№ 1 зертханалық жұмыс.«Шынының сыну көрсеткішін анықтау». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Жарық құбылыстары | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | № 1 зертханалық жұмыс.«Шынының сыну көрсеткішін анықтау» | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.5.1.9–экспериментте шынының сыну көрсеткішін анықтау; 8.5.1.10– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс:
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар білуі тиіс: Жарықтың түзу сызықты біртекті ортада таралуы, сынуы, шағылуы. Жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтай біледі; сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстырып, эксперимент нәтижесін бағалай алады.Олардың өлшеу қателіктерін анықтай алады; Пәнге тән лексика мен терминология: Сәуле, жарық, сыну, шағылу, сыну көрсеткіші, жарық жылдамдығы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жарықтың сынуы деп ... Сыну көрсеткіші дегеніміз ... Сыну заңы бойынша .... | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ жұпта, топта жұмыс жасай алу, ұйымшылдық, ынтымақтастық және жауапкершілік, өз бетімен жұмыс жасай білу құндылықтарын дамытуға бағытталған. Игерген білімдерін өмірде қолдану. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия, түсу және шағылу бұрыштары.Өлшеу нәтижелерінің мәндерін калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, салыстырмалы қателікті есептеу және математикалық есептеулер жүргізу. | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Айналар, сәуле, жарық, энергия, сыну | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-4 мин 4-10 мин 10-17 мин | 1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. Қайталау сұрақтары: Ауызша есептер: 1. Түсу бұрышы 600. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 2. Түсу бұрышы 350. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы қаншаға тең? 3. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы 600. Айнамен түсу сәулесінің арасы қанша градус? 4. Айнамен түсу сәулесінің арасы 300. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 5. 450 бұрышпен түскен сәуле алмастан өткенде бағытын көбірек өзгерте ме, әлде шыныдан өткенде ме? 2. Ой қозғау. Неліктен қасық ауа су шекарасында сынғандай көрінеді?Презентация арқылы сыну заңы, шағылу заңы, сыну көрсеткіші тақырыптары бойынша алған білімдерін қайталау. 3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:жарықтың сыну құбылысын түсіну, қолдану дағдыларын дамыту; жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау дағдыларын дамыту; сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалай білуі тиіс. 4.Есептер шығару (Есептің берілгенін интербелсенді тақтаға жазып қою.) 1-ші топ 1. Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Вакуумдағы сыну көрсеткіші 1-ге тең. Алмастағы сыну көрсеткіші 2,42-ге тең. 2. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 300. Ауаның сыну көрсеткіші 1-ге тең. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар. 3. Егер лағыл тас үшін толық шағылудың шекті бұрышы 300-қа тең болса, лағыл тастың сыну көрсеткішін анықтаңдар. 2-ші топ 1. Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар. 2. Сәуле судан шыныға өтеді. Түсу бұрышы 450. Сыну бұрышын табыңдар. 3.Ортаның сыну көрсеткіші 1,5. Осы ортадажарықжылдамдығы неге тең? | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 17-36 мин | 5.Сабақты бекіту.Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Шынының сыну көрсеткішін анықтау». Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау. Теориялық түсінік: Әртүрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болғандықтан, жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы байқалады. Сыну заңы бойынша . Төменде шынының сыну көрсеткішін анықтаңдар. Жұмыстың барысы:
Бағалау критерийлері:
| Таратпа материал Қосымша1 Құрал-жабдықтар: жазық параллель шыны пластина, шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңылауы бар экран, транспортир. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
| 6.Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. «Таңдау» әдісінде 3 пікір жазылған парақ беріледі. 1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды. 3. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін. Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: 7. Үйге тапсырма: Жарықтың сыну заңына есептер шығару.
| Қосымша2 | |||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру. | Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру. Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру. | Зертханалық жұмыс жасау барысындатехника қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы жауабы
1 | n=0,8. v=3.75*108м/c |
2 | n=1,33. v=2,25*108м/c |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру