Арнайы жаттығулардың дағдыларының техникасын бекіту. Төзімділікке арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-6 сабақ.


Сабақ жоспары/ План урока/ Lesson theme5-6

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі/Раздел программы №5 Шаңғы / Кросс/Коньки дайындығы.

Мектеп/Школа/School: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні/Дата/Date:

Мұғалімнің аты-жөні/Учитель/Teachers:

Сынып/Класс/Grade: 8

Сабақтың тақырыбы:

Арнайы жаттығулардың дағдыларының техникасын бекіту. Төзімділікке арналған жаттығулар.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Дене қасиеттерін дамытатын жаттығулардан мысалдар келтіру.

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы төзімділікті дамытатын жаттығуларды орындай алады.

Оқушылардың көбісі шаңғы жүрістерінің дағдыларын бекіте алады.

Оқушылардың кейбіреуі арнайы жаттығуларды құрастырып, көрсете алады.

 Бағалау критерийлері:

  • Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
  • Шаңғы дайындығының сапасын жақсарту.
  • Жаңа жаттығуларды орындай отырып, өздерінің шеберліктерін жетілдіру.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар: денсаулықты нығайтуда физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаңғы, шаңғымен адымсыз жүру, аттап бұрылу тәсілдері, сырғанау адымдары, шаңғымен тұру әдістері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сіздердің көңілдеріңізге және жақсы хал-жайларыңызға қандай дене жаттығулары әсерін тигізеді?
  • Қандай ішкі мүшелері қосымша жүктеме алады?

 Құндылықтарды бойға сіңіру.

 

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

 Пәнаралық байланыс.

Анатомия

 АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=UJ0Byx8JRqA

 Алдыңғы білім.

Бұрыңғы шаңғы дайындығының сабақтарынан алған білім.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 15 минут

Оқушылардың жиыны. Оқу мақсаттарын жету үшін сабақтың критерийлерін хабарлау. Мұғалім оқушыларға мынандай сұрақтар қояды: сіздердің көңілдеріңізге және жақсы хал-жайларыңызға қандай дене жаттығулары әсерін тигізеді? Қандай ішкі мүшелері қосымша жүктеме алады?

Кроссфита тәріздес денені қыздыру:

20 метрге жүгіру.

5 рет отырып, тұру.

20 метрден қайта айналып жүгіру.

5 рет жоғарға секіру.

Денені қалыпқа келтіру. Ептілікке арналған ЖДЖ орнында орындалады. Мұғалім оқушылардың дұрыс орындауын қадағалап отырады.

Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық.

Сабақтың ортасы

16 – 75 минут

Оқушылардың жиыны. Мұғалім: неге шаршау пайда болады? Оқушылар анатомиядан алаған білімдері арқылы жауап береді. Мұғалім: қалжырауды қалай болмау керек? Сұрақ талқылайды.

Шаңғыны киіп, таяқсыз, алмакезек жүрісін жетілдіреді. Бірмезгілде, бір адымды жүрісті еліктеу техникасын үйренеді. Орындау техникасына мұғалім өзгертулер еңгізіп отырады.

Төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар:

Адымсыз жүру

Бір адымды жүрістер.

Алмакезек, екі адымды жүрістер.

Саралау: арнайы белгілі бір мүшеге жүктеме жасау.

Әр жаттығулар қарқынды қалыпта, 4 минут бойы орындалады.

Талқылап және өзара бір-бірін бағалау.

Мұғалім оқушыларға тапсырмалар береді: аяқ және бел мүшесін төзімділігін дамытуға арналған жаттығуларды ойлап, көрсету. 6 минут бойы шаңғымен жүріп өту. Міндет: өздеріне ыңғайлы шаңғы жүрістерімен, алысырақ жүру.

Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы.

Сабақтың аяғы

76 – 80 минут

Оқушылардың жиыны. Шаңғы және шаңғы инвентарларын тапсырады. Сабақтың қортындысын талқылау.

Шаңғы базасы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

• Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

• Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

• Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу