Іштей сызылған бұрыштар және қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2 B бөлім: Шеңбермен байланысты бұрыштар | Мектеп: Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:. | |||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Іштей сызылған бұрыштар және қасиеттері | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.3.1.3 іштей сызылған бұрыштар ұғымдарын және қасиеттерін біледі; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | іштей сызылған бұрыштар ұғымдарын және қасиеттерін біледі | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология
шеңбердегі пропорционал кесінділер. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||
Бастапқы білім | Шеңбер , центр, доға, бұрыш ұғымдарын біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы Ұ және М 5 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу. 3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут 5минут | Оқушыларға шеңбер мен бұрыш бейнеленген екі сурет ұсыныңыз, мұндағы бұрыш мөлдір пленкада бейнеленеді. Шеңбер мен бұрыштың өзара орналасуының мүмкін жағдайларын фигураларды бір-біріне беттестіру арқылы зерттеуді оқушыларға ұсыныңыз. Шеңбер мен бұрыштың өзара орналасуы, бұрыш қабырғалары мен бұрыш төбелерінің шеңберге қатысты орналасуына байланысты екенін қорытындылаймын. Оқушыларға бұрыштарға атау беруін ұсыныңыз. Осы бұрыштарды оқушылар берілген тарауда оқиды. Білімлендтен видео ролик көрсету. Оқушыларға әртүрлі үлестірмелерді беремін.
Оқушылардан ABC бұрышы қалай аталады?- деп сұраңыз. Ал АОС бұрышы ше? Оқушыларға ABC және AOC бұрыштарын транспортир көмегімен өлшеуді ұсыныңыз. Оқушылар АС доғасының градустық өлшемін тапсын және топта нәтижелерімен бөліседі. Жарты шеңберден үлкен және жарты шеңберден кіші АС доғасына назар аударыңыз, оқушыларды іштей сызылған бұрыш теоремасын дәлелдейді. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топ 1. Бір доғаға тірелген іштей сызылған бұрыштардың тең екенін дәлелдеңіз. Топ 2. Жартышеңберге тірелген іштей сызылған бұрыштардың тік екенін дәлелдеңіз. Бағалау: оқушылармен бірігіп дайындаған критерий бойынша топтар бір-бірін бағалайды bilimland.kz сайтына кіріп жеке тапсырма орындайды https://bilimland.kz/ru/subject/geometriya/9-klass/ugly-vpisannye-v-okruzhnost | Геометрия 9. Шыныбеков А.Н. Учебник для 9 класса общеобразовательной школы. – Алматы: Атамұра, 2015. – 221 с. ISBN 9965-34-252-0 | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | 1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмыстану қажет 2. Бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау 3. Үйге тапсырма: шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады тақырыбын қарастырып келу | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылар үшін С деңгейінің тапсырмалары қосымша беріледі. Олармен жеке жұмыс жүреді және кері байланыс орын алады. | Сабақ барысында оқушыларға бірдей тапсырмалар беріледі. Әрбір оқушыға жеке кері байланыс жүргізу барысында деңгейлерін анықталады. Дейгейіне сай тапсырмалар орын алады | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. Сабақ барысында кішікірім денені шынықтыруға арналған жаттығуларды жүргізу. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру