Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 10.3 В Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
СЫНЫП: 10 (ЖМБ) | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу. | ||
Сабақ мақсаттары | модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу. | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тілдік мақсаттар
| Арнайы пәндік лексика мен терминология: Өзгергіштік, генотип, фенотип, тұқымқуаламайтын (модификациялық, фенотиптік) өзгергіштік, реакция нормалары, бейімделу. Модификация, сапалы және сандық белгілер, вариациялық қатар, варианта, вариациялық қисық. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Өзгергіштік болу мүмкін ... Модификациялық өзгергіштік ерекшеленеді ... Тұқымқуалайтын өзгергіштіктен тұқымқуаламайтын өзгергіштіктің ерекшелігі... Модификациялық өзгергіштіктің белгілері ... | ||
Құндылықтарды дарыту (АЖ) | Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру. Тұрмыстық тұтыну мен өндірістерге жауапкершілікті арттыру. | ||
Пәнаралық байланыстар | Математика- қисық сызықтар. Статистикалық көрсеткіштер. | ||
Сыни тұрғыдан ойлау | «Ой қозғау», «жуан және жіңішке сұрақтар» | ||
Бастапқы білім | Тұқымқуалайтын белгілер. Модельдеу «Адамның тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілерін зерттеу» . Эволюцияда өзгергіштік пен тұқымқуалаушылықтың рөлі. Өзгергіштік пен қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделу арасындағы байланыс. | ||
Жоспар | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 0-5 6-8 | 1.(W) Ұйымдастыру кезеңі. Ой қозғау: мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөледі (сыныпта қанша оқушы бар екеніне байланысты) және оқушылар топта жағдайдың сипаттамасы берілген картачкаларды оқып, сұрақтарға жауап береді. Топтың бір мүшесі жағдайды басқа топтарға айтады және сол сұрақтарды оларға қояды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: тірі ағзалардың өзгерісті қасиетері қалай аталады. КБ: мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды. 2. (W) Мұғалім сабақ барысында қарастырылған барлық жағдалар модификациялық өзгергіштікке жатады екендігі туралы айтады. 3. (W) Оқушылар сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды. Оқушылар бағалау критерийлерін талқылайды. | Мысалдар №1,№2,№3,№4,№5 MS PowerPoint | ||
Сабақтың ортасы 9-15 16-38 | 1. (W) Мұғалім оқушыларға «өзгергіштік» термині бойынша анықтама беруін ұсынады. Оқушылар тақтадан өз дәптеріне «өзгергіштік» терминнің анықтамасын жазады. Өзгергіштік деп ағзалардың даму онтогенезінде жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттігін айтады. Бұл барлық тірі организмге тән қасиет. Оқушыларды өзгергіштік классификациясымен таныстырады. Яғни осы сабақта тек бір ғана өзгергіштіктің түрі –модификациялық өзгергіштікпен танысамыз. 2.(G) Мұғалім жұпта отырған оқушыларға модификациялық өзгергіштіктің анықтамасын қарастыруды ұсынады. КБ: мұғалім әр жұпқа қажетті жерде көмек көрсетеді. Оқушылар бұл ақпаратты слайдта берілген ақпаратпен байланыстырады. Модификациялық өзгергіштік деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуін, осылай фенотиптің өзгеруін айтады. Берілген анықтаманы оқушылар өз дәптерлеріне жазады. 3.(W) сынып оқушылары бір-біріне жақындап модификациялық өзгергіштікке мысалдарды тауып өз дәптерлеріне жазады (мысалдар сабақ басында оқытылды). 4. (W) Индивид формаларының өзгерісі- варианттар деп аталады. Берілген мысалды оқыған соң, оқушылар талдау жұмысын жүргізеді. 5.(W) Мұғалім оқушыларды бойылары бойынша бір қатарға тұруға ұсынады. Мұғалім оқушыларға «Жуан және жіңішке» сұрақтар қояды:
Вариациялық қатар деп – берілген мәндердің бір қатарда кішіден үлкенге қарай көрсететін сандар қатары. Мұғалім оқушыларға тексеру жұмыстары мен өз білімдерін жеке бағалауды ұсынады. Б: мұғалім оқушыларға тексеру жұмыстары мен өз білімдерін жеке бағалауды ұсынады. | Презентация MS PowerPoint Тексеру жұмыстары | ||
Сабақтың соңы 39-40 | Рефлексия Түсіндім … Түсінбедім … Сұрағым бар … | |||
Қосымша ақпарат | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Барлық оқушылар: -модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттейді. Көпшілік оқушылар: -белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатар мен қисықты құрастырады. Кейбір оқушылар: -кейбір статистикалық көрсеткіштерді есептей алады. | Сабақтың барысында барлық жұмыстар бағаланады, зертханалық жұмыстар бағаланады, өзіндік жұмыс кезінде қалыптастырушы тапсырмаларды орындау кезінде бағаланады. | Оқушылардың көргіштігіне назар аудару. Оқушылардың сымбаттылығын қадағалау. Кабинеттің қауіпсіз техникасын сақтау. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру