Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері

Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері

Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері

Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істеу беруге болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың көңіл қалаулары мен сол көңіл қалауларын қанағаттандыруға қажетті ресурстар арасында айтарлықтай айырымдар болады.
Алайда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты қанағаттандыруға қажетті ресурстар ( жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескере отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі талдап береді.
Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономикалық білімнің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәурімізге дейінгі IX-V ғ.ғ. Көне Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар ( Ксенофонт, Аристотель, Конфуций және басқалар ) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.
«Экономика» термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заң. Яғни шаруашылықты ( үйлерді ) жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған әртүрлі мектеп, бағыт, адамдар арқылы қалыптасқан. Және сол мектеп, бағыт, адамдардың әрқайсысы экономикалық теорияның пәні мен оның зерттеу мақсаттары туралы өз анықтамаларын беріп келген.
Экономика ғылымы пәнінің даму прцесі өте қиын жолдардан өткен. Француз дворянині А. Монкретьен бұл ғылымға – саяси экономика деп жаңа атау берген. Ол өз ғылымның пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған.

Экономикалық ойлар тарихынан

1) Аристотель ( б.д.д. 384-322 жылдар ) – ежелгі грек философы, энциклопедиялық оқымысты, логика ғылымының, сондай-ақ көптеген арнайы білімдер салаларының негізін салушы.
2) Ксенофонт ( б.д.д. 430-355 ) – ежелгі грек тарихшысы және саяси қайраткер, өзінің саяси көзқарасы бойынша – агриндік демократияның қарсыласы, аристократиялық Спартаның жақтаушысы.
3) Конфуций ( б.д.д. 551-479 жылдар ) – Көне Қытайдың алғы лектігі идеялық ағымдарының біріне негіз қалаушы, оның көзқарасы “Лунь юй ”( “Сұқпаттар мен пайымдаулар” ) деген кітапты баяндаған. Оның ілімі адамдарды сүю тұжырымдамаларына құрылған.
4) Шерман Дж. – сенатор, Шерман заңы деп аталатын заң жобасының авторы, жұмысшылар мен фермерлердің антимонополистік қозғалысының қысымымен қабылданған “Антитрест заңы” трест формасында немесе басқадай формалардғы бірлестіктерді, сондай-ақ сауданы шектеуге бағытталған қандай да болмасын келісімдердің заңсыз деп жариялады.
5) Маршалл Альфред ( 1842-1924 ж.ж. ) – баға теориясының авторы және негізін салушы, экономика ғылымының классигі, Кембридж мектебінің негізін қалаушы. Шекті тиімділік теорияларының принциптерін жасаушы. “Сұраныстың икемділігі” терминінің авторы.
6) Гэлбрейт Джон Кеннет ( 1908 ж.т. ) – америка экономикісі, теңгеру күштері тұжырымын шығарушы, “Жаңа индустриальды қоғам” ( 1697 ) деген еңбегінде монополистік капитализмге сипаттама береді. Ол корпорациялар мемлекеттік қызметтің реттеушілігін қажет етеді деп санаған.
7) Шумпетер Иозеф ( 1883-1950 ж.ж. ) – көрнекті экономист. Тиімді бәсекелестік тұжырымдамасын шығарған, ол өндірістік цикл экономикалық өсу моделіндегі табиғи құбылыс деп санаған, экономикалық дамуда инноваторлардың рөлін айрықша бағалап отырған.
8) Фридмен Милтон ( 1912 ж.т. ) – көрнекті экономист. Мемлекеттің экономикаға араласпауын жақтаушы. Қазіргі монетаризмнің чикаголық мектебінің өкілі. Экономика жөнінде Нобель сыйлығының лауреаты ( 1976 ж. ).

Экономикалық теорияның пәні мен мақсаттарына өз зерттеулерімен анықтамалар бергендер:
1) Физиократтар мектебі – Ф. Кенэ, Тюрго, Д.де Немур XVII ғ. ортасы.
2) Шотландия ғалымы А.Смит өзінің “Табиғат туралы зерттеу және халықтар байлығының сепептері” деген атақты еңбегінде.
3) Неміс ғалымы К.Маркс –“ капиталдың” авторы, онда ол саяси экономиканың пәні деп өндіріс, материалдық игіліктерді өзара бөлісу, айырбастау жәнетұтыну процесінде адам арасында қалыптасатын обьективтік экономикалық қатынастарды айтқан.
Экономикалық теорияның австриялық, ағылшындық, тарихи және т.б. мектептері бар. XIX ғасырдың аяғы мен бүгінгі күнге дейін А.Маршалл, Дж, М. Кейнс және М.Фридман экономика ғылымының жарқын өкілдері болып табылады. “Экономика ғылымының принциптері” деген еңбектің авторы А.Маршалл “economics” деген атауды қолдана отырып, экономикалық ғылым деп анықтайды. Ғалым өз еңбегінде адамдардың қоғамдағы әрекетін байқататын, олардың өз тұтынушылықтарын қанағаттандыруға күш салатын жақтарын қозғап, ол күш салушылықтың байлық единицасын қай өлшеміне жататындығын, оның жалпығы бірдей байлық өлшемі – ақшамен мөлшерленетіндігін пайымдайды.
М.Кейнс өзінің “Жұмыспен қамтылудың жалпы теорсясы, пайызы және ақша” деген еңбегінде, оған дағдарыс жайындағы экономиканы ендіре отырып, экономика теориясын зерттеу тақырыбын кеңейте түсінген. Монетаризмге өту 70-ші жылдардың орта кезіндегі экономикалық дағдарысқа байланысты болды. Ол артынша мемлекеттік – нарықтық экономикаға көтерілді.
М.Фридман – монетаристік бағыттың негізін салушы. Ол экономика пәнінің ғылымы деп экономикалық дамудың басты негізі болып табылатын ақша қозғалысының заңдарын зерттеу деп білген.
Қазақстан Респбликасы нарықтық қатынастарға өтер кезде монетаристік саясатты қолданды. Ол мынаған саятын: нарықтық экономиканың реттеуге болатын сипатын сақтай отырып, әкімшілік араласуды емес, заңға негізделген өзінің экономикаға араласуы арқылы мемлекетке “экономикалық” тетікті табуға көмектесті. Монетаристік тұжырымдамаға мемлекеттің араласуы несие-ақша, қаржы, валюта жүйелеріне заңды түрде ықпал ету арқылы “жанама” болды.
Зерттеу пәнінің ерекшелектеріне орай бүгінгі заманғы экономикалық ғылымнан бірнеше бағытта таратуға болады.
- саяси экономика ( мракстік, батыс саяси экономикасы, “жаңа саяси экономика”; )
- экономика ( экономикс ); а) микроэкономика, б) макроэкономика.

Экономикалық ойлар тарихынан

“Экономистер мен саяси
философтардың дұрыс та, бұрыс та
идеяларда біздің ойлағандарымыздан
гөрі үлкен ықпалды болады”

Джон Мейнард Кейнс

Меркантилистер ( пайдакүнемшілдкер ) XVI-XVII ғ.ғ. аралығында еуропалық көпшілігі меркантелизм деп аталатын экономикалық теория ықпалында болды. Меркантелистердің ойларынша әрбір ұлт саудагерлер секілді таза табыс алу үшін бір-бірлерімен бәсекелістікке түсулері керек болатын. Олардың пікірлерінше үкімет жалақы және т.б. ресурстарға шығындалуды азайтып, экспортты ( басқа елдерге сатылатын тауарларды ) көтермелерді қажетті заңдармен қолдауы тиіс еді. Солай еткенде “қолайлы сауда теңгеріміне” жетуге болатын.
“Қолайлы сауда теңгеріміне” жету үшін көптеген еуропалық елдер отарлау әрекеттеріне ұмтылған. Олардың ойларынша отарлау ( колонизация ) жаулап алушы елді арзан жұмысшы күшімен, шикізатпен қамтамасыз етіп, өндіріс тауарларын сататын рынок жасалынады деп түсінген.
“Қолайлы сауда теңгерімі” импорттан экспорттың басым түсу жағдайын жасайды. Бұндай басымшылық сатушының таза пайдасына ұқсап, алтын мен күмістің ұлттық қорының өсіуіне жеткізеді. Сол уақыттың көптеген адамдары ондай қор ұлттың хал-ахуал жағдайын оңайлатудың ең оңайлы шаралары деп санаған.
Мәселен, осы мақсаттарды орындау үшін Англия өзінің америкадағы отарларына байланысты навигация туралы Заң қабылданған. Ол заң британия өнеркәсібін қорғап, отарланған жерлерінде қалпақ, жүн бұйымдары, қақталған темір және тағы басқа тауарлардың өндірілуіне тыйым салған. Ол Заңда, сонымен қатар, Англиядан басқа бірде-бір елге сатылмайтын “ерекше тауарлар” тізімі де ( негізінен шикізат ) болған. Ол заңдарға деген наразалықтың зор болғандығы соншалық, оны тәуелсіздік жолындағы Соғыстың басты себетері деп атаған.
Мемлекет қолайлы сауда теңгерімі үшін күресіп, федеральды үкімет импортқа барынша тосқауыл қойып, экспортқа жол ашып отыруы керек дейтін адамдар қазір де бар. Сондықтан да оларды неомеркантилистер немесе “ жаңа” меркантилистер деп жиі атайды.
Физиократтар. XVII ғасырдағы француз философтары мен экономистерінің ұсыныстары бойынша қоғам өнеркәсіп пен бизнесті қордау практикасынан бас тартып, оларға көңіл аудармаулары керек болатын. Оларды физиократтар деп атайды.
Физиократтар ауыл шаруашылығы өнімдерін және тағы басқа табиғи ресурстарды байлықтың шынайы көздері деп ұқты. Ол байлықтарды Құдайдың өзі беріп отырғандықтан үкіметтің өнеркәсіп пен бизнеске қолұшын беріп, олардың таза табысқа кенелулеріне көмектесерліктей соншалықты себептері жоқ дейді олар. Осы ойдағы олар “қолайлы сауда теңгеріміне” жеткісі келген үкіметке қарсы шығып отырған.
Басқа сөзбен айтқанда, нағыз байлық “ жерден” шығатын болғандықтан, қай үкімет болмасын, ең абзалы – кәсіпкерлерге тиіспей, уақиғаның табиғи жолмен дамуына жол ашулары тиіс. Бұл идея сөз тіркесінде былай беріледі: “Jalsser faire” ( адамдардың көңіл қалауларына кедергі келтірмеңіз ).
Ең қызығы сол – экономиканы реттеуге ұмтылушыларды жақтаушылар мен физмократтардың ізбасарлары арасындағы бұдан 200 жыл бұрынғы талас әлі күнге дейін тынбай келеді. Бұл мәселелер жеке адамдарға ( бизнестің өсіп, банкінің ойсырауы ) қатысты ма дейтін болса, ол мәселелерді шешуге мемлекет араласуы қажет деушілер де, “Jalsser faire”, экономикалық күштің еркін әрекетін қолдайтындар да табылады.

Саяси экономика қоғамының дамуы мен оның негізгі кезеңдерінің заңдылығын зерттейді.
Біз ілгеріде атап өткеніміздей, XVII ғ. “саяси экономика” деген термин ғылыми айналымға енген болатын. “Политейа” деген қоғамдық құрылым деген ұғымды білдіреді. Яғни, біз, мұны сол кездегі адамдардың жекелеген үй шаруашылықтарын жүргізу емес, қоғамдық шаруашылықты жүргізетін заң деп түсінгендерін көрсетеміз. Мұнда олар әрбір шаруашылықтың басқа шаруашылықтармен тығыз байланыста тұратындығына және олардың қызметтеріне де тәуелді болатындығына баса назар аударған. Осылардың бәрі жиылып ғаламдық ( әлемдік ) экономиканың құрамына кіретін ұлттық экономиканы ( белгілі бір мемлекеттің экономикасын ) құрайды.
Ұлттық экономиканы микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан.
Микроэкономика – бұл негізгі экономикалық единицаларды жұмыс істеудің ауқымы ( фирмалар, үй шаруашылықтары ). Онда тұрақтылық, тепе-теңдік басымырақ. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылығы рыногындағы шешім қабылдау және өзара байланыс процесін зерттейді. Микроэкономиканың негізі боларлықтай алғы шарттар – фирмалар мен үй шаруашылықтарының алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастары тұрғысынан ең жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады. Микроэкономика үлгісінде үй шаруашылықтары сатып алар кездерінде аса тиімділікті көздейді, ал фирмалар, өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуын ойлайды.
Макроэкономика - халық шаруашылығын толығынан қамтиды. Ол – жалпы экономикалық процестердің ауқымы ( жалпы, өнім, ұлттық табыс, барша шығын ). Ол өрлеуге, өсуге ұмтылысымен сипатталады. Макроэкономика әртүрлі елдерге және әрқилы кезеңдерге байланысты табыс, баға, жұмысыздық және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерді жинайды. Сонан кейін ол мәліметтерді түсіндірерліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға тырысады.
Сонымен қатар макроэкономиканың зерттеу мақсаттары экономикалық құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ экономика саясатын жетілдіру деп табылады. Макроэкономика – экономика дамуының заңдылығын түсіндіріп және оның қандай бола алатындығын көрсетуге тиіс.
Тұтас экономикада болып жататын макроэкономика зерттейтін құбылыстар мен процестер, сайып келгенде, көптеген үй шаруашылықтары мен көптеген фирмалардың өзара қарым-қатынастарынан жинақталынады. Макро-және микроэкономикалар өзара ажырамастай байланысты болады. Мәселен, тұтас тұтынушылық факторын білу үшін отбасының қанша ақша жұмсап, келер күнге қанша қалдыру керек деген шешімдерін талдау қажет. Инвестицияның жалпы көлемін анықтайтын факторларды табу үшін фирмалардың жаңа кәсіпорындар салу туралы шешімдері жөніндегі құжаттарды алу керек. Макроэкономикалық көрсеткіштер жекелеген тұлғалар немесе кәсіпорындардың шешімдері нәтижесінде жинақталған өзгермелі мағұлмат болғандықтан макроэкономика негіздері микродеңгейде қаланады.
Макроэкономикалақ үлгілердің сыртында микроэкономикалық деңгейде қабылданған шешімдер ұдайы тұрғандарымен, оның көп үлгілерінде фирмалар мен үй шаруашылықтарының көзқарастары байқалады. Ол шешімдер олардың мінез-құлықтарына да байланысып, кейде айқындығы жоқ тұспалмен беріледі. Астық рыногындағы үлгі осыған мысал бола алады.
Астыққа деген сұраныстың негізінде үй шаруашылығының қанша астық сатып алу керек деген шешімі жатса, нақтылы қажеттілік наубайхана өндірісінің қуаттылығымен анықталынады. Бұған үй шаруашылығы аса тиімділік тұрғысынан шешім қабылдаса, наубайхана бұл іске таза пайда тұрғысынан келеді. Сөйте тұра макроэкономикалық шешімдер іс үлгісіне ( моделге ) қатыспай, олар оның «фонын» ғана құрап тұрады. Дәл осылайша фирмалар мен үй шаруашылықтары қабылдаған ең жақсы щещімдер де бұлдыраңқы түрде көрініс береді және ол барша макроэкономикада да солай болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?