Үшбұрыштың ауданы. Есептерді шығару. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3А Аудан

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштың ауданы. Есептерді шығару

Сабақтың түрі

Үшбұрыштың ауданын есептеу білімдерін бекіту, біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.12 Үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

( және Герон формуласы)

 Сабақ мақсаттары

- үшбұрыштың ауданы формулаларын білу;

- есептерді шешуде үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларын қолдану.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар :

  • үшбұрыштың ауданын есептеу формулаларын білу және қолдану;

қолданбалы есептерді шешуде үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларын қолдану;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

– фигуралардың ауданының формулаларын ауызша тұжырымдайды;

– формулаларды түсінуін тексеру үшін сұрақтар қоюды;

–фигуралардың ауданын қорытып шығару формулаларына түсініктеме береді.

Оқушылар фигураның ауданын табуға арналған есептерде қолданатын терминдерді біледі (ауданы, фигураның табаны, биіктігі, қабырғаларының ұзындығы, периметрі, бұрышының синусы, диагоналы және т.б.) туралы мәселелерді шешуде қолданылатын терминдерді біледі,Осы терминдерді қолдану арқылы оқушылар есепт шығаруда өздерінің шешімдеріне түсініктеме береді, өз шешімдерін дәлелдейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • үшбұрыштың /квадраттың/ тікбұрышты үшбұрыштың / параллелограммның/ромбтың/трапецияның ауданын табу үшін...
  • үшбұрыштың ауданын есептеу үшін, .... керек
  • формуланы қолдану үшін …. керек

Егер квадраттың қабырғасын k рет кішірейтсе, онда оның ауданы …

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзара сыйластық, бірлестік, өмірмен байланысты есептерді шығару барысында қоршаған ортадағы түрлендірулерді түсінеді;

Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асады;

 Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы есептерді шешу арқылы экономикамен байланыс жүргізіледі.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны көрнекі құралы және жазу құралы ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Үшбұрыштың және төртбұрыштың түрлерін тану қабілеті. Квадраттың және тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану мүмкіндігі. Үшбұрыштың ауданын есептеу формулаларын білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың басында төмендегілерге назар аударылады:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру;

- Оқушылармен бірге сабақтың/ оқытудың мақсаттарын анықтау;

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

5 мин

15 мин

Теориялық материалды қайталау.

Мұғалім оқушыларға үшбұрыштың ауданын есептеуде, қолданылатын негізгі формулаларын еске түсіруге, көпбұрыштың негізгі қасиеттерін тұжырымдауды еске түсіруге шақырады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді,бір-бірін толықтырады. Суреттер мен формулалармен слайд ретінде көрсету, материалды визуалды қабылдауға ықпал етеді.

Дайын сызбалар негізінде есептерді шешу.

Жұпта жұмыс жасау.

Оқушылар тапсырмаларды жұппен орындайды, шешімдерді талқылайды, бір-біріне кеңес береді. Тапсырмаларды аяқтағаннан кейін, оқушылардың жұбы арасында өзара тексеру жүргізіледі.Мұғалім оқушылардың жұмыстарына түсініктеме береді, қажет болған жағдайда көмектеседі, тақтада дұрыс шешімдерді көрсетеді.

Қолданбалы есептерді шешу.

а) Суретті қолданып, <O=90 болатын ОРН үшбұрышынан пирамиданың

апофемасын 0,001 м дәлдігімен тап.

ә) Пирамиданы салу үшін неше квадрат метр шыны қажет болды?

Мұғалім оқушылармен бірге үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулаларды қолдана отырып, қолданбалы есепті шығарады.

Есептерді шешу. Өздік жұмыс.

  • №1. Қабырғалары 17 м және 28 м болатын

үшбұрыштың ауданы 210 кв.м- ге тең.

Үшінші қабырғасын табыңыз.

  • №2. Ауданы 1170 кв. м болатын герондық

үшбұрыштың қабырғалары тізбектес бүтін сандар болып табылады. Осы үшбұрыштың периметрін табыңыз.

  • №3. Егер үшбұрыштың ауданы 100 кв.см болса, онда 23см және 41 см болатын қабырғаларының арасындағы бұрыш қандай болуы мүмкін?

Әрбір оқушы үшбұрыш ауданын табуға арналған формулаларды қолдануға арналған есепті жеке дара шешеді. Алдын ала белгіленген уақыт өткеннен кейін, мұғалім типтік қателерді талдау мен бағалау үшін жұмыстарды жинап, тексереді.

слайд 1-6

Қосымша №1

слайд 7-9

Э.Н.Балаян «Задачи на готовых чертежах»

Қосымша №2

Слайд 10

Математика НЗМ-8 оқулығы

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Мен не білдім, не үйрендім?

- Не түсініксіз болып қалды?

- Қандай бағытта жұмыс жасау керек?

Үй жұмысы: № 6.183

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмаларды таңдау кезінде жүргізіледі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптастарына көмектеседі. Қалыптастырушы бағалау кезінде оларға басқа нұсқаның есептері беріледі.

Сабақта өзара бағалау, өзін-өзі бағалау жүзеге асады. Мұғалім қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетеді.

Сынып сабақ алдында желдетіледі. Оқушылар сабақ бойы іс-әрекет түрлерін ауыстырып отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу