Әртүрлі кедергілерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 57 сабақ.
Әдістемелік материал №57
Сабақ тақырыбы: Әртүрлі кедергілерден жүгіру
Оқу мақсаты 8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;
8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру
Түсіндіріңіз «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».
Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- жаттығулардың ағзаға әсерін түсіндіре алады.
- әр түрлі кедергілерден өту арқылы арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
(Ж) «Шаттық шеңбер » әдісі өткізеді
Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады
Оқушылар тамыр ырғағын санайды.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Тапсырма 1
Оқушылар кросс жаттығулары бар этафеталық ойындар құрастырыңыз
“Аяқталмаған ой”
Бүгін мен білдім… | |
Қиындық туғызды..... | |
Мен үйрендім … | |
Енді мен … | |
Маған маңызды болып көрінді.... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру