Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып, шеңберлердің радиустарын табу формулалары. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Үшбұрыштарды шешу

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып, шеңберлердің радиустарын табу формулалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарласамына сілтеме)

9.1.3.8

іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( – үшбұрыштың қабырғалары, – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының ( мұндағы – іштей сызылған шеңбер радиусы, көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар әртүрлі үшбұрыш түрлеріне сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарын таба алады. Үшбұрыштардың аудандарының формулаларынан радиустарды табу формулаларын қорытып шығара алады.

Бағалау критерийлері

Есептер шығару барысында үшбұрыш түрлерінің (тікбұрышты, тең қабырғалы, теңбүйірлі, әртүрлі қабырғалы) аудандарын табу формулаларын өздеріне алдыңғы сабақтардан белгілі формулалар мен теңдіктерді қолданып қорыта білу. Үшбұрыштарға сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарын таба алады. Ол формулаларды шатаспай қай кезде қолданылатындығын есте сақтау. Қолданбалы есептерді шығара білу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сабаққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін айта алады. Мұғаліммен немесе жұпта формуланы түсінгенін тексеру үшін ауызша сұрақтар құрастыра алады.

Аудан, тікбұрышты үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, әртүрлі қабырғалы үшбұрыш, Герон формуласы, радиус, сырттай сызылған шеңбер, іштей сызылған шеңберлер радиустары.

Radius –радиус

Inradius–ішкі немесе кіші радиус

Circumradius - сыртқы немесе үлкен радиус

Area – аудан

Parallel line – параллель түзу

Perpendicular – перпендикуляр

Rectangle – тіктөртбұрыш

Equilateral triangle –тең қабырғалы үшбұрыш

Angle –бұрыш

Pythagorean Theorem – Пифагор теоремасы

Heron’s Formula – Герон формуласы

Perimeter – периметр

square root – түбірлер

altitude - биіктік

Triangle – үшбұрыш

Right triangle – тікбұрышты үшбұрыш

Length - ұзындық

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу.

Пәнаралық байланыстар

Информатика, сызу, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта. Тақырыпқа арналған презентация, топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар, топқа бөлу үшін арнайы қағаздар. Рефлексиялық оқушылар толтыруға арналған қағаздар.

Бастапқы білім

көпбұрыштың ауданы ұғымы мен оның қасиеттерін біледі;

төртбұрыштар (шаршы, тіктөртбұрыш, параллелограмм; табаны мен оған түсірілген биіктігінің көбейтіндісі, қабырғалары мен оларың арасындағы бұрыштың синусы көбейтіндісі , ромб: диагональдарының жарты көбейтіндісі) аудандарының формулаларын қорытып шығарады және оларды қолданады;

үшбұрыш ауданының формуласын (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарты көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады;

Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;

Барлық үшбұрыш түрлерінің аудандарын біледі. Шеңберлердің аудандарын біледі.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар кез келген үшбұрыш түріне сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарының формулаларын қорытып шығара алады. Есептер шығаруда формулаларды қолдана біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

15 минут

Сабақтың ортасы

15 минут

20 минут

15 минут

Сабақтың соңы

5 минут

І.Ұйымдастыру:

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)

ІІ.Өткен материалдарға шолу:

Оқушылардың үй тапсырмасын орындағандарын қадағалау, тексеру. Алдыңғы сабақта өткен формативтік жұмыстың қорытындысын айту. Нашар шығарылған есептерді қайта тақтаға шығарып көмек ретінде көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені айту.

Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып, шеңберлердің радиустарын табу формулалары.

Оқушыларды шеңберге іштей сызылған тікбұрышты үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыштарды таңдайды.

Бүгінгі сабақта оқушылар мектепке кіретін баспалдақтан өтеді. Әрбір басқышты басып өтулері керек. Ол үшін оқушылар жеңілден бастап қиынға қарай қадам басады. Бірінші басқышта оқушыларға тікбұрышты үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табуды үйренеді.

Екі мысал көресетіліп, өздеріне орындауға екі есеп беріледі. Әр топ жеке – жеке орындайды. Барлық командалар шығарып болғаннан кейін келесі басқышқа көтеріледі.

Келесі басқышта әртүрлі қабырғалы үшбұрышқа сыртай және іштей сызылған шеңбердің радиусын табу формуласы түсіндіріліп, есептер, мысалдар мен тапсырмалар беріледі. Келесі басқышта жалпы үшбұрыштарға арналған түсініктер айтылып GEOGEBRA программасымен үшбұрыш түрі көрсетіледі. Теңбүйірлі, тең қабырғалы үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлерге қатысты есептер шығарады. Соңғы төртінші басқышта оқушылар топтық жұмыс жасайды. Жинаған білімдерін пайдаланып есептер шығарады.

ІV Cабақты қорытындылау

Оқушыларға рефлекция сұралады. Оқушыларға қағаздар үлестіріледі.

Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсенді қатынасқын команда мүшелері, белсенді қатысқан оқушылар материалды толық түсінсе жеткілікті деп бағаланады. Әрбір топ сабақ барысында жұлдызшалар жинап отыратындықтан сабақ соңында көп жұлдызша жинаған команда жеткілікті деп бағаланады.

V Үй тапсырмасы:

Оқушыларғаәртүрлі үшбұрыш түрлеріне сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарын табуға есептер беру.

Бекбоев, Абдиев

8 сыныпқа оқушыларына арналған оқулық

Геометрия. 7—

9 классы : учеб. для общеобразоват. уч-

Г36 реждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев

и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с.

Презентация

Герон формуласынаесептершығару:

http://jwilson.coe.uga.edu/emt725/heron/heron.html

интерактивтіүшбұрыш:

http://www.shodor.org/interactivate/activities/TriangleExplorer/

Интерактивті жанама бағдарлама:

http://nlvm.usu.edu/en/nav/frames_asid_289_g_2_t_3.html?open=activities&from=category_g_2_t_3.html

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ барысында баспалдақтан өту арқылы сабақтың мақсатына жетулері керек. Ол үшін топ топ болып кезектесіп есептер шығарады.

Топтық жұмыс. Оқушылар топ – топ болып есептер шығарады. Әрбір топқа жұлдызшалар беріледі. Көп жұлдызша жинаған команда жеңіске жетеді.

Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды. Презентация қарауға парта мен экранның арақашықтығы гигиеналық талаптарға сәйкес орнатылған.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу