Көмірсулардың классификациясы: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың химиялық құрылымы, қасиеттері мен қызметтері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

САБАҚ:

Мектеп: ФМБ НЗМ Ақтөбе қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Успанова Гулназ Боранбаевна

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көмірсулардың классификациясы: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың химиялық құрылымы, қасиеттері мен қызметтері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылар:

10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы мен қызметтері бойынша жіктеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Көмірсуларды құрылымы мен қасиеті бойынша жіктей алады;

Көмірсулардың полимеризация реакциясының ерекшеліктерін атайды.

 Бағалау

 критерийлері

Көмірсуларды құрылымы, құрамы мен қызметтері бойынша жіктей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Көмірсулардың құрылымы мен қызметін ауызша сипаттай алады.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Органикалық заттар, моносахаридтер, дисахаридтер, олигосахаридтер

Көмірсулардың жалпы формуласы …

Құрылымы бойынша көмірсулар … болып жіктеледі

Қасиеті бойынша көмірсулар … болып жіктеледі

Молекуладағы көмірсу атомының саны бойынша моносахаридтер … болып жіктеледі.

Гликозидтік байланыс … арасында құрылады.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Адалдық, үздіксіз оқу, үштілділік ,денсаулық ,жауапкершілік.

Құндылықтарды дарыту мәтінмен жұмыс жасау барысында (үздіксіз оқу) жүзеге асады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Пән

Химия

Кезең

Демонстрациялық жұмыс

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентацияны қолдану

Модельдеу

Бастапқы білім

Жасушаның химиялық құрамы-8 және 9 сынып

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-1

 1-5

Ұйымдастыру кезеңі

Миға шабуыл

Демонстрациялық жұмыс

Х ерітіндісіне йод тамшысын тамызу. Түстің өзгерісін қарау.

Сұрақ:

1.Х ерітідісі қандай ерітінді?

(Жауап:Крахмал)

2.Крахмал қандай органикалық затқа жатады?

(Жауап: Көмірсу)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Крахмал, йод, тамшуыр

Слайд 1-2

5-25

Тапсырманы орындауға 15 мин, талдауға 5 мин

25-40

40-50

50-60

 

 

 

 

 

 

 

60-70

70-75

Тапсырма-1. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып отырып, тапсырманы орындау.

Тапсырма -1.

1.__________________ деп молекуласында бір карбонил (альдегид немесе кетон) және бірнеше гидроксил топтары бар қосылыстарды атайды.

2.____________ тобы бар моносахаридтер альдоздар, ал ___________ тобы бар моносахаридтер кетоздар деп аталады.

3.Көмірсулар молекуласындағы көміртегі атомының санына байланысты былай бөлінеді:

3 көміртегі атомы болса - ___________– глицеральдегид және диоксиацетон;

4 көміртегі атомы болса - __________ – эритроза және эритрулоза;

5 көміртегі атомы болса - __________ – рибоза және рибулоза;  

6 көміртегі атомы болса -___________ – глюкоза және фруктоза.

4.______________  деп гидролиздегенде екі молекула моносахаридтерге ыдырайтын көмірсуларды атайды.

Олардың жалпы формуласы ____________.

Сахароза+Н2О→  _____________+___________

Лактоза+Н2О → _______________+__________

Мальтоза+Н2О→  ______________+_________

5.________________  деп гидролизденгенде n - молекула моносахаридтерге ыдырайтын жоғары молекулалық көмірсуларды атайды.   Полисахаридтердің маңызды өкілдеріне __________, _____________, ______________  жатады. Жалпы формуласы (С6Н10О5)n.

6. Тотығу реакциясы. Барлық гексоза - альдозалар жеңіл тотығады. Олар альдегидтер сияқты күміс айна реакциясына түседі және Фелинг сұйығын тотықсыздандырып қызыл түсті ________________ береді.

Тапсырма 2. Модельдеу.

1.Жеке жұмыс – глюкозаның модельін құрастыру

2.Жұптық жұмыс – дисахаридтің (мальтозаның) модельін құрастыру

3.Топтық жұмыс – полисахаридтің модельін құрастыру (крахмал).

Бағалау критерийлері:

1.Модель дұрыс құрастырылу қажет

2.Уақытты сақтау

Тапсырма 3. Сәйкестендіру (жұптық жұмыс)

Көмірсулардың класы бойынша формуласы мен биологиялық маңызын сәйкестендіру.

Тапсырма 4. Жеке жұмыс

Бинго ойыны

Ой түйін

Көмірсулардың қызметтерінің негізінде қолданылу бағыттарын шығару.

Қосымша 1

Слайд 3-4

Оқушыларға молекулалардың коллекциясы беріледі.

Слайд 5-8

Қосымша 2

Слайд 9

Қосымша 3

Слайд 10

Презентация

Слайд 11

75-80

РЕФЛЕКСИЯ

«+ - қызықты»

+не ұнады

-не түсініксіз болды

Қызықты – не еске сақталды

Үйге тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=vgqNuV38QKI

Бейнероликті қарап отырып, конспект жасау

Слайд 12

Слайд 13

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

АТК байланыстар

Құндылықтармен байланыстар

Кейбір оқушылао нұсқауларды нақты сақтайтын болады. Жұптық жұмыс тәжірибені орындау кезіндегі қателерді болдырмауға көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушылар қыздыру кезіндегі температура мен уақыт өзгерістерін нақтырақ бақылайтын болады, сол арқылы редуциялайтын қанттар мен Бенедикт ерітіндісін қыздыру кезінде түстердің үлкен палитрасын бөліп көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар:

Осы тәжірибеде қолданылатын реактивтер химиямен пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді.

Глюкоза, мальтоза, крахмалдың модельдерін құрастыру.

Тіршілік қызметінің қауіпсіздігі:

Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін ұстану.

АКТ байланыстар:

Презентацияда мәліметтер беріледі.

НЗМ құндылықтарымен байланыс:

Жұптық, топтық жұмыс достастықты дамытады.

Қарым-қатынас дағдылары әріптесімен жұмыс және сұрақтарға жауап беру арқылы дамытылады.

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Өзін-өзі бағалау:

1.мәтінді оқып отырып, тапсырманы орындау барысында;

2.жеке тапсырманы орындау барысында жүзеге асады.

Топтық бағалау:

модельді құрастыру барысында жүзеге асады.

Жұптық бағалау:

сәйкестендіру тапсырмасын орындау барысында жүзеге асады.

Ой толғаныс

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Жоспарланған саралау тиімді болды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жиынтық баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу