Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi тақырыптарына есептер шығару. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Деңгейлік есептер
1- деңгей
1-топ:
№1 есеп
Кенеттен молекулалар арасында тартылыс күші жойылса, ыдыстағы газ қысымы қалай өзгереді? (жауап: артады)
№2 есеп
Оттек молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 400м/с және 1 см3көлемдегі молекулалар саны 2,7*1019 болса, ыдыс қабырғаларына оттек қандай қысым түсіреді?(жауап: 7,7*104Па)
№3 есеп
Сыйымдылығы 50л баллонда қысымы 6*106Па, мөлшері 0,12 кмоль бір атомды газ бар. Газ молекуласының жылулық қозғалысының орташа энергиясын анықтаңдар.(жауап:4,2*10-15Дж)
2-топ:
№4 есеп
Сутек және оттек молекулаларының орташа квадраттық жылдымдықтары сәйкесінше 1890 м/с және 460 м/с болғандағы олардың молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын салыстырыңдар.(жауап: бірдей)
№5 есеп
Газдың массасы 3,0г, көлемі 0,50л, молекулалардың 500м/с. Газ молекуласы ыдыс қабырғаларына қандай қысым түсіреді?(жауап: 5,0*105Па)
№6 есеп
Біратомды газдың көлемін 3 есеп кемітіп, оның молекуласының орташа кинетикалық энергиясын 2 есе арттырсақ, газ қысымы неше есе өзгереді?(жауап: 6есе)
3-топ:
№7 есеп
Аргон атомының орташа кинетикалық энергиясын 50% -ға арттырсақ, оның температурасы неше есе өзгереді?(жауап: 1,5 есе артады)
№8 есеп
Теледидар ішіндегі газ қысымы 10-9атм. Бөлме температурасындағы 1см3 көлемдегі молекулалар саны неше?(жауап: 2,5*105см-3)
№9 есеп
Температурасы 200С және қысымы 250кПа болатын көлемі 480см3 ыдыстағы газ молекуласының санынын анықтаңдар.(жауап:3*1021)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру