Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Дене шынықтыру бойынша № 1 қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім - Командалық спорт ойындары арқылы өзара іс-қимыл.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні, тегі:

Сынып: 9

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Ойын техникасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.1 Спорттық ерекше іс-қимылдарды орындау кезіндегі дағдылар мен қозғалыс реттілігін біріктіру.

 Сабақтың мақсаттары

Ойында доптың төменгі және жоғарғы берілуінің дұрыс техникасын қолдануды үйрету.

 Бағалау критерийлері

- сабақта ҚТ сақтайды;

- ойында допты төменнен қабылдау және жоғарыдан берудің дұрыс техникасын біледі және қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар командалық ойындарда қажетті дағдыларды көрсете және талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология

  • қабылдау, беру
  • соққы, дәлдік, пас, беру
  • шабуыл, қорғау
  • тактика, техника, стратегия, шешім
  • қауіпсіздік, ойын ережелері
  • қорғаушы, шабуылшы ойыншы, шабуылшы, байланыстырушы
  • ойын комбинациясы.

Құндылықтар

Жеке жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттерді, өзара көмек көрсетуді дамыту.

 Пәнаралық байланыс

Ғылыммен байланыс-денсаулық және дене, қауіпсіздік, салмақ/ағымның динамикасы. Информатикамен байланыс (интернетте ақпаратты іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт және бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс істеу дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен (жылдамдық, масса, энергия).

  Кілттік дағды

Жұптық, командалық жұмыс арқылы әлеуметтік дағдыларды дамыту.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың спорттық ойындар туралы түсініктері, алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған командада жұмыс істеуге тиісті дағдылары бар.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

8 минут

Сапқа тұру. Мұғалім оқушылармен амандасады.

Сәлемдесуден кейін ол оқушылармен келесі сұрақтарды талқылайды:

- волейбол ойынында қолданылатын қандай арнайы техникалық әрекеттерді білесіңдер?

- волейбол ойынында спорттық-спецификалық техникаларды орындау кезінде қандай дағдылардың комбинациясын білесіңдер?

- ойын кезінде арнайы-техникалық әрекеттерді орындау техникасы маңызды ма?

Одан әрі мұғалім оқушыларға "Ойын техникасы" атты сабақ тақырыбын тұжырымдауды сұрайды.

Мұғалім оқыту мақсатын және бағалау критерилерін айтады.

(С) мұғалім сыныпқа сабақ тақырыбы бойынша презентацияны қарауды ұсынады.

Әрбір іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім ысқырығы.

Проектор.

Презентация.

Сабақтың ортасы

5 минут

1 минут

1 минут

1 минут

2 минут

2 минут

4 минут

4 минут

1 минут

5 минут

(С, Ж) Мұғалім сынып көшбасшысын таңдайды және ағзаны алдағы физикалық жүктемеге дайындау үшін бұлшық еттің әр түрлі топтарына жаттығу жүргізуді сұрайды (жүгіру, ЖДЖ және орнында АФД).

, ЖЖ, ҚБ) Мұғалім сыныпты (дайындық деңгейі бойынша) жұптарға бөледі.

1-тапсырма: лақтыру жаттығуларының кешенін орындау:

1. Денесін бұру арқылы жұбына нығыздалған допты лақтыру (аяқты арасын кең ашып тұру, оқушылар бір-біріне бүйірімен тұрады, доп бір оқушының қолында).

Тапсырмаға дескрипторлар:

1.ҚТ сақтайды;

2.бастарынан лақтыруды орындайды;

3.лақтыруды дәл қолға орындайды ;

4.5-7 қайталайды.

2. Алдын ала отырғаннан кейін допты бір қолмен төменнен лақтыру (аяқтарды бөлек қойып бір-біріне қарама-қарсы тұрады, бірінші оң (сол) қолмен нығайтылған допты ұстап, жұбы допты екі қолмен ұстап тұрады

және бір тастайды).

Тапсырмаға дескрипторлар:

1.ҚТ сақтайды;

2.толық отырады;

3.дәл қолға лақтырады;

4.5-7 қайталайды.

3. Допты бір-біріне лақтыру (аяқтарды бөлек қойып бір-біріне қарама-қарсы тұрады, нығайтылған доп бір ойыншының қолында кеуде тұсында).

Тапсырмаға дескрипторлар:

1.ҚТ сақтайды;

2.қолды жылдам түзетуге назар аударады;

3.алақанды алға қарай бұрады, шынтақ екі жақта;

4.лақтыруды кеуде тұсынан орындайды;

5.5-7 қайталайды.

Мұғалім диалогтық әдісті пайдалана отырып, әр жұптың формативті бағалауын қатар береді.

(С) Мұғалім оқушыларды "волейбол ойынындағы допты төменнен қабылдау және жоғарыдан беру техникасы"атты оқыту бейнесін көруді сұрайды.

Одан әрі қаралған бейнені талқылау.

 

(С, ЖЖ, ҚБ) Мұғалім сыныпты болған жұптармен қалуды сұрайды.

2-тапсырма: допты жоғарыдан беруді орындау техникасын пысықтау.

1.Допты өзінің алдынан берумен бірге жоғарыдан беру;

2.Допты жоғарыдан беру, әрбір берілгеннен кейін алға қадам жасалады (алаңның ортасына жетеді). Доп берілгеннен кейін алаң ортасынан бір қадам артқа орындалады.

3.Допты өзінің алдынан үш әдісті қолданып жоғарыдан беру.

Тапсырмаға дескрипторлар:

1.ҚТ сақтайды;

2.қабылдау алдында керекті қалпына(волейболшы тұрысына) тұрады;

3.допты беруді маңдайдан орындайды;

4.үлкен және көрсеткіш саусақтарының арасында тең үшбұрыш қалыптастырады;

5.допты қабылдау кезінде аяқтарды тізеде бүгеді.

Тапсырма 3: допты төменнен қабылдауды орындау техникасын пысықтау.

1.Допты өзінің алдынан қабылдау-берумен бірге төменнен беру;

2.Допты төменнен қабылдау-беру, әрбір берілгеннен кейін алға қадам жасалады (алаңның ортасына жетеді). Доп берілгеннен кейін алаң ортасынан бір қадам артқа орындалады.

3.Допты өзінің алдынан үш әдісті қолданып төменнен қабылдау беру.

Тапсырмаға дескрипторлар:

  •  ҚТ сақтайды;

 2.қабылдау алдында керекті қалпына (волейболшы тұрысын) тұрады;

 3.допты қабылдау кезінде шынтақтарды бүкпейді;

 4.қабылдау кезінде аяқтарды тізеде бүгеді

Мұғалім әр оқушыға мадақтау және ұсыныс беру әдісін қолдана отырып, формативті бағалау береді.

Тапсырмаларды орындау аяқталғаннан кейін мұғалімі диалогтық әдісті қолдана отыра, оқушыларды өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды орындауды сұрайды.

(С, Т, ҚБ) Мұғалім сыныпты командаларға бөледі "Волейбол"оқу-жаттығу ойыны.

Тапсырмаға дескрипторлар:

1.ҚТ сақтайды;

2.допты төменнен қабылдау және жоғарадан беру техникасын техникалық жақтан дұрыс орындайды;

3.волейбол ойынының ережелерін біледі.

Мұғалім әр командаға мадақтау және ұсыныс беру әдісін қолдана отырып, формативті бағалау береді.

Әрбір іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім ысқырығы. Нығыздалған доптар.

Проектор.

Интернет ресурсқа сілтеме:

http://scsw.ru/peredacha-myacha-v-volejbole/

Волейбол доптары.

Волейбол тіректері, волейбол торы, доптар, мұғалім ысқырығы.

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

- не білдім, не үйрендім

- не түсініксіз қалды

- немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, автоқаламдар.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Жазбалар:

С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Т = топтық жұмыс

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе

К = көрсету



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу