Дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Адам қанындағы эритроциттер саны көп, олар ядросыз, пішіні екі жағы қысыңқы ойыс дискі тәріздес болып келеді. Бұл адамның тіршілік әрекеттерінің күрделенуіне байланысты газдар диффузиясының жылдамдығын арттыруға деген бейімделушілік. Ал бақа қанының эритроциттерінің саны аздау, ядролы, пішіні дөңес дискі тәріздес болып келеді. Оларда газдар диффузиясының қарқындылығы төмен. Сондықтан бақаның тіршілік әрекеттері баяу болып келеді.

Орақпішінді эритоциттердің пішіндері өзгергендіктен олардағы газдар диффузиясы баяу жүреді. Ондай эритроциттері бар адамдарда оттегі жетіспеушілік байқалады. Бұл мутацияның салдарынан дамитын ауру.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Оқушыларға микроскоппен жұмыс жасау микропрепараттармен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Зертханалық жұмыс барысында оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білуі, уақытты тиімді пайдалана білуі, өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыра алуына назар аударылады. Оқушылардың зерттеу және талқылау сұрақтарын құрастыруы кезінде ғылымилық, дәйектілік, нақтылығы бағаланады. Зерттеу сұрақтарының үлгілері: бақа мен адам қанындағы эритроциттер бірдей ме?

Бақа мен адам қанындағы эритроциттердің айырмашылықтары қандай?

Талқылау сұрақтарының үлгілері: Неліктен бақа қанындағы эритроциттерде ядросы болады? Оның бақаның тіршілігіндегі салдары қандай? Бақа эритроциттерінің дөңес дискі пішінді болуының газдар диффузиясына әсері қандай?

Бақа мен адам эритроциттерінің қайсысында газдар диффузиясы жылдам жүреді? Неліктен?

Эритроциттердің саны мен пішіні және онда ядросының болуы олардың қызметтеріне қалай әсер етеді?

Жануарлар эритроциттерінің әртүрлі болуының себебі неде?

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Зертханалық жұмыс барысында оқушылардың зерттеушілік дағдылары бағаланады.

Зертханалық жұмыс парағына әр оқушыға жеке кері байланыстар ұсынылып, алдағы уақытта жұмысты жақсартуына көмек көрсетіледі.

Оқушылардың талқылау сұрақтарына толық әрі фактілерге негізделіп дәлелдер келтірулеріне назар аударылады.

  • Саралау тапсырмалары

Кейбір оқушыларға 2-қосымшадағы орақ пішінді және қалыпты эритроциттердің суреттері бойынша салыстырып қорытынды жасау тапсырмасы ұсынылады.

  • Орақпішінді эритроциттердің пішіндерінің өзгеруіне байланысты олардың диффузия жүретін беттік ауданы азаяды.
  • Құрамындағы гемоглобиннің формасы да өзгеретіндіктен газдар аз тасымалданады.
  • Осындай эритроциттердің болуынан адамның тіршілік әрекеттері толыққанды болмайды.
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері
  • Адам эритроциттерінің ядросыз болуының маңызы неде?

Гемоглобиннің көп мөлшері сиятындай орынның болуы арқылы диффузия жылдамдығын арттыру.

  • Бақа эритроциттері ядролы болуының ағза тіршілігіне әсері қандай?

Эритроцитте ядроның болуынан ондағы гемоглобин мөлшері де аз болады. Сондықтан бақа сүтқоректілерге қарағанда баяу қозғалады, тіршілік әрекеттері тұрақты емес, мысалы дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді.

  • Адам эритроциттерінің адамның тіршілік әрекеттерімен байланысы қандай?

Эритроциттер ағзаны оттекпен қамтамасыз етеді. Оттек мөлшері жеткілікті болғанда жасушалардағы энергия мөлшері де жеткілікті болады. Адамның тіршілік әрекеттері әлдеқайда белсенді. Бұл адамның қоршаған орта өзгерістеріне бейімделушілігін арттырады.

  • Эритроциттердің пішіні неліктен екі жақты қысыңқы болып келеді? Жауабыңызды негіздеңіз.

Эритоциттердің екі жағы қысыңқы болуы оның газдар диффузиясының жүруіне қолайлы беттік ауданды ұлғайтады.

  • Адам қаны мен бақа қанының эритроциттерінің қайсысы оттегін көп тасымалдайды? Себебін түсіндіріңіз.

Адам эритроциттері саны көп, ядросыз, және екі жағы қысыңқы диск пішінді болуына байланысты көбірек оттек тасымалдайды.

Критерий:

бақа мен адам қанының эритроциттерінің ерекшеліктерін анықтайды

Дескрипторлар:

1. Адам және бақа эритроциттеріне тән ортақ белгілерді анықтайды

2. Адам және бақа эритроциттерінің айырмашылықтарын анықтайды

3. Адам және бақа қан жасушаларының суретін салады

4. Адамның эритроциттері бақа эритроциттерінің ерекшеліктеріне қарай қорытынды жасайды

  • Сілтемелер мен ресурстар

 

 Ақпарат:

 http://micromed.pro/articles/krovi-lyagushki-pod-mikroskopom.html

 

 https://micromed.pro/articles/krovi-lyagushki-pod-mikroskopom.html

 

 Тейлор, Грин, Стаут. Биология

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D3%99%D1%80%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96_%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу