алынады. Ол кезде ақпарат шығынсыз болады, әрі қондырғының істен шығу қаупі төмен болады. Автономды жұмыстың минималды уақыты қашан да қосымша электрмен қамтамасыздандыру көздерін іске қосуға жеткілікті болады, мәселен ДГУ.
ЭҮҚЖ- ның негізін құрайтын үздіксіз қорек көздері төменде қарастырылған. ҮҚК түрлі схемотехникалық база, қуат, конструкцияға ие бола тұрып, қосымша қоректендірудің функционалдық мүмкіндіктерін бойына жинаған. ҮҚК типтерінің бір тобы қалыпты режимде электр қабылдағыштың кірісін КЭ-мен қамтамасыз ете алады. Сыртқы электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің қалыпты режимдегі жұмысында ҮҚК-нің қайта жауап беру реакциясын тудырытын электроэнергия сапасының көрсеткіштері ауытқуы мүмкін. Бұған автономды режимнің батареяға ауысуы да жатады. Негізінен бұл кернеу ауытқуы U болып келеді. ҮҚК кірісіндегі кернеудің ауытқу мәні стандартқа сай жіберілетін U өзгерісі кезінде автономды режимге өтіп кетуін тудырмауы қажет. Тәжірибелер көрсеткендей, % диапазонында жатқан кіріс кернеуінің мәні (“кіріс қақпа”) автономды режимге кірмей-ақ жұмыс істеу шарттарын қанағаттандырады. Қалған жағынан ҰҚК электр энергия сапасы көрсеткіштерінің ауытқуына айтарлықтай төзімді. ....
Рефераттар
Толық

Электр қауіпсіздігінің негіздері


Дәрістің мазмұны – адамның тоққа түсіп қалу факторлары және тоқтың адамға әсері, электр қондырғыларының классификациясы келтірілген.
Дәрістің мақсаты – тоққа түсіп қалудың қауіпті факторларын оқып үйрену, электр қауіпсіздігінің техникалық және ұйымдастыру шараларымен және де электр қауіпсіздігі дәрежелері бойынша жұмыс шарттарымен танысу.

1. Адам организміне электр тоғының әсер етуі.

Электр қауіпсіздігі – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.
Егер адаманың екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу – жанасу кернеуі деп аталады.
Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биалогиялық және электролиттік әсер етеді.
Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады.
Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.
Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.....
Рефераттар
Толық

ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономиканың дамуына ықпалы

Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техникалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады.
Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.....
Рефераттар
Толық

Эксперимент есептерінің маңызы және зерттеу әдістері

Оқушлардың өз білімін іс жүзінде қолдана білуін дамытуда маңызды орын химиялық есептерді шығаруға беріледі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді.
Көп жағдайда химиялық есептер деп сандық есептерді негізге алады. Әрине, сандық есептер оқыту процесінде өте маңызды орын алады, бұл есептермен практикалық өмірде жиі кездесеміз. Бірақ, химия курсында сапалық есептердіңде де өзіндік маңызы, ерекше орыны бар. Сапалық есептер- бұл химиялық ұғымдарға, теорияларға, заңдарға берілген есептер.
Эксперимет есептерін сапа есептері деп те атайды, себебі оларда сандық мәліметтер болмаиды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады.
Бұл есептер мұғалімге оқушылардың теориялық білімдерінің дәрежесін оңай салыстыруға мүмкіндік туғызады және оқушылардың алған білімдерін бақылап, бағалауға маңызы зор.
Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуге, өздігінен жұмыс істей білуге, өз існе сын көзбен қарауға үйренеді. Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын дамытып, нығайта түседі, оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептері шығару үстінде анық білінеді. Эксперимент есептері химиялық құбылыстарға және олардың зертханалық өндірістік тәжірибедегі жағдайларына анализ жасап, алдын ала жоспар құру үстінде дамиды. Эксперимент есептерін шығарғанда заттар және олардың қасиеттері мен химиялық реакциялар жақсы есте сақталады: заттар алу және олардың негізгі қасиеттері қайталанады: мұғалімнің түсіңдіргенің айтқандығына көзіміз жетті: формулаларды бос жаттап алғаннан гөрі ? мағынасың тусініп ұғып алуға мумкіндік туды; дәлдікпен ұқыптылыкка үйретеді
Оқушылардың эксперимент есептерін шешу мумкіндігің калыптастыруда жетістіктерге қол жеткізу ушін окушылар есептерді тек жағдайлары болған кезде ғана емес букіл курсты оқыту процесінде үздіксіз шығаруы тиіс және жүйесіз емес тек қана нақтыланған біртіндеп курделенетін жуйемен шығарулары тиіс.
Химиияның жаңа бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептеріне бұрынғыдан гөрі көбірек көңіл бөлінген. Оларда жеке есептер түрінде берілген ....
Рефераттар
Толық

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ҮЛГІСІ

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі экономикасы көтерілді. Экономиканы қалпына келтіру қажеттілігі капитал қорының көп бөлігін өнеркәсіпке жіберуді қажет етті. Бұл елдің өнеркәсіптік даму ырғағын жеделдетті. 1948 жылы Франция өнеркәсібінің саны соғысқа дейінгі деңгейден өтті. Ауыл шаруашылығы бұл деңгейден 1950 жылы өтті.
1950 жылы әлеуметтік жанжалдар өрши түсті. Жұмысшы қозғалыстары бірқатар мақсаттарын орындады. Ұжымдық келісім туралы заң қабылда-нып, еңбек ақы көбейтілді, кепілденген еңбекақы минимумы енгізілді. Шаруа-лар салық мөлшерін төмендетуді талап еткен болатын. 60 жылдары Франция жаппай қару шығаруды бастады, өздерінің ядролық- зымырандық бригадасын құрды.
1960 жылы жаңғырту ісінің үлкен жобалары болды.Нәтижесінде Франция жылдам ұшатын "Конкорд" аэробусын, "Ариан" зымыранын, жүйрік пойыздар жасауға кірісті. Сондай- ақ АҚШ пен Жапония деңгейінде ұшақ, ғарыштық және электронды есептеу техникалары, байланыс құралдары өнді-рісін дамытты. Францияда бұрынығы аз жерлі шаруашылықтардан тауарлы фермерлік өндірістер құрылды, кооперативтер қозғалысы күшейді, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына біршама көмек көрсетілді.
Ішкі жағдайы жақсы болмағандықтан, мемлекеттік шектеу бизнес пен еңбек қатынасына қысым жасады. Әлеуметтік салада құнсыздану, артта қалушылық байқалды.
1970 жылдары Франция Англияның жалпы нарыққа кіруіне ризалық білдірді. Әлеуметтік- экономикалық стратегия неолиберализмге, "нарықты қатынасты қалпына келтіруге" көшті.
1974-1981 ж.ж. дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыс басталды, ғылыми- техникалық революцияның жаңа кезеңі дамыды, халық аралық бәсекелестік және жаңа әлеуметтілік мәселелер шиеленісе бастады.1920 жылдары ең аз еңбек ақыны көбейту әрекеті жүргізілді, сайлау құқығы 20 жастан 18 жасқа төмендетілді.
80 жылдары еңбекпен қамтамасыз ету артты,төлемдік қабілетке сәйкес жалақының ең аз мөлшерін арттыру.
Қазіргі кезде Франция ең күшті дамыған елдердің қатарында.Жылдық ішкі өнім өндірудің көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 4- ші орында.Жан- жақты дамыған көп салалы ауыл шаруашылығы халықтың 10%-ын жұмыспен қамта-масыз етуде. Еуропа аумағында бидай, ет, сүт, май, ірімшік өндірушілердің ал-дыңғы сапында келеді.Ұшақтар мен зымырандар жасау бағытында 1- ші орын-ға шыққан. Автомобиль жасау жөнінен 3- ші орында.
1981 жылы Франция Американың орта қашықтағы ядролық зымырандарын Батыс Еуропаға орналастыруына қолдау көрсетті.Францияның Батыс Еуропа елдерімен экономикалық қоғамдастық шеңберінде жүргізілді.Франция Қазақстан Республикасымен жақсы қарым- қатынас орнатқан....
Рефераттар
Толық

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.
Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан анрықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.
Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік рететудің рөлі орасан зор болып табылады.
Тақырыпты орындаудағы мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады: экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары

Қазақстан Республикасы 20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып, әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқала бастады. Қазақстанда жүргізілген және жүріп жатқан экономикалық реформаларды объективті қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде қарастырған жөн. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүргізілгені белгілі. Өйткені, осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресуртарына, халқының менталитеті және т.с.с. көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі экономикалық реформалардың басталғанына он шақты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдары еліміз бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Бұл табыстар минералды шикізаттық ресурстар экспорты есебінен жүзеге асырылғаны мәлім. Бір сөзбен айтқанда, шикізат - ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тіпті, қазірдің өзінде де экономикалық өсіміміздің басты себепкері - табиғи байлығымыз екендігін мойындауымыз қажет, және де осы жерден Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділік дәрежесі өте жоғары екендігін байқауға болады. Әлемдік нарықтағы шикізатқа деген бағаның жоғары болуы немесе жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералдық - шикізаттық, ғылыми - технологиялық, дайын өнім шығару және адами дамуына алғышарттар құрайды. Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторларының ең маңыздысы: еліміздің экономикасының әртараптандырылмағандығы немесе қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардан экономикалық көрсеткіштер Қазақстанның өңдеуші салалық, технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар шикізаттық ресуртарымыздың елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жүр. Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі ел экономикасының диверсификациялау, технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні экономиканың қаншалықты әртараптандырылғанымен анықталады. Осыған байланысты мен Қазақстан Республикасы экономикасының әртараптандыру дәрежесін, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп үлесін қарастырсам деймін. ....
Рефераттар
Толық

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарыңда тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе — макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше кеңіл бөлуде болып отыр.....
Рефераттар
Толық

Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері

Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істеу беруге болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың көңіл қалаулары мен сол көңіл қалауларын қанағаттандыруға қажетті ресурстар арасында айтарлықтай айырымдар болады.
Алайда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты қанағаттандыруға қажетті ресурстар ( жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескере отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі талдап береді.
Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономикалық білімнің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәурімізге дейінгі IX-V ғ.ғ. Көне Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар ( Ксенофонт, Аристотель, Конфуций және басқалар ) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.
«Экономика» термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заң. Яғни шаруашылықты ( үйлерді ) жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған әртүрлі мектеп, бағыт, адамдар арқылы қалыптасқан. Және сол мектеп, бағыт, адамдардың әрқайсысы экономикалық теорияның пәні мен оның зерттеу мақсаттары туралы өз анықтамаларын беріп келген.
Экономика ғылымы пәнінің даму прцесі өте қиын жолдардан өткен. Француз дворянині А. Монкретьен бұл ғылымға – саяси экономика деп жаңа атау берген. Ол өз ғылымның пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған. ....
Рефераттар
Толық

Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге слуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объетіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақ та баға динамикасын (өрісі) нақтылы фактолар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категриялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.....
Рефераттар
Толық

Экономикалық реформалар

Экономикалық реформаларды жүргізу тікелей тікелей шет елдер инвестициясымен
және жаппай жұмылдыруды қолданумен тығыз байланысты.
Әлемдік тәжірибенің дәлелі бойынша негізгі екі түрге бөлінеді:
1. Тікелей шет ел инвестициясы (ТШИ) Халықаралық реформада қолайлы(эффекті)
Қаражат болуы мүмкін, бірақ ТШИ көлемі мен инвесторлардың мүддесі экономикалық
өзгерістердің тиімділігіне байланысты.
Сондықтан, Қазақстан бұл процессте экономикалық өзгерістерге жол беруде, шет
Елдердің қатысуымен өзінің стратегиясын анықтауы тиіс. Шет ел капиталын қабылдауы мен қолайлы жүйе болып мемлекеттегі инвестициялық қал ахуалдың игілігінің құрылуын болжайды.
Инвестициялық ахуал- саяси жиынтықтардан, әлеуметтік-экономикалық, қаражат-
Тық, мәдени әлеуметтік, құқықтық-ұйымдық және географиялық факторлар, осы немесе сол мемлекеттің мәні, қарсы және тартымдылық қызығушылықтарын білдіреді.
Инвестициялық ахуалды үш үлкен топқа бөлуге болады:
- Саяси;
- Экономика- қаражаттық;
- Әлеуметтік;
Берілген сарапшы сауалдамалары сәуір айының 2000 жылдағы Республика орталығының қызметкерлерімен өткен стратегиялық жоспарлау агенттігі жалпы ойлау білімділігімен бірігіп, басты фактор, шет ел инвестициясының шекті ағыны тұрақсыз заңдардың негізі және 66 проценттік заңды саладағы жиі өзгерістері тұрақсыз болып табылады.
Инвестициялық ахуалдың факторларын негізгі ТШИ-ның жағымды және жағымсыз ағыны деп екі үлкен топқа бөлуге болады:
Қазақстандағы шет ел инвесторлары жағымды факторлардың келесі түрлерін анықтап көрсетеді.
1. Табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігі біріншіден, үлкен табиғи ресурстардан басталуымен байланысты болады(мұнай және газ,АҚШ-тың 9трлн. долларымен бағаланатын түсті және сирек металлдар). Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанның мұнай қоры Иран менИрактың мұнай қорымен тайталаста. Сонымен Қазақстан келесі ғасырдың басында мұнай державасына айналып, жылына жүз млн. теңге көлемінде мұнайды экспортқа шығаруы мүмкін.
2. Республиканың тиімді геостратегиялық орналасуы дамушы елдердің нарықта қатынасуымен байланысты( Ресей, Қытай,Оңтүстік Азия).
3. Қазақстан ТМД елдері арасында экономика мен қоғамды түрлендіруде алдыңғы шекте келеді. Қазақстанның 2030 стратегиялық жоспары бойынша Орта Азиялық барысқа айналады деп тұжырымдайды.
4. Үлкен нарық әлеуеті.
5. Мемлекеттің сыртқы саясаты.
6. Ішкі саяси тұрақтылық.
7. Пайданың әлеуеттік коэффициенті ....
Рефераттар
Толық

Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары

Экономиқалық саясат тек мемлекеттің экономикаға ықпал ету шаралар жүйесі мен механизмін пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін. Мемлекеттің ықпалы негізінен үш бағытта шоғырланады: экономикалық, құқықтық және әкімшілік. Оларды нақты түрде белгілеместен бұрын экономикалық жүйе мен оның қызмет атқару механизмінің бірнеше заңдылықтарына тоқтала кеткен жөн.
1. Экономика, шаруашылық кешені ретінде уақыт өткен сайын күрделене түседі. Бұл, ең алдымен, оның құрылымдық өзгерістерінен, жеке алғанда, шаруашылық буындарының өсуінен, ал нақты түрде, нарық субъектілері сандарының артуынан көрінеді. Нарық субъектілері - экономикалық мүдделер иелері. Көптеген нарық субъектілерінің бір-бірімен келісуі, олардың ынталарын сәйкестендіріп-үйлестіру мәселесі шаруашылық жүйесінде күннен-күнге қиындай береді. Демек, мемпекеттің қоғамда қарқынды өсіп отырған келіспеушіліктерді шешу жауапкершілігі күрт өседі. Экономикалық саясатта жалпы экономикалық тұрақтылықты сақтау міндеті алдыңғы қатарға шығарылады.
2. Экономиканың күрделенуі, осыған байланысты, шаруашылық процестерінің даму тұрақтылығына әсер ете алатын көптеген анықталуы қиын факторлар әрекетін алдын ала болжау қажеттігі, экономикалық саясат пен оны іске асыру құралдары арасындағы сәйкестікті табу мәселесін қиындатады. Жеке алғанда, бұл толығымен сыртқы экономикалық факторға қатысты келеді. Соңғы кезде оның ұлттық экономика дамуына жасайтын ықпалы өсіп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттің сыртқы экономикалық сферадағы белсенділігі артуда.
3. Мемлекеттік реттеу жүйесіне жүктелген міндеттер салмағын экономикадағы уақыт факторы ролінің артуы ауырлатып отыр. Осыған байланысты мемлекет экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сәйкес тез шешім қабылдап, нақты іс-әрекет жасауы қажет. Уақытында қабылданбаған шешімнің «төлем бағасы» аз емес. Және де осы экономикадағы өзгерістер қазіргі кезде әдеттен тыс тез өрбиді, сондықтан зкономикалық саясатты түзету алдын алу түрінде болмаса да, кем дегенде, олардан қалмауы қажет.
4. Тізімделіп көрсетілген жағдайлар экономикалық саясатта қолданылатын әдістер мен құралдар түрлерін кеңейтпей қоймайды. Ал бұл олардың ең ұтымды құрамасын анақтауды қиындатады. Бұдан басқа, ықпал жасау әдістерін таңдағанда, өзара байланысты экономика саласында жағымсыз ықпал әсерінің пайда болуынан сақтанған жөн.
Экономикаға ықпал ету әдістері жиынтығын рационалды пайдалану үшін, олардың әрбіреуінің мәні мен ерекшелігін және объективті түрде бұрыннан қалыптасқан өзара құрылымдық тәуелділігін білу керек. Экономикалық саясатты жүргізу әдістері мен құралдарын анықтап жіктеудің бірнеше нұсқалары белгілі......
Рефераттар
Толық

Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсіндіруге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін- бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қоймалы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
- табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
- капитал ресурстарына;
- қолда бар технологияға.....
Рефераттар
Толық

Шетел валютасындағы операциялар жөнінде түсінік

Валюталық операциялар түсінігініңмазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
Шетел валютасындаорындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

2.2. Валюталық операциялардың экономикалық негіздері.
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негізгі терминднрге анықтама беру қажет, соның ішінде ең негізгісі – шетел валютасы .
Шетел валютасы болып саналады:

1) банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері;
2) шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп- айырысу бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржылар.

Ал валюталық құндылықтарға:
1) Шетел валютасы.
2 )Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер
3) Бағалы металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;
4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т. б.....
Рефераттар
Толық

Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту процесін реттеу

Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.
Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету.
Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі - әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек.....
Рефераттар
Толық

Шетел инвестицияларын тартудың негізгі жолдары және олардың тиімділігі

Қазақстанның инвестициялық саясаты шетелдік, сондай-ақ отандық инвестицияны тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде инвестициялық қызмет жүргізу барысында негізінен, инвестицияның басты әрі нақты көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша назар аударылады. Әйтсе де, мемлекеттің шетел инвестициясын ынталандыруға бағыталған құқықтық базаны қалыптастыру және инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті.
Қазақстан өз егемендігін алған күннен 1997 жылдың соңына дейінгі аралықта сырттан 6,4 млрд. доллар алды. Оның ішінде 3,2 млрд.доллар тікелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі - әртүрлі қарыздар.
1997 жылы Қазақстан шетел инвестициясы көлемі жағынан таяу шетелдер арасында, тіпті халқының саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, бірінші орынды иеленсе, Венгриядан кейінгі екінші орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд. долларды құраған. Десекте, осында келтірілген мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күүйіндегі шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларын шеше алады деп айту қиын.
Пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық және қаржылық емес активтеріне салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа: тікелей инвестиция және сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халқаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі кредит беруге құштар болып отырғаны анық байқалуда. Мұның сыры өзінен-өзі түсінікті. Несие үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы ұзақ мерзімді қажет етеді әрі мұнда тәекелдің үлесі жоғары ....
Рефераттар
Толық

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асы-рылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық үйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мүның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар үйымдастырылуы да мүмкін. Шетел капита-лын үлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар еддің өндірістік база-сын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен еңдірісті үйымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға кауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайда-ны түрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айнал-дыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның қүралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық эконо-микалардың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді. Мысалы, XX гасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд. долл. тең өндірістік қорларды иемденді. Бүл соманы көзге елес-тету үшін Австралия сияқты дамыған елдің жалпыүлттық өнімінің қүнымен тең десек те жеткілікті. Бүл, әрине, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының елэкономикасына қүйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бүл жағдай толық колдау табуда. ....
Рефераттар
Толық

Шешен сөйлеу сыры

Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
"Риторика" терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді береді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады. Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. V-IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары - риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы - ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
• Саяси тақырыпта сөйлеу
• Салтанатты мәслихатта сөйлеу
• Сотта сөйлеу
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады. Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі мақамдап, мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі болып табылады. Даңқты шешен Демосфен орындау шеберлігін үш мәрте қайталап, шегелеп айтқан. Рум халқында шешендік өнерді құрметтеу — қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы деп санаған. Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.....
Рефераттар
Толық

Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау

Өндірістік қызметке жұмсалатын шығындар түсінігі басқарушылық есепте жиі қолданылыды, бірақ нақты мағына бермейді. «Шығындар» түсінігі қосымша түсініктемені қажет етеді. БҰл түсініктеменің мағынасы ақпаратты пайдаланушының қойған мақсаты мен бухгалтер пайдаланған шығындарды қортындылау үлгісіне байланысты анықталады.
Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жинтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық: біріншіден, шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады, екіншіден, шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстарының санын сипаттайды, үшіншіден, шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнімөндірісі, қандайда бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) белгілі бір мақсаттағы пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлешдегі шамасы.
Шығындар есебінің объектісі әртүрлі шекарада анықылуы мүмкін. Бұл ақпарттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді.
Ішінара шығындар бойынша өзіндік құнды бағалау тікелей шығындарды жабуға бағытталған. Бұл жүйенің мәні келесілерге келіп тіреледі: тікелей шығындар деп бұйымның өзіндік құнына, ал жанама шығындар түгелімен өздері болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижесіне кіреді. Өнімдерді сатудан түскен түсімнен сол өнім өндірісіне жұмсалған шығындарды алып тастасақ, жалпы табысты анықтаймыз.
Барлық бұйымдар бойынша брутто-табысты қосып,тұрақты шығындардың жалпы шамасын жабу үшін қолданылатын жиынтығын аламыз.Брутто-табыстан тұрақты шығындарды өндірістің нәтижесін есептейміз.
Айрықшылық жағдайлар кейде өзіндік құнды есептеуге, сараланған шығындарды қолдануға итермелейді. Сараланған шығындар деп олардың шамасы белгілі бір жағдайлармен салыстырғанда басқаша болуы мүмкін шығындарды айтамыз. Сараланған шығындар барлық уақытта қандай да бір нақты әртүрлі шығындарды.
Шығындар бабы әрбір нақты мәселе бойынша әрбір нақты жағдайды анықталады.....
Рефераттар
Толық

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ

Әділеттілікті, еңбекті, ізгі қасиеттерді ту еткен совет заманының өркені өсу кезінде, қоғам жақсаруы, қайта құру, өткенді марксистік-лениндік методология тұрғысынан объектнвті ғылыми, терең зерттеуге мүмкіндік ашылған жағдайда ақын Шәкәрім Құдайбердиев мұрасы халық қазынасына айналып отыр. Қазақстан Коммунисттік партнясы Орталық Комитетінін Бюросында «Ақын Шәкәрімнің творчестволык мұрасы жөнінде» мәселе қаралып, құптау хабар жариялануын қалың жұртшылық аса ризашылықпен қарсы алды. Мән – маңызы ерекше осы документте былай делінген: «Шәкәрімнің әдеби творчествисы идеялық – тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де коркемдік қуатының молдығымен ерекше – ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оның творчестволық мұрасы мол да, мағыналы және ол ХІХ және XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарғы «үнсіздік» пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс». Казақстан Компартиясы Орталық Комитстінің Бюросы ұлы Абайдың талантты щәкірті және оның реалистік дәстүрін жалғастырушы Шәкәрімнің шығармаларын сыншылдық тұрғыдан қарай отырып игеру, сөйтіп оларды халыққа жеткізу жөнінде, оның «Түрік, қыргыз, казак һәм ханлар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» аталатыл кітапшаларынан басқа барлық шығармалары еңбекшілер тәрбиесіне зардап тигізерлік зиянды идеялардан мүлдем ада екені өз алдына, олардың қоғамымызды рухани байыту ісіне, оның гуманистік және адамгершілік мүраттарын бекітуге қызмет ететіндігі туралы комиссия ұсынған тұжырымдар мен ұсыныстарға келісті. Ақынның уақытша жаңылысуы мен қателесуіне келсек, бұл оның дүние танымындағы белгілі бір шектеуліліктің көрінісі ретінде бағалануы керек». Өткенде қиын жағдайларда өмір сүріп, халыққа аянбай еңбек еткен бірсыпыра асыл адамдардың қатарында енді Шәкәрім Кұдайбердиевтің бейнесі биіктей бермек. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX гасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухаии, мәдени, әдеби өміріне кейде айтарлықтай белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтык, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра калдырған Шәкәрім Кұдайбердиев еді. Ол — әрі ақын, әрі прозалық, әрі аудармашы, философ, тарихшы, біршама журиалистикаға да араласты. ....
Рефераттар
Толық

Ши тоқу өнері

Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді.
Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсеген. Тоқылған шиді қазақтар сияқты көшпелі басқа шығыс халықтары да кеңінен пайдаланған. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан – ақ қолданған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқан. Ши өңдеу, тоқу өнермен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбінесе әйелдер айналысқан. Ақ шиден өзіне керекті күнделікті күнделікті тұрмыста пайдаланатын затты әрбір әйел өздері тоқып алған. Шиді күзге қарай дайындаған. Ши тоқу үшін ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ортаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым қондырғы пайдаланған. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатқан. Қазақ халқының қолөнер саласына ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, ою салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер болып табылады. Ши бұйымдары жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши деп үш топқа бөлінеді.
Мұндай ши түрлері қазақ арасында өз орнымен әр түрлі мақсатта пайдаланған. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік, т,б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгі жасау үшін, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданған. Түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарын әшекейлеуге пайдаланылған. Ал оның бойы тұтас оралмай, әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.....
Рефераттар
Толық

Шикізат азық түлік энергия проблемалары

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген прблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтардың қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мэселелерді шешуге жол ашты.
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мэнінде оларды эр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге пшкізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады» деп айтқан сонымен қатар ол озат техналогияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен қайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.
Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалықтардың көлемі 1 мллиард тоннадай. Статистикалық мэліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т тусті металлургия өндірістің меншігіне жатады (4 млрд т - тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд т байыту фабрикаларныкі жэне 105 млн> т металлургиялық өңдеу процестерінен шыққан қалдықтар). Сонымен қатар эр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде сұық қалдықтар жинақталған. Қалдықтардың 70 - 75 %-і тау-кен өндірістерінен, 20 %-і байыту жэне қалғандары металлургия кәсіпорындарынан пайда болады.
Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едэуір. Оны оларды дұрыс пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мэселесі шешілетін болса, ауыл шаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншілік туады ....
Рефераттар
Толық

Шойынды алудың негізгі физика механикалық процесі

Шойын деп құрамында көміртегінің шамасы 2,14%-дан артық темір мен көміртегінің қорытпасын айтады. Оның болаттан негізгі айырмашылығы құрамындағы көміртегі санының көптігі ғана емес, құйылғыштығы жақсы, құны болаттан арзан, ал пластикалық қасиеті едәуір төмен.
Құрамында көміртегінің қалыптасу жағдайына қарай шойындардың келесі түрлерін ажыратады: ақ шойын, сүр шойын, созылғыш шойын, аса берік шойын және арнайы шойындар.
Шойында көміртегі мен темірден басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор және басқа элементтер болады, олардың мөлшері мен әсері болатқа қарағанда басқаша.
Кремний шойын құрамына графиттену үдерісін күшейтіп, қатты әсер етеді. Оның мөлшері 0,8...3,6%-ға дейін болады.
Марганец графиттену үдерісінің өтуіне кедергі жасап, шойынның ағаруына көмектеседі. Шойын құрамындағы марганец мөлшері 0,5...1,5% болады.
Күкірт те марганец сияқты шойынның ағаруына көмектеседі, оның құю қасиетін нашарлатады, сондықтан шойындағы мөлшері шектеледі, 0,15%-дан аспауы керек.
Фосфор шойынның сұйық аққыштығын жақсартып, графиттену үдерісіне әсер етпейді. Шойын құрамында оның мөлшері 0,3%...0,12% болады.
Ак шойын ақшойындар көміртегі цементит күйінде болады, ал графит бос күйінде болмайды. Ағартылған шойыннын, тек сыртқы беті ғана цементит, ал негізі сұр шойын. Мұнда да графит бос күйінде кездеспейді. Ақ шойыннан құйылған құймалар қаттылығының, тозуға, тотқа төзімділігінің жоғарылығымен, жалынға, жылуға төзімділігімен сипатталады. Ақ шойыннан кұйылған құймаларды тек қана өте қатты қорытпадан жасалған кұрал-сайманмен кесу аркылы өңдеуге болады.
Ақ шойынның қолданылатын жерлері:
1. Т о з у ғ а жұмыс істейтін детальдар (тежеу қалыптары, ұсақтағыш машинкалардың және сұйық дайындайтын абразивті насостардың тетіктері).
2. Жалында және жоғары температурада жұмыс істейтін детальдар (оттық және т. б.).
3. Химиялық әсерге ұшырайтын детальдар (қазандар, мырыш қорытатын аппаратура және химия өндірісіндегі арматуралар).
Ақ шойын химиялық кұрамы бойынша қоспалы және қоспасыз болыл екіге бөлінеді. Қоспалы ақ шойын никельді және борлы (тозуға төзімді), жоғары хромды (тозуға және жылуға төзімді), жоғары кремнийлі (кышқылға төзімді) болып бірнеше түрге бөлінеді. Ағартылған шойынның тек сыртқы ағартылған беті ақ шойын, ал негізі сүр шойын. Ағартылған шойын прокат біліктерін, гидравликалық цилиндрлер және тағы басқа детальдар жасау үшін қолданылады. ....
Рефераттар
Толық

Шоқан Уалихановтың саяси көзқарасы

Жиырмасыншы жүзжылдық бүкіл әлемдік тарихта ең саясаттандырған кезеңдердің бірі. Құқық, мемлекет, саясат мәселелері бұл ғасырда болып өткен әлеуметтік сілкіністерге және бұқаралық қозғалыстарға байланысты алдыңғы орынға көтерілді.Екі дүниежүзілік соғыс, діни және ұлттық айырмашылықтарға негізделген аймақтық соғыстар, дағдарыстар, революциялар мен саяси төңкерістер, тоталитарлық режимдердің қалыптасуы және құлауы, отаршылдық жүйенің қирауы және көптеген жаңа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың пайда болуы адамның теңдігін, құқықтары мен еркіндіктерін бүкіләлемдік мойындау − міне, осының бәрі әртүрлі әлеуметтік саяси бағдардағы ойшылдар мен ғалымдардың мемлкет, құқық және саясатқа қатысты теориялық қызметеріне ықпал етті.
Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихи-адамзаттық рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси ілімі мен тәжірбиесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтық даму тарихы, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Шоқан Уалиханов (1835-1865) − заманның жан-жақты білім алған оқымыстысы, саясатшы, қазақ тарихы әдебиетінің зерттеушісі, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына тарихи дәуір тұрғысынан кең көлемді шолу жасаған ғалым. Шоқан Уалихановтың дүниетанымына, рухани жетілуіне Омбы кадет корпусының прогресшіл ниетті оқытушылары мен қазақ даласына қуғындалып келген халықшылардың үлкен әсері болды.Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарастарында деомакратиялық бағыт қалыптасуына 1859-1861 жылдар аралығында Петербургте алған білімдері мен крепостойлық құқықтың жойылу қарсаңындағы революциялық қозғалыс,заманының алдыңғы қатарлы идеяларының жаршысы болған демократтармен танысуы игі ықпал еті. Ел даланы еркін жайлап, көшпенді тұрмыс салтын ұстаған халықтың жайын, тұрмысын салыстырып, өзге ел мәдениетімен таныстығы ұлғайған сайын елінің артта қалғандығына көзі анық жетіп, оның болашақ тағдырын ойлады.Ресейдегі және де Европаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістермен жақсы таныс Шоқан патша үкіметі жүргізіп отырған отарлық саясаттың зардаптары туралы ұсыныстары мен пікірлерін батыл білдіріп, жүргізіліп жатқан өзгерістердің адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті. ....
Рефераттар
Толық

Шоқан Уәлиханов

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.....
Рефераттар
Толық

Шолпан планетасы

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған.

Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.
Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады.
Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай.
Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр аймақтарында (полюстердің 3° төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112 тәулікке дейін ұзақ.
Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та кетеді. (1-сурет)
Ымырттық доға деп аталатын бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.
1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан-4», «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі программалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпаннның жанынан ұшып өткен «Вега-1» және «Вега-2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарын тастады.....
Рефераттар
Толық

Шөл және шөлейіттік топырақтарға жалпы түсінік

Шөлді аймақ топырақтары Еуразияның ішкі континенталды бөлегінде, Орталық Азия мен Қазақстан Респибликасы тегістігінде орналасқан және ТМД территориясының 6 проценттен астам жерін қамтиды. Бұл аймақ топырағын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар – С.Неуструев, Н.Димо, Л.Прасолов, И.Герасимов т.б.
Шөлді аймақтың басты сұр-қоңыр топырақ типі автоморфты атмосферадан үстіртін ылғалдану, топыраққұралу туралы пікірді Е.Лобова 1960 жылы айтып, оны бореалдыға таяу белдеуге жатқызған. Гидроморфты сутекті төмен ызадан ылғалданатын топырақтардан бұл аймақта сортаңдар мен тақырлар тараған. Желді аймақ климаты жазы ыстық, қысы суық болып келеді. Орта жылдық температура аймақтың солтүстігінде 16°С-тан, оңтүстік бөлегінде 20°С-қа жетеді. Орта жылдық атмосфералық түсім 75-150мм, оның басым бөлегі қыс-көктемгі маусымдарға келеді. Топырақ кескіні тек жоғарғы жарты метр тереңдікке дейін дымқылданады. 10°-тан жоғары тиімді температура жиынтығы 4000°-тан астам. Өсімдік жамылғысын негізінен сораңды-бұталы, жусан, бетеге, еркекшөп, құмаршық, бұйырғын, баялыш, қараған, теріскен және эфемерлі түрлер құрайды. Соңғылар құмда көбінесе сексеуілмен қосыла дамыған. Тақыр бетін балдырлар басқан. Шөл өсімдіктерінің биомассасы көп емес. Родин мен Базилевич есептеуінше 4,3т/га тең; құрылық үстінде ыдырамаған органикалық қалдық болмайды. Көктемгі шөлде эфемерлер құлпырып кетеді де, жазда көк өсімдік қурап қалады. Топыраққұраушы жыныстардан лөсті және көне алювилік желмен ұшырылған шөгінділер басым. Соңғылар Тұран ойпатында шоғырланған және мұнда құмдар кең тараған. Ойпаң тегістіктер арасында неоген заманынан қалған платолы көтеріңкі жерлер кездеседі. Көтеріңкі жерлерді үштік дәуір жыныстары құрады, үстінде жұқа қабатты лөсті салындылары бар. Бетпақ дала, Шу-Іле тау-қыраты бетін және Қызылқұмның орта шенін палеозой заманының жанартаулық метаморфтық жыныс үгінділері басқан. ....
Рефераттар
Толық

Шығармашылық

Шығармашылық іс-әрекет – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. Адам іс-әрекетінде екі түрлі белсенділік орын алады:
- қайта жаңғырту (репродуктивті), бұл ес процессімен тығыз байланысты - өткен тәжірибені салыстырмалы түрде айнытпай қайталау;
- шығармашылық – алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.
Шығармашылық іс-әрекет адамды болашаққа бағытталған, өмір сүріп отырған ортасын өзгерте алатын жан етеді. Шығармашылық – таңдаулы адамдар, даңышпандар мен таланттыларға ғана тиесілі емес, ол адам қиялдап, құрастырып, өзгертіп және жаңа нәрсе жасауға қабілетті жердің барлығында бар болады.
Бізді қоршаған күнделікті өмірде шығармашылық тіршілік етудің қажетті жағдайы болып табылады, әдеттіге айналған заттар шеңберінен кішкене болса да шыққан және аз болса да жаңалығы бар заттың барлығы адамның шығармашылық процессінен туындайды (Л.С.Выготский).
Көбінесе шығармашылық іс-әрекет адамның танымдық қабілеттеріне негізделеді: шығармашылықтың құрамдас бөліктері сезімдік елестердің құрамында да, ақыл-ой түсініктері мен бейнелерінде де орын алады.
Шығармашылық философиямен қатар көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: психология, ғылымтану, өнертану, ақпарат теориясы, педагогика және т.б. Сәйкесінше шығармашылық көріністерінің көптеген түрлері топтастырылады: көркем шығармашылық, ғылыми-шығармашылық, өндірістік-техникалық шығармашылық, діни шығармашылық, күнделікті-тұрмыстық шығармашылық – басқаша айтқанда адамның практикалық және рухани іс-әрекетінің барлық түріне қатысты. Қазіргі күндері адамның шығармашылық іс-әрекетін арнайы зерттейтін ғылымды жасау мәселесі туындап отыр. Субъектінің әлемге деген қатынасының іске асуы танымда ғана жүрмейді. Танымның өзі мақсаты бойынша шығармашылықпен тығыз байланысты. Таным мен шығармашылықсыз адам өзінің универсалды өмірлік жолында жүзеге аспай қалуы мүмкін еді. Таным мен шығармашылық адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрал емес, ол адамды адам ететін зат.
Қазіргі кезде әрбір адам күн сайын күрделілену процессінен өтіп жатқан және иерархияланған әлеуметтік рольдер мен функционалды байланыстар жүйесіне енеді. Адамның рольдік мінез-құлығы стандартталуға ұшырап, онда әрекеттер мен сананың жақсыз дайын бейнелері көбейе түсуде. Жақсыз функцияларды атқарудың өзінде де жеке тұлғалық-адами шыңда болу үшін – адам әлемге және өзіне деген шығармашылық қатынастың жоғары деңгейіне ие болуы тиіс. Басқаша айтқанда индивид жоғарыда сипатталған жағдайларда адам бейнесін сақтап, ситуацияны басқаруға қабілетті болуы үшін оның шығармашылқ деңгейі жоғары болуы қажет. ....
Рефераттар
Толық

Шығыс Азия

18 ауданға (аймаққа) және 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан және Эрдэнэт) бөлінген. Монғолия тәуелсіздігін 1924 жылы қарашада жариялады. (Қытайдың құрамындағы бұрынғы Сыртқы Монғолия). Ұлттық мерекесі – 11 шілде – халық Төңкерісі Күні.
Халқы – 2493 615 адам (1995), орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге - 2 адам. Тұрғындардың басым бөлігі (90%) – монғолдар, қазақтар - 4%, қытайлар - 2%, орыстар - 1%. Мемлекеттік тілі – монғол тілі, сонымен қатар орыс және қытай тілі таралған. Басым көпшілігініњ діни наным-сенімі – буддизм, халықтың 4%-ға жуығы исламды уағыздайды.

Шаруашылығы. Экономикалық қызметі дәстүрлі ауыл шаруашылығына негізделген (Монғолия дүние жүзі бойынша жан басына шаққандағы үй шаруашылығында мал санының көптігімен ерекшеленеді). Кен өндіру өнеркәсібі (көмір өндіру, темір рудасы, мыс, молибден, вольфрам, қалайы, алтын) негізгі салалардың бірі. Балық және орман шаруашылығы экономиканың маңызды секторы. Қазіргі кезде ел экономикасы орталықтан жоспарлаудан нарықтық экономикаға өту кезеңін бастан кешіруде. Ақша бірлігі – тугрик. Негізгі серіктес елдері – Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

Конституциясына сәйкес егеменді социалистік мемлекет, іс жүзінде елде коммунистік тәртіп сақталған, құрамына – 9 провинция жғне 2 орталыққа бағынысты қала кіреді. Астанасы – Пхеньян. КХДР 1948 жылы 9 қыркүйекте тәуелсіздігін жариялады. (бұрын – Жапон империясы құрамындағы Чосун провинциясы). Мемлекет басшысы – президент, оның билігі шексіз. Жоғарғы заң шығарушы органы – Жоғары ұлттық жиналыс.
Халқы 23 486 550 (1995) адам, орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге 195 адам. Этникалық құрамы біртектес яғни елдің барлық тұрғындары – кәрістер, небары 1%-ға жуығы - қытайлар. Мемлекеттік тілі – кәріс тілі. Дәстүрлі діндері – буддизм жғне конфуциандық, алайда, қазіргі кезде діни уағыздар жасалмайды.
Шаруашылығы. Елдің өнеркәсіптік дамуының негізін гидроэнергетикалық қорлар мен көп көлемді пайдалы қазындылар құрайды. Негізінен өндіру саласы (көмір, темір, магнилік рудалар, графит, мыс, қорғасын, мырыш) және ауыр индустрия дамыған. Экономиканы мемлекеттік бақылау коммунистік елдерден де қатал жүргізіледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ұжымдастырылған. Жұмысқа қабілетті халықтың 36%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, негізгі өсірілетін дәнді-дақылдар – күріш, жүгері, соя, картоп, дәнді-бұршақ. Солтүстік Корея экономикалық даму қарқыны мен күнкүріс деңгейі жағынан Оңтүстік Кореяға қарағанда көп артта қалуда. Ақша бірлігі – КХДР вонасы. Негізгі серіктес елдері: Ресей, Қытай, Жапония, Германия, Гонконг, Сингапур. Елдегі порттар: Вонсан, Нампхо, Чхонджин, Хыннам. 9 провинциядан тұрады, Сеул және Пусан қалалары ерекше әкімшілік статусқа ие. Корея республикасы тәуелсіздігін 1948 жылы 15 тамызда жариялады. Атқарушы билігі бір палаталы – ұлттық жиналыстан тұрады.
Халқы 45 552 882 (1995), орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге 463 адам. Этникалық құрамы бір халықты: елдің барлық тұрғындары – кәрістер, аз ғана бөлігі – қытайлар. Ресми тілі – кәріс тілі. Халықтың 27%-ы – буддистер, 24%-христиандар, қалған дінер – конфууиандық, чондокьо. Қызмет көрсету өрісінде жұмысқа қабілетті халықтың -52%, өнеркәсіпте - 27%, ауыл шаруашылығында - 21% жұмыс істейді. ....
Рефераттар
Толық

Шығыс Қазақстанның туристтік мүмкіншілігі

Бұқтырма—көне обалар тобы. Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Бұқтырма ауылынан солтүстікке қарай 2км жерде. 1953 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттелген. Олар тас дуалмен дөңгелене қоршалған. Мүдделері сопақша қабірлерге жерленген. Обалардың ішінен б.з.б. 3-4 ғасырларға жататын қола шанышқы, қорамсақ ілетін темір ілмешек, мата қалтаға салынған қола айна, қола түйреуіш, моншақтар, ағаш қайықтың қалдықтары табылған.
Бұқтырма--өзен,Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Зырян аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 405км, су жиналатын алабы 15,5мың км . Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 243 м/с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты,т.б. Өзен аңғарының беткейлері тік жарлы, терең шатқалды, аңғарының ені 5-6км, тар жері 0,3-0,4км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде; жазда тасиді. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы. Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма аталған.
Бұқтырма бөгені, Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облыс аумағында, Қалба, Нарым, Күршім жоталары аралығында орналасқан. 1960-1967 жылдары салынған. Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940км , ұзындығы 600км, ені 40км, ең терең жері 80м. Суының көлемі 49,6км .Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің төмен ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айынан басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң бір тұтас су айдынына айналды.Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне бойланысты шартты түрде үшке бөлуге болады:жоғар, орта және төменгі бөліктер. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биітігіне жетеді....
Рефераттар
Толық