Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының № қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын техникасы

Оқу мақсаттары

9.1.1.1 Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыруға үйрету.

Бағалау критерийлері

Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

 

Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.

Мыналарды қамтиды:

  • Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас
  • Техника, шығармашылық қабілет
  • Допты жоғарыдан, төменнен қабылдау, қайтару

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
  • Тапсырмаларды орындау кезінде біздер неліктен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауымыз керек?
  • Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Оқушылар өткен сыныптағы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған командалық ойын әрекеттері арқылы түсініктері мен кілттік дағдыларын құрастыру тәжірибелеріне ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

10мин

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Достармен кездесу уақыты»

Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы,

сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

25мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж, ҚБ) «Орын ауыстыру».

1. Оқушылар волейбол алаңының артқы сызығына торға қарсы қарап параллелді екі лекке тұрады. Лекте бірінші тұрғандар торға қарай жүгіреді, екі адыммен тоқтайды, секіреді, бұрылып екінші допты жалғауды имитациялайды, мұғалім оқушыларға орын ауыстыру бағыттарын айтып отырады (№2 аймақта бұрылу солға орындалады, №4 аймақта бұрылу оңға орындалады, №3 аймақта оңға және солға орындалады).

2. Оқушылар бір лекпен волейбол алаңының қаптал сызығы мен шабуылдау сызығының қиылысқан жерінде тұрады (екінші сызық). Бір топ сол жақ қапталында, ал екіншісі оң жақ қапталында. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар шабуыл сызығының бойымен қозғала отырып №6 аймаққа жүгіреді, тоқтап торға қарап бұрылуды орындайды, арқамен алға қарай қозғала отырып сол жақ қапталда тұрған ойыншылар №5 аймаққа қарай орын ауыстырады, ал оң жақ қапталдағы ойыншылар №1 аймаққа орын ауыстырады, тоқтайды және допты төменнен қабылдауды имитациялайды, өзінің легінің соңына барып тұрады.

Дескриптор :

-ойыншылар волейбол алаңының аймақтары бойынша қозғалыс орындайды.

- алаңда еркін қозғалыс жасайды.

- берліген тапсырманы толық орындайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

(Т, Ж, ҚБ) Нығыздалған доптармен жаттығулар. Жалғаулар, орын ауыстырулар. Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар қарсы бағытпен лектер түзейді.

1. қарсы бағытта тұрған лектің ойыншыларынан нығыздалған допты (1 – 2 кг.) қағып алу және кері жалғау. Допты кері жалғаған соң ойыншы өзінің легінің соңына орын ауыстырады.

2. Оқушылар торға қарсы қарап бір лекке бой түзейді. Бірінші лек №1 аймағына, ал екінші лек № 5 аймағына тұрады. Екі жүргізуші өздерінің лектеріне қарсы бағытта №2 және №4 аймақтарға орналасады. Әр жүргізуші допты үстімен жалғау арқылы №3 аймаққа бағыттайды, лектерде бірінші болып тұрған ойыншылар допқа жүгіріп жетіп, оны кері жүргізушіге қайтарулары керек (жоғарғы, төменгі қабылдаулар арқылы). Осы әрекеттен соң жүргізушіні айнала жүгіріп өз легінің соңына барып тұрады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Көп мөлшерде допты қабылдау мен жалғауды жүзеге асырған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор :

-допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды

- допты тордан асырып береді.

-допты төменнен тордан асырып лақтырады

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзін-өзі бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, волейбол доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш. Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/

Ойын техникасына сілтеме: http://sclubs.ru/articles/tehnika/tehnika_igry_v_volyaybol/priem_i_peredacha_myacha_v_volyaybole/

Волейболшыға арналған жаттығулар интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pyWOmLVZ6eM

Кең, бос ойын кеңістігі. Ысқырық, волейбол доптары, тор, нығыздалған доп.

Ойын ережесіне сілтеме:

http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

Дене дайындығы жаттығуларына сілтеме: http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

Ойын техникасына сілтеме: http://sclubs.ru/articles/tehnika/tehnika_igry_v_volyaybol/priem_i_peredacha_myacha_v_volyaybole/

Волейболшыға арналған жаттығулар интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pyWOmLVZ6eM

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

5мин

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Стикерлер, маркерлер, қаламдар, рефлексия парақшалары.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты барлық білім алушылар салыстыра алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу