Әртүрлі кедергілерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 57 сабақ.
Әдістемелік материал №57
Сабақ тақырыбы: Әртүрлі кедергілерден жүгіру
Оқу мақсаты 8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;
8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру
Сабақтың мақсаты :
-Әр түрлі кедергілерден өту арқылы арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете білед;
-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады.
Бағалау критериі:
-Әр түрлі кедергілердегі спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете алады;
-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
(«Бір минут » стратегиясын өткізіңіз.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?Оқушылар тамыр ырғағын санайды.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Эстафеталық жаттығулар. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Төмендегі жаттығулар жинағын орындатыңыз.
- 30 метр қашықтыққа жүгіріп келу.
- Допты жерге ыршытып алып жүріп келу
- Секіртпеде секіру
- Допты аяқтың арасына қысып секіріп барып келу.
- Тенис ракеткасымен кіші допты ыршытып алып жүру
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-30 метр жүгіре алады.
-секіртпеде секіре алады.
-доппен жаттығулар орындай алады.
-қарсыласына құрмет көрсете алады.
Саралау жүзеге асырылады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
“Аяқталмаған ой”
Бүгін мен білдім… | |
Қиындық туғызды..... | |
Мен үйрендім … | |
Енді мен … | |
Маған маңызды болып көрінді.... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру