Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың дамуы мемлекет экономикасындағы жылжымайтын дүние мүлік ролін бағалау мен адамдар өмірінде елеулі өзгерістерге әкелді. Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақыттағы жағдайға және ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуына баға беру. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі мақсаттар қойылған: 1 Ипотека институтының тууын зерттеу; 2 Шет елдердің тәжірибесі негізінде Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуының мүмкін үлгілерін қарап шығу; 3 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын ипотекалық тұрғын үй несиелеу жүйесін орындау алдында суреттеу; 4 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің дамуы және енгізу процесін талдау; 5 Шығыс Қазақстан облыс тұрғындарының ипотекалық несиеге тұрғын үй сатып алуының инвестициялық мүмкіндіктерін бағалау. Қойылған мақсаттар дипломдық жұмыстың құрылымымен шарттасылған және кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, 35 атаудан құралған пайдаланған әдебиеттер мен 6 қосымшадан құрылған.....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Ш.Құдайбердиев сияқты ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің белгілі өкілдерінің бірінің шығармашылығы әдебиеттану ғылымында бірнеше ғылыми зерттеулерге өзек болды. Ал оның шығармаларын тілдік және стильдік жағынан қарастыру мәселесі кенже қалып отыр. Ақын шығармаларын тілдік тұрғыдан зерттеген көлемді зерттеу, мақалалар жоқ деп айта алмаймыз. Бұл ретте зерттеуші А..Қонарбаева өз диссертациясында [1] Шәкәрім шығармашылық өнерінің тілдік қолданыс ерекшелігін қарастырған. Бірақ Шәкәрімнің шығармашылық ауқымы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Жұмыстың жазылуына сонымен бірге ақын шығармаларының тікелей әсері болды. Яғни, әдеби тіліміздің белгілі кезеңіндегі көркем әдеби стильдің ерекшеліктерін көрсете алатын, қазақ тілінің бейнелілігін танытуға тиісті Ш.Құдайбердиев шығармалары сияқты әдеби үлгілерді зерттеу нысанасынан тыс қалдырсақ, онда өткен ғасыр басындағы әдеби тіліміздің ерекшеліктері түгел болмас еді. Шәкәрім шығармашылығын зерттеуді бұлайша саралап қарастыру ғалым Р.Сыздықованың айтуынша, «ойшыл, аудармашы әрі заманында мерзімді баспасөз беттерінде өзінің азаматтық үнін қосқан көп қырлы таланттың ұлттық әдеби тілдің нормалану процесіне тигізген ықпалы мен үлесін айқындаудан туып отыр ... Қоғам өміріндегі күрт өзгерістер соны ұғымдарды туғызды, ал ол өз кезегінде ана тілінің сөздік қорынан көрініс тапты. «Шәкәрім мұрасының» стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді» [2,187] – деген филология ғылымының докторы Р.Сыздық. Осы тұрғыдан келгенде, Ш.Құдайбердиев лирикасының тілін лингво-стилистикалық тұрғыдан зерттеп, өлең құрылысындағы лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен сөздердің көркемдегіш құралдар түрлерінде қолданылу сипатын айқындап беру – тіл білімінде ғылыми ізденісті қажет ететін өзекті мәселе. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау. Аталған мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді атқару көзделді: - Ш.Құдайбердиевтің поэтикалық тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктеріне тілдік-стильдік тұрғыдан талдау жасау. - Кейбір аффикстердің қызметтерін ғана емес, олардың актив-пассивтігі, стильдік немесе басқа да мотивтерге орай пайдаланғандығын қарастыру. - Ш.Құдайбердиев өлеңдерінің поэтикалық тіліндегі, атап айтқанда, эпитет, теңеу, метафора, метонимия т.б. көркемдегіш құралдардың семантикалық және стилистикалық табиғатын ашу. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ш.Құдайбердиевтің ақындық шеберлігін зерттеу барысында оның поэтикалық тілі бейнелегіш-көркемдегіш сөздерге бай екендігі және оның ұтымды қолдануда өзіне ғана тән ерекшеліктері бар екендігі ашылды. Ақын лирикалық шығармаларында тілімізде бұрыннан бар фразеологизмдердің жаңа құрылымдарын жасап, варианттылық әдісіне көп жүгінген, сөзге образдылық сипат беруге барынша көңіл бөлген. Ақын стильдік құралдарды – троп түрлерін, омонимдерді, антонимдерді, синонимдерді, тұрақты сөз тіркестерді тағы басқаларды шебер қолданған. Сол арқылы Ш.Құдайбердиевтің қазақ поэзиясына, әсіресе, сөздік құрамының баюына көп үлес қосқандығы белгілі болды. Бұл диплом жұмысында алғаш рет Шәкәрім шығармашылығындағы кейбір сөзжасамдық тұлғалардың қолданылу ерекшелігі айқындалады. Ақынның поэтикалық тілі қазақ поэзиясын жаңа белеске-көркемдік дәрежеге жеткізгені анықталады. Зерттеудің нысаны. Ш. Құдайбердиев шығармашылығындағы қазақ әдеби тілінің лексикасын және сөз жасау тәсілдерін саралап, мағыналық реңктерін талдау, жүйелеу, көріктеуіш тәсілдерін зерттеу мәселелері жатады.....
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру керек екендігі атап көрсетілген. Жаңа ғасырда жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі, білім беру саласындағы жаңа талаптар айтарлықтай өзгерістер жасау тенденциясының үдеуіне қажеттілік туғызып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға себептігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін әдістері мен нысандарын іздестіру, сайып келгенде ақыл – ой әрекетін қалыптастыруға өзекті сипат береді. Былғы оқу жылындағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақставн Республикасының президенті – ұлт басшысы Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында (30.01.2012ж) білім беру жүйесі туралы былай деген еді: Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс – шараларды іске асырудың маңызы зор. ....
Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді. Ондатрлардың негізгі отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым бар (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады. Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: ....
КІРІСПЕ Көркем әдебиеттегі қостілділік, ең алдымен эстетикалық тәрбие беру мақсатымен танымдық жүйеде кең көлемде қызмет етеді.Бұл тікелей әдеби үрдіске қатысты болады. Көптеген белгілі ақын-жазушылар өз ана тілінде және қазақ тілдерінде жазады. Атап айтсақ, неміс Герольд Бельгер немісше және қазақша, Исмаил Саттаров пен Ш. Шабаевтар ұйғырша және қазақша жазған. Бұл ұлттардың жақындасуы мен тілдерінің табысуының басты желісі.Бір тілд жазатын жазушы мен екі тілде жазатын жазушылардың бір – бірінен айырамашылықтары айтарлықтай көп болады. Қостілділікте ана тілінің толқымалы құбылмалы таралу әсері болады. Бір ғана тілде жазатын жазушылардың тіліндегі сөз саптау ерекшелігі қостілді жазатын жазушының тіліндегі сөйлеу мәнерінен өзгеше болады. Ал, екі тілде жазатын жазушы мен бір ғана тілде жазатын жазушының ауызша сөз сөйлеу үлгісінде артикуляциялық – интонациялық (сөз жасамдық және тыныс белгісін) ой кескіндемесінде өзгеріс алшақтық мол. Қос тілде жазатын жазушының сөз саптауындағы ерекшеліктер бір ғана тілде жазатын жазушыдан айрықша көзге түсіп тұрады. Екі тілде жазатын тұлғалардың бір тілден екінші тілге ауысып тұру механизмі ерекше қызығушылық туғызады. /19, 146/ Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығының ма арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын жазушылардың қалыптасу жолдарын көрсетеді. Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқаратын ролі орасан зор. Аударма арқылы қалың жұрт ақыл – ой иелерінің асыл қазынасымен танысады. Өткеннен мұра болып қалған және қазіргі заманымыздың мәдениетін игеруге үлесін тигізеді. Аударма әдебиетінің маңызы мұнымен бітпейді. Ол ана тіліміздің толық қалыптасуына, дамуына әсерін тигізеді. Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс - әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс, қазақ және шетел әдеби шығармаларының байланысы бір – біріне әсер етуі, типологиясы мен поэтикасы, әдеби әдіс – амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы аударма шеберлерінің іс – тәжірибелері отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктерін қарастырады. Аударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат – мүддесі, тіршілік әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды шартты құбылыс. Аударма – ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл үрдісін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі./1, 5/. Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға, екінші тілде яғни, оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу.Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбекті аударма туынды деп атайды/2, 9/. Адамзат тарихында әрбір ұлт, әрбір қоғам алмасу, ауысу, араласу нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни, өзінде жоқты өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осындай ауысудың тиянақты тірегі – аударма. А.Пушкин “аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары” деген /2, 23/. Осыған орай, М.О.Әуезов аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың шығармашылық сырына қанады.Оның көргенін көріп, білгенін біледі, сол арқылы өзінің ой - өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді. Бұл жағдай шын талант иесінің бойынан шығармашылық қайнардың жаңа көздерін ашуға себепші болады. Аударма өнері - идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішінде елеулісі десек те қателеспес едік. Ендеше, М.Қаратаев ағамыз айтқандай, көркем аударма дегеніміз өзінше өнер, шығармашылық әдебиеттің құқықтағы түрі дейтін ұғымды іс жүзінде жеткізіп, бұл іспен суреткерлік қабілеті бар адам ғана айналысуы керек. Аударма туынды – көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына айналады. Аударма мәселелері соның ішінде көркем аударманың проблематикасы тамырын тереңге жайып жатыр. Ол бастауын Ежелгі Римнен алады. Сол дәуірде аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңірегінде Цицерон аудару кезінде сөзді санамау керек, керісінше сөзді салмақтау керек деген /3,8/. Ө.Күмісбаевтың пікірі бойынша – көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Аударма - әдебиеттің арналы, мол салаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларын басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Негізінен аударма саласы мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі.....
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге, олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды элементтерінің біреуін — кедендік жүйені әлемдегі үнемі болып жатқан өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін кедендік тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі қарастырып отыру керек. Кедендік тарифтерді реттеу кеден саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше: біріншіден, кедендік төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан ....
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз. Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу. Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді. ....
Кәсіпорын жұмысының жетістіктерінің өркендеуі кәсіпорында еңбек ететін жұмыскерлерге байланысты. Сондықтан қазіргі уақыттағы кәсіпорындарды басқару тұжырымдары көптеген басқару іс-әрекеттерінен персоналды басқаруды ерекше бөліп қарастырады. Әрбір кәсіпорындарда: персоналдардың санын анықтау, таңдау жүйесіндегі тиімділік, кадрларды жіктеу және оларды біліктілік талаптарына сай бөлу, өнеркәсіпті және жұмысшылардың өзін мүдделеріне қарай айналысатын жұмыстарымен қамтамасыз ету, жұмыскерлерді еңбегінің нәтижесі үшін марапаттау, жұмысшылардың қозғалысы, еңбек мотивация жүйесінде, жұмысшылардың жеке мәселесін қатерге алу, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбек демалыстарымен қамтамасыз ету және т.б. қажеттіліктер туады. 60-80 жылдар аралығында адами факторлардың мүддесінің көтерілуіне байланысты кәсіпорындарда әлеуметтік жоспарлаудың тәжірибесі мен теориясын өңдеу мақсатында еңбек ұжымын басқару саласы қамтамасыз етті. Жоғарғы оқу орындарында (тәжірибе ретінде) “Еңбек ұжымын басқару” тақырыбында курстар кірістірілді және оқулықтар шығарылды. Кадрлармен жұмыс істеуде практика мен теориясын қарауда монография санының көбеюі пайда болды. ....
Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіздік алғанға дейінгі діни дамуы кеңестік дәуір идеологиясы үстемдік етуімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Бұл кезең жас ұрпаққа коммунистік негіздегі біржақты атеистік тәрбие берумен ерекшеленеді. Ұзақ жылдарға сан ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие негіздерінен айырды. Халықтың рухани санасы азғындап ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерге түп негіз болған ділі мен дінінен ажырады. Басқаша айтқанда, өзіндік имандылық келбетінен қол үзді. Осының салдарынан рухани тұлға мұрасын оқытуда да осындай келеңсіздіктерге жол берілді. Тәуелсіздікті нығайтуда, жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “... жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты” дер кезінде ең қымбат адами, дүнияуи көзқарастар негізінде адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет /1/.....
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары. Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы. Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды. Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты. Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.....