Суға шомылудың пайдасы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ : | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Сулейменова М.М. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тараудың тақырыбы: Сабақ тақырыбы: | Су-тіршілік көзі Суға шомылудың пайдасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | Т5. Негізгі ойды анықтау 5.Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Тыңдалым мәтініне қатысты жаңа сөздермен танысады, мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған тапсырма түрлерін орындайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда көрініс табады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану, дене шынықтыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің тақырыбын анықтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар: | мазмұн бойынша 3 сұраққа бір-бір сөйлеммен жауап береді; мәтіннің тақырыбын сөз немесе сөз тіркесімен береді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: Еріген су, қатыру, шомылу, табиғи су, жасанды су қоймасы Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Мен сабақта ................................ жұмыс жасадым. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар алдыңғы сабақта судың адам денсаулығына пайдасы туралы мәтіндермен танысып, тақырыпқа қатысты сөздік қорларын байытты. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ басы 7 минут | Қызығушылықты ояту Топқа бөлу Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы 5 жұпқа бөлінеді. (Суреттер дидактикалық материалдарда) «Бес жолды өлең» Оқушылар «су» сөзіне қатысты өлең құрастырады. 1.Зат есім. Су 2. Сын есім (2) 3. Етістік (3) 4. 4 сөзден тұратын сөйлем. 5. «Су» сөзіне синоним, мағыналас сөз Оқушылар өлеңдерін топта оқиды. | Қима суреттер А3 парақтар, маркер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Ой шақыру сұрақтары: 4 мин. Суды не үшін пайдаланамыз? Сіз күніне қанша литр су ішесіз? Суық сумен жуынып көрдіңіз бе? Өзіңізді қалай сезіндіңіз? Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және сабақ мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут Тыңдалымалды тапсырмасы «Сөз-сурет» 6 минут Әр жұпқа сөздер мен сөз тіркестері және суреттері қима қағаз түрінде ұсынылады. Оқушылар жұпта сөздер мен сөз тіркестерін суреттермен сәйкестендіреді.
Жұптар тақтадағы дұрыс нұсқасымен сәйкестендіру жұмысын тексереді. Тыңдалым мәтіні Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерін бірнеше жыл зерттеген екен. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілдері өте көп. Мысалы, суды алдымен қатырып, сосын ерітіп ішуге болады. Осы суды күнде таңертең ішіп отырса, емдік қасиеті өте зор. Ал суға шомылудың пайдасы қандай? Шомылу - демалу мен шынығудың бір түрі. Табиғи су және жасанды су қоймаларында шомылуға болады. Шомылу денедегі бұлшық еттің белсенді жұмысын тудыратындықтан, бүкіл ағзаға пайдалы. Қан айналымын, жүйке және бұлшық ет жұмысын жақсартады. Дегенмен дұрыс шомылмау денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Әлсіз, аурудан жаңа ғана айыққан адамдардың алдымен дәрігерлік тексеруден өткені жөн. Барлық уақытта шомылу тәртібін қатаң сақтаған дұрыс. Қыста суық суға түсумен тек денсаулығы күшті адамдар ғана айналысуға болады. Суық суға 20-30 секундтан артық түспей, тез, жылдам қимылдау қажет. Қыста суға шомылатын адамдар дәрігердің бақылауында болады. Тыңдалым тапсырмасы «Шын, жалған» әдісі Ж 5 минут. Мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың қайсысының шын немесе жалған екенін белгілеңіз.
Оқушылар тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексереді. 2 минут Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 12 минут. Ж 1.Мәтін мазмұны бойынша берілген 3 сұраққа 1 сөйлеммен жауап беріңіз. Мәтінге ат қойыңыз.
Оқушылар жеке жұмыс жасап жатқан кезде мұғалім сыныпты аралап жүріп, оқушылардың жауаптарын тексере жүріп, бағыт-бағдар береді. Кері байланыс. 3 минут Мен қандай жаңа сөздер үйрендім? Қандай тапсырма түрі маған пайдалырақ болды? Неге? | Таратпа материал Аудиомәтін Қалыптастырушы бағалау парағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 3 минут | Рефлексия «Бағдаршам» Мұғалім кез келген оқушылардың көтерген түстеріне қатысты пікірлерін сұрайды. «Бүгінгі жұмысымды қалай бағалаймын?» Жасыл- мен сабақта өте белсенді жұмыс жасадым. Сары- маған қиындық келтірген тапсырма болды, бірақ мен дұрыс орындадым. Қызыл- мен тапсырманы мұғалімнің қолдауымен орындадым. Үйге тапсырма Жаңа сөздерді жаттау. Шомылудың пайдасы туралы мәтін жазу (30-35 сөз.) | Бағдаршамдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру