Миелинденген нейрон жасушасындағы әрекет потенциалы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні:______________________________________сынып______________
ОМ: 10.1.7.1 миелинденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру
Тапсырма-1
а)Берілген 1.1 суретте қандай жүйке жасушасы бейнеленген __________________________
Сурет 1.1
в) Нейронның құрылысын белгіле
1-
2-
3-
4-
5-
6-
7-
8-
с) Нейронның атқаратын қызметі үшін миелин қабатының маңызын сипатта:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Миелинді талшықтар
Қозудың таралуы секірмелі (сальтаторлы) түрде жүреді, себебі ӘП қозу күйіндегі және одан кейінгі тыныштық күйдегі Ранвье үзілістері арасында туындайды.
Тапсырма-2
а) Барлық аксондар миелинденген бола ма? Жауабыңды түсіндір.Мысал келтір.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
в) Бақаның диаметрі 3,5 миелинді аксоны қозуды 30м/с, ал мысықтың тура сондай диаметрлі аксоны қозу толқынын 90 м/с жылдамдықпен өткізеді. Себебі:
А) Қозғалысы әсер етеді;
В) Дене температурасы әсер етеді;
С) Өте сақ болуына байланысты.
Тапсырма -3
Берілген кестеден миелинді және миелинсіз нейрондардаға сәйкес келетін сипаттамаларды анықта. Берілген сандарды кестедегі сәйкес орынға теріп жаз.
Миелинді | Миелинсіз |
- Қалың май қабаты бар
- Электр импульстардың өту жылдамдығы 70-120 м/сек
- Электр импульстардың өту жылдамдығы 0,5 м/сек.
- Жұқа жіңішке талшықтар
- Қозудың таралуы секірмелі
- Невриллемамен қапталған
- ӘП қозу күйіндегі және одан кейінгі тыныштық күйдегі Ранвье үзілістері арасында туындайды.
- Қозған және қозбаған үлескілер арасында пайда болатын бір орындағы (жергілікті) қозудың көмегімен іске асады.
- Вегетативті жүйке жүйесіне және омыртқасыз жануарларға тән
- Оталық жүйке жүйесіне және омыртқалы жануарларға тән
Тапсырма-4
Жүйке импульстарының берілуі
Тыныштық потенциалы немесе мембраналық потенциал тыныштық күйдегі жасуша мембранасының сыртқы бетінің оң электр зарядты, ал ішкі бетінің (цитоплазмасының) онымен салыстырғанда теріс электр заряды болатындығынан туатын айырманың нәтижесі.
а) Берілген 4.1 суретте мембраналық потенциал бейнеленген. Натрий және калий иондарын суретке белгіле.
Сурет 4.1
в) Берілген сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтыр.
Na мен K иондарының тасымалы жүзеге асу үшін қажет _________________________
Na мен К насосында Na-ді байланыстыратын ________ үлескі, ал К-ді байланыстыратын ___________ үлескі бар. Тыныштық жағдайында жасуша мембранасының ішкі жағында (цитоплазмада) оның сыртқы ортасымен салыстырғанда ___________ 30-50 есе көп, __________ 8-10 есе аз.
Тапсырма-5
1949 жылы Ходжкин мен Катц натрий ионының кальмар аксонының әрекет потенциалына әсерін зерттеді. Теңіз суының қалыпты ерітіндісінің әр түрлі концентрациясына салынған аксонның жасушасынан, микроэлектрод көмегімен әрекет потенциалының қисығын тіркеп отырды. Тәжірибенің нәтижесі төмендегі графикпен берілген. Қалыпты теңіз суы мен сұйытылған 1:2 және 1:3 теңіз суларының қайсысына қисықтар сәйкес келеді. Бұл ерітінділердің әрекет потенциалына әсерін түсіндіріп, дәлелді жауап бер.
Тапсырма-5
а)Егер мембрананың өткізгіштігі калий мен натрий ионына біруақытта жоғарыласа онда бұл үрдіс әрекет потенциалына қалай әсер еткен болар еді.
a) Өзгеріссіз қалады;
b) Табалдырықты күш түседі;
c) Табалдырықтан жоғары күш түседі.
в) Жауабыңды түсіндір:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру