Шеңбердің теңдеуі. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 5 сабақ.


«Түзудіңдің теңдеуі»

тақырыбын оқытуға әдістемелік нұсқаулық

Оқу мақсаты

8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ;

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

түзудің жалпы теңдеуі және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдана алу.

Бағалау критрийлері

Оқушылар

біледі:

  • көлбеу арқылы түзудің теңдеуін жаза алу керек;
  • екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жаза алу керек;
  • түзу теңдеуі берілсе, оның координата остьерін қандай нүктелерді қиып өтетінін көрсете алу керек.

қолдана алады:

есептер шығару кезінде.

Сабақ барысы

Сабақтың басы (5 минут)

Сабақты белсендендіру.

Үй тапсырмасын тексеруден бастаймыз. Өткен сабақта үйге берілген тапсырманы слайд бойынша жылдам тексеріп өтеміз.

Үй жұмысы (№ 1-2 слайд)

Центрі С болатын шеңбердің теңдеуі берілген:

  • Центр мен радиусты табыңыз. [2]
  • Шеңбер Ох осімен А және В нүктелерінде қиылысыады. Сол нүктелердің координаталарын табыңыз. [2]

с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.[2]

Ұжымдық жұмыс. Жаңа сабақ (10 минут)

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырыыңыз. Содан кейін «Жадыдағы жаңғырту»айдарымен аталатын қайталау жұмысын жасаңыз, түсіндіре отырып. Бұл жаңа сабақты игруге негіз болады.

Әр айтылған ережеге дәл мысалдар келтіре отырып түсіндірген абзал. Оқушылардың сабақты мұқият тыңдауына назар аударыңыз, сөйтіп дәрісті практикалық жұмыспен жалғастырыңыз. Оқушыларға негізгі формулалар жазылған таратпаны үлестіріп беріңіз. «Қосымша 1»

Қосымша 1

Тақырып бойынша қысқаша анықтамалықтар

Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер (20 минут)

Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 2» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген №1-8 есептерді оқушылар өз жұптарымен орындайды, талқылайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады. «Жұптық жұмыстың» жауаптары cлайдтарда беріледі. Оларды тапсырмаларды орындап болғасын салыстырамыз.

Қосымша 2

Тақырып бойынша есептер

Берілгені

Дескриптор

Шешуі

№ 1 есеп

Сурет бойынша түзудің теңдеуін жазыңыз.

  • Бұрыштық коэффициентті (көлбеуді) табу
  • Формуланы қолдану
  • Түзу бойындағы нүктені анықтау
  • Формулаға қою
  • Теңдеуді ықшам түрге келтіру

Жауабы № 15 слайд

№ 2 есеп

F(-2; 3) нүктесін басып өтетін бұрыштық коэффициенті болатын түзудің теңдеуін жазыңыз.

  • Формуланы білу
  • Формулаға қою (қолдану)
  • Теңдеуді ықшам түрге келтіру

Жауабы № 16 слайд

№ 3 есеп

Координаттары А(5; –8) және В(–3; 0) нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазыңдар

  • Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін білу
  • Формулаға қолдану
  • Жауабын жазу

Жауабы № 17 слайд

№ 4 есеп

A(-1; 4) және B(5; 8) нүктелері арқылы өтетін түзудің бұрыштық коэффициентін табу.

  •  Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін білу
  •  Формула қолдану
  •  Коэффицентті көрсету

Жауабы № 18 слайд

№ 5 есеп

Көлбеулік бұрышы -2, Оу осімен қиылысуы (0,6) нүктеден өтетін түзудің теңдеуін жазыңыз.

  • Формуланы білу
  • Формулаға қолдану

Жауабы № 19 слайд

№ 6 есеп

Бұрыштық коэффициенті 4 және (3,-2) нүктесінен өтетін түзудің теңдеуін жазыңыз

  • Формуланы білу
  • Формулаға қолдану

Жауабы № 20 слайд

№ 7 есеп

(-2,3) және (3,8) нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазыңдар

  • Формуланы білу
  • Формулаға қолдану
  • Жауапты дұрыс жазу

Жауабы № 21 слайд

№ 8 есеп

A(–1; 1) және B(1; 0) нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін тап.

  • Формуланы білу
  • Формулаға қолдану
  • Жауапты дұрыс жазу

Жауабы № 22 слайд

Сабақтың соңы (5 минут)

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Нені білдім, нені үйрендім?
  • Нені толық түсінбедім?
  • Немен жұмысты жалғастыру қажет?
  • Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?

Сонымен, бүгінгі сабақта «Түзудің теңдеуі»тақырыбын өттік. Сонымен қатар, екі нүктенің координатасы белгілі болған жағдайдағы, түзуге тиісті нүкте мен көлбеулік бұрыш белгілі болғандағы жағдайларын әр қырынан қарастырдық. Есеп шығаруға машықтандық. Келесі сабақта «Жазықтықтағы координаталар әдісі» тарауындағы барлық өткен тақырыптарға формативті бағалау жұмысын алатын боламыз. Сондықтан өткен материалдарды қайталап келу үй тапсырмасы болып саналады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу